Главное Маңызды
25 окт. 2026, 09:58
366
Главный тренер «Кызылжара» Виталий Жуковский прокомментировал матч 29-го тура Премьер-лиги против «Улытау» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
25 окт. 2026, 09:40
828
Главный тренер «Ордабасы» Андрей Мартин дал комментарий после матча 29-го тура Премьер-лиги против «Жениса» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
25 окт. 2026, 09:15
287
Ассистент главного тренера «Жениса» Антон Чичулин прокомментировал матч 29-го тура Премьер-лиги против «Ордабасы» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу столичного клуба:
24 окт. 2026, 23:03
1228
Главный тренер «Тобыла» Мирослав Ромащенко прокомментировал матч 29-го тура Премьер-лиги против «Жетысу» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
24 окт. 2026, 22:46
912
Главный тренер «Жетысу» Кайрат Нурдаулетов прокомментировал матч 29-го тура Премьер-лиги против «Тобыла» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:

Талғат Байсуфинов: "Ойын екінші таймда бүлінді"

09 окт. 2016, 00:08 | 1670
Черногория - Қазақстан - 5:0 ойынынан кейін Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері журналистерге сұқбат берді:

– Бірінші таймда стандарттан бір гол жіберіп алдық. Алғашқы тайм солай аяқталды. Ойын басында қарсылас сондай бір керемет басымдылық танытпады. Ойын екінші таймда бүлінді. 

– Футболшылардың сылбыр қимылдауының сыры неде?

– Келген кезде жаңбыр жауып, толыққанды мықты жаттығу жасай алмадық. Көп ойыншымыз жарақаты мен сары қағаздарының кесірінен ойнамады. Келесі матчқа біз Мақсат Байжанов пен Елдос Ахметовты шығарамыз. Ал, бірнеше ойыншыға біз демалыс бердік. Себебі, чемпионаттан қатты шаршап келіп отыр. Бізде қазір біріншілік аяқталуға жақын. Футболшылар түгел бір маусым бойы жұмыс істеді. Ал, қарсылас команда сапындағы футболшылардың бойлары ұзын, дене-тұрқылары мығым келгенін байқадыңыздар. Олар барлығы Еуропада өнер көрсетіп жүрген футблолшылар.

– Футбол соғыстан кем емес. Біздің мәселе ауа-райында емес, допта емес, жаттығуда емес секілді. Барлығы ерке бала секілді жүр. Психологиялық тұрғыда футболшыларымыз нашар көрінді деп ойламайсыз ба?

– Ойын барысындағы нәтиже өте төмен болғаннан кейін, аяқдопшылар психологиялық тұрғыда нашарлап кетеді. Команданың тәжірибиесіздігі деген сол. Әр ойыншымен психологиялық әңгімелер жүргізіп жүрміз. Бірақ, футбол менталитеті қалыптасып үлгермеген шығар. Кәдімгідей жұлқынып, керемет бір ойын ойнаса, келесі матчта көбісі солғын жүреді. Мұның сырын біз тағы да анықтайтын боламыз.  

– Бауыржан Исламханды алмастыруыңыздың себебі неде?

– Бауыржанды негізі ойынға шығармауымыз да мүмкін еді. Ол қазір қатты шаршап жүр, оның үстіне аздаған жарақаты бар. Капитан қылып, оған сендік. Бірақ, жас жігіт қой, өзінің бір ойынын таба алмай қалса қатты қобалжып кетеді. Темір жүйке жетіспейді.

– Жасыл алаңның да кері әсері тиді ме?

– Қазақстанда футболшылар мүлде басқа алаңда ойнайды. Мұнда доп жылдам жүреді. Біз шамасы үйренісіп үлгермедік те. Доп жылдам қимылдайтын, шөбі төмен қырқылған алаң екен. Ойын жылдам жүргендіктен футболшыларымыз допты игеруде біраз уақыт жоғалтты. Енді олар кәсіпқой футболшылар ғой. Үйренісіп үлгерулері керек еді. Жасыл алаңның сапасына біз ештеңені жаба салмаймыз. Барлығына өзіміз кінәліміз. Әр жерде жасыл алаң әр түрлі.

– Енді Румынияға қарсы ойынға дейін футболшылар қалпына келіп үлгере ала ма?

– Біз қазір сабырға келуіміз керек. Кішкене тынығып, мына матчты ұмытуға тырысайық. Жіберген қателіктерді көрсетіп, сабақ жүргіземіз. Мұндай жағдайда онсызда бастары салбырап отырған ойыншыларға қатты ұрысудан ештеңе таппаймыз. Олар да етпен сүйектен жаралған адамдар ғой. 

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
№ Команда И М О
1 Ордабасы 29 59-21 68
2 Қайрат 28 57-20 63
3 Астана 28 46-29 52
4 Оқжетпес 29 45-37 51
5 Ақтөбе 28 42-35 45
6 Елімай 28 40-38 44
7 Тобыл 29 40-39 41
8 Ұлытау 29 27-35 35
9 Жеңіс 29 30-39 33
10 Каспий 29 31-42 33
11 Қызылжар 29 29-41 30
12 Атырау 28 22-32 27
13 Алтай 28 28-39 26
14 Ертіс 28 26-42 26
15 Жетісу 29 29-47 26
16 Қайсар 28 24-39 24
Футболист недели Апта үздігі
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Нападающий Шабуылшы
28
Поиск по сайту
Наверх