Главное Маңызды
25 окт. 2026, 09:58
409
Главный тренер «Кызылжара» Виталий Жуковский прокомментировал матч 29-го тура Премьер-лиги против «Улытау» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
25 окт. 2026, 09:40
940
Главный тренер «Ордабасы» Андрей Мартин дал комментарий после матча 29-го тура Премьер-лиги против «Жениса» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
25 окт. 2026, 09:15
321
Ассистент главного тренера «Жениса» Антон Чичулин прокомментировал матч 29-го тура Премьер-лиги против «Ордабасы» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу столичного клуба:
24 окт. 2026, 23:03
1275
Главный тренер «Тобыла» Мирослав Ромащенко прокомментировал матч 29-го тура Премьер-лиги против «Жетысу» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
24 окт. 2026, 22:46
948
Главный тренер «Жетысу» Кайрат Нурдаулетов прокомментировал матч 29-го тура Премьер-лиги против «Тобыла» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:

Талғат Байсуфинов: "Черногория құрамасын тығырыққа тіреуге дайынбыз"

07 окт. 2016, 21:19 | 1663
Черногория - Қазақстан құрамалары арасындағы кездесудің алдында Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфиновтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

— Ертеңгі ойынға футболшылардың дайындығы қандай деңгейде?

— Черногория құрамасын толығымен зерттедік. Ертең матчта не боларын көреміз. Толық зерттеп, жинаған материалдарымызды футболшыларға көрсеттік. Футболшылар барлығын түсініп отыр. Қарсыласты бес саусақтай біледі десек болады. Команда болып сол алға қойған мақсатымызды орындап шықсақ болар еді.  

— Жанкүйерлер тілегі жеңіске жету болып тұр. Қазақстандағы көрермендерге не айтасыз?

— Жанкүйерлер түгел тосып отыр. Біз де жай келген жоқпыз. Бізге жеңіс керек. Ауылдан ат терлетіп келдік, енді абыроймен ойнап шығып, қорғаныста тұрып алмай, қорықпай ойнаймыз. Бірақ, бет алды шабуылға да шыға бермей, қорғанысты ойлауымыз керек.

— Черноргия мен Румынияға қарсы ойындарға футболшыларды қалай таңдадыңыз? Мысалы, Самат Отарбаев бір ойында 5 гол жіберді. Ал, қорғаушы Александр Кислициннің соңғы кездері ойын тәжірибиесі жоқ. 

— Бұл ойындарда біз "ұжым" деген сөзді жоғалтпауымыз керек. Айбар Нұрыбеков секілді жастарды шақырдық. Жастар құрамасының Англиямен маңызды кездесуі болғаннан кейін, біз 2-3 ойыншыны шақыра алмадық. Әйтпесе, Вахид Масудовпен сөйлесіп, келіскен болатынбыз. Ол жақта Ұлттық құрамада ойнай алатын, дайын футболшылар бар. Кислицын ойын тәжірибиесінен айырылғанымен мен оған қоңырау шалып, жеке жаттығу жаса деп тапсырма бердім. Ал, қақпашылардың үшеуі де ішкі чемпионатта керемет өнер көрсетіп жүргендер. Ең бастысы, олар физикалық тұрғыда дайын. "Оқжетпестегі" клубтың ішкі жағдайына мен аса қатты араласпаймын. Кислицын бізге осы уақытта қатты қажет. 

— Қазақстан құрамасының топтан шығатын мүмкіндігі қандай?

— Бірінші турдан кейін біздің топтағы командаларлың барлығында финалдық кезеңге шығатын тең мүмкіндік бар.

— Черногория құрамасы жайлы не айтасыз?

— Балқан түбегінің көптеген командалары секілді, өте салмақты, жақсы команда десем болады. Бұл командамен ойнау арқылы біз керекті тәжірибиеге қол жеткіземіз деп ойлаймын.

Ермұхамед МӘУЛЕН 

Турнирная таблица Турнирлік кесте
№ Команда И М О
1 Ордабасы 29 59-21 68
2 Қайрат 28 57-20 63
3 Астана 28 46-29 52
4 Оқжетпес 29 45-37 51
5 Ақтөбе 28 42-35 45
6 Елімай 28 40-38 44
7 Тобыл 29 40-39 41
8 Ұлытау 29 27-35 35
9 Жеңіс 29 30-39 33
10 Каспий 29 31-42 33
11 Қызылжар 29 29-41 30
12 Атырау 28 22-32 27
13 Алтай 28 28-39 26
14 Ертіс 28 26-42 26
15 Жетісу 29 29-47 26
16 Қайсар 28 24-39 24
Футболист недели Апта үздігі
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Нападающий Шабуылшы
28
Поиск по сайту
Наверх