Главное Маңызды
02 мая 2026, 21:20
830
Главный тренер «Иртыша» Кирилл Альшевский прокомментировал матч восьмого тура Премьер-лиги против «Кайрата» (0:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
02 мая 2026, 20:34
1822
Главный тренер «Кайрата» Рафаэль Уразбахтин прокомментировал матч восьмого тура Премьер-лиги против «Иртыша» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz:
02 мая 2026, 19:48
895
Главный тренер «Окжетпеса» Ринат Алюетов прокомментировал матч восьмого тура Премьер-лиги против «Кызылжара» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
02 мая 2026, 19:14
2138
Главный тренер «Кызылжара» Милич Чурчич прокомментировал матч восьмого тура Премьер-лиги против «Окжетпеса» (0:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
02 мая 2026, 09:09
2060
Главный тренер «Каспия» Ерлан Шойтымов прокомментировал матч 1/8 финала Кубка Казахстана против «Ордабасы» (0:3), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:

УЕФА коэффиценті. Қазақстан қанша ұпай жинады?

26 дек. 2015, 17:03 | 2387
Қазақстан футбол клубтары үшін Еуропа алаңдарындағы бәсеке аяқталды. Соңғы болып «Кәртамыс құрлық» додасында елорданың «Астана» клубы өнер көрсеткенін жақсы білесіздер. Бұл ұжымнан басқа биыл еуроареналарда ел намысын «Қайрат», «Ақтөбе» және «Ордабасы» клубтары қорғады. Осы төрт ұжым жабыла жүріп биыл Қазақстанға УЕФА коэффицентінде қанша ұпай алып берді? «ҚазФутбол» порталының тілшісі бұл материалда осы сұрақтың басын ашып көретін болады.

Біз алдымен Еуропа алаңдарында «Қазақстан қанша ұпай алды?» деген сұрақтан бұрын, «УЕФА коэффиенті қалай үлестіріледі?» деген мәселені ашып алайық. Еуропа футбол қауымдастығының аясында орналасқан елдер үшін УЕФА-ның ұпайы келесідей таратылады:

  • Іріктеу кезеңдері: жеңіс-1 ұпай, тең ойын -0,5 ұпай, жеңіліс – 0;
  • Негізгі кезең(топтық, плей-офф кезеңі): жеңіс – 2 ұпай, тең ойын – 1 ұпай, жеңіліс – 0;
  • ЧЛ-ның топтық кезеңіне шыққан елге 4 қосымша ұпай;
  • ЧЛ-ның 1/8 финалға 5 қосымша ұпай;
  • ЧЛ-ның 1/4, 1/2 және финалына сонымен қатар ЕЛ-ның финалына қосымша 1 ұпай.

Командалар Еуропадағы клубтық додаларды аяқтаған соң, әр елдің «маусымдық коэффиценті» есепке алынады. Есептелген коэффиценттерді (қосымша ұпаймен бірге) сол елдің атынан неше клуб өнер көрсетсе, сол санға бөледі.

Енді біз биылғы жылғы Қазақстан клубтарының жинаған ұпайларын санамалап көрейік. Сөзсіз, биыл бізге ең көп ұпайды «Астана» алып берді. «Мариборды» өз алаңында жеңгені үшін 1 ұпай, «ХИК» пен «АПОЭЛ» ұжымдарын бір рет жеңіп, бір рет тең түскені үшін 1,5 ұпайдан, «Галатасараймен» екі мәрте тең ойнап 2 ұпай, «Атлетико» және «Бенфика» ұжымдарымен тең түсіп тағы 2 ұпай алды. 

Одан бөлек, «Астанаға» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жеткені үшін қосымша 4 ұпай берілді. Сөйтіп, Станимир Стойлов шәкірттері 2014/15 маусымда Қазақстан қоржынына салған ұпайы 12-ге тең келеді. 

Алматының «Қайраты» биыл Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне дейін жеткені белгілі. Осы кезеңге дейін Владимир Вайсстың шәкірттері 8 ойын өткізді. Оның бесеуінде жеңіске жетіп, 1 кездесуде тең түсіп, 2 матчта жеңілген ұжым Қазақстан қоржынына 5,5 ұпай сыйлады.

Ал, Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінен аса алмаған «Ақтөбе» мен «Ордабасы» клубтары 0,5 ұпайдан жинады.

Осылайша биыл Қазақстандық төрт клуб бас-аяғы 18,5 ұпай еншіледі. Жоғарыда көрсеткеніміздей бұл ұпайларды енді сол 4 клубқа бөлу қажет. Сонда 4,625 ұпай шығады. Бұл біздің биылғы көрсеткішіміз.

Мұнша ұпаймен Қазақстан УЕФА коэффиценттер көрсеткішінде әзірше 28-ші орында тұр. Әзірше деп айтуымыз да жай емес. Себебі, бізден төмен тұрған кейбір елдердің клубтары әлі де болса Еуропа алаңдарында өнер көрсетіп жатыр. Сол командалар жорығын аяқтаған кезде, кестедегі көрсеткіштер тағы да өзгеруі мүмкін.

Уалихан Қосанбай

фотолар "Астана" және "Қайрат" футбол клубтарының сайттарынан алынды

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 8 12-3 18
2 Ордабасы 7 12-6 15
3 Оқжетпес 8 12-8 15
4 Елімай 7 12-7 13
5 Астана 7 11-9 12
6 Жетісу 8 9-9 12
7 Қызылжар 8 10-7 11
8 Ұлытау 7 7-7 11
9 Ақтөбе 7 8-8 10
10 Атырау 7 5-5 7
11 Жеңіс 7 3-8 7
12 Ертіс 8 8-11 6
13 Қайсар 8 4-8 6
14 Тобыл 7 7-13 5
15 Алтай 7 3-6 4
16 Каспий 7 3-11 1
Футболист недели Апта үздігі
Жорже Габриэл Кошта Монтейру
Жорже Габриэл Кошта Монтейру
Жорже Габриэл Кошта Монтейру
Жорже Габриэл Кошта Монтейру
Нападающий Шабуылшы
7
Поиск по сайту
Наверх