Главное Маңызды
25 окт. 2026, 09:58
142
Главный тренер «Кызылжара» Виталий Жуковский прокомментировал матч 29-го тура Премьер-лиги против «Улытау» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
25 окт. 2026, 09:40
495
Главный тренер «Ордабасы» Андрей Мартин дал комментарий после матча 29-го тура Премьер-лиги против «Жениса» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
25 окт. 2026, 09:15
180
Ассистент главного тренера «Жениса» Антон Чичулин прокомментировал матч 29-го тура Премьер-лиги против «Ордабасы» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу столичного клуба:
24 окт. 2026, 23:03
1069
Главный тренер «Тобыла» Мирослав Ромащенко прокомментировал матч 29-го тура Премьер-лиги против «Жетысу» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
24 окт. 2026, 22:46
789
Главный тренер «Жетысу» Кайрат Нурдаулетов прокомментировал матч 29-го тура Премьер-лиги против «Тобыла» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:

Елдос Ахметов: "Астана-Арена" біз үшін құтты стадионға айналып келе жатқан секілді"

12 окт. 2016, 03:40 | 1439
Қазақстан – Румыния (0:0) ойынынан кейін KazFootball.kz порталының тілшісі қорғаушы Елдос Ахметовпен тілдескен еді.

– Елдос, ойын жайлы ойыңызды айтсаңыз?

– Матч негізі өте ауыр өтті. Біз қолдан келгеннің бәрін жасадық. Бапкер қойған тапсырманың біршамасын орындадық. Допқа көп иелік еттік. Қос қаптал арқылы қыспаққа алдық. Румындардың да осал қарсылас емес екендігін білесіздер. Дегенмен, өз алаңымызда басымдылық көрсеттік.

– Нәтиже жайлы не айтасыз? Бір ұпай қоржынға түсті ғой...

– Біздің көңілімізді жабырқатып тұрған сол нәтиже. Жеңіс үшін ойнадық. Черногориядан кейін тек қана жеңіске жетеміз деп шықтық. Жанкүйерлерден кешірім сұрағымыз келді. Олар бүгін де бізді күннің суығына қарамастан қолдап отырды. Бірінші таймда мүмкіндікті жіберіп алдық. Сосын ойынның соңғы 10 минутында гол соғатын тамаша 2-3 мүмкіндік болды. Соғуымыз керек еді. Сәл жетпеді.

– Қорғаныста өте сауатты ойнадыңыз. Соңында бұрынғы алған жарақатыңыз сыр берсе де, соңына дейін ойнап шықтыңыз ғой деймін.

– Мен Черногориямен болған ойынға қатыспадым. 2-3 күн кішкене тынықтым. Мына матчта барымды саламын деп шықтым. Жалпы әріптестерімнің барлығы да шабыттанып ойнады ғой. Жеңісті жұлып кеткіміз келді. Сондықтан, жарақатымды ойлайтын уақыт болмады. Соңына дейін шыдағым келді. Ұлттық құраманың ойыны болған соң, күллі қазақстандық жанкүйер алдында соңына дейін ойнамасақ, несіне жүрміз?!

– Соңғы кезде Қазақстан Ұлттық құрамасы стандарттық жағдайларды аз орындап жүр. Небәрі екі ғана бұрыштама беріппіз.

– Бұл енді бапкердің тактикасы. Бізге қандай ұстаным береді, біз соған жүгінеміз. Көбінесе жерлете пастар беріп, комбинациялық ойын көрсеткіміз келді. Ал, матч соңында стандартқа да жүгіндік. Сәл сәттілік жолдас болғанда кім біледі, сол стандарттың бірінен гол да соғып кетер ме едік?! Бірақ, осы бір ұпайға да шүкір дейік. Себебі, румындар да бір гол соғып кетулері мүмкін еді.

– «Астана» командасы секілді Қазақстан құрамасы да «Астана-Аренада» жеңілмейтін болып келеді байқасаңыз. Бұл ненің белгісі болуы мүмкін.

– Бұл стадионның өзінің бір сиқыры бар. Қазақстандық футболшыларға жағады. Ал, сырттан келгендер сасқалақтайды. «Астана» командасы бұл жерде еурокубоктық ойындарда ұтылмайтын командаға айналды. Лайым солардың жолын құрамаға да берсінші. Өз алаңда жеңілген деген футболшылар үшін өте ауыр соққы. Мен негізі ырымға сене беретін адам емеспін. Бірақ, «Астана-Арена» біз үшін құтты стадионға айналып келе жатқан секілді.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
№ Команда И М О
1 Ордабасы 29 59-21 68
2 Қайрат 28 57-20 63
3 Астана 28 46-29 52
4 Оқжетпес 29 45-37 51
5 Ақтөбе 28 42-35 45
6 Елімай 28 40-38 44
7 Тобыл 29 40-39 41
8 Ұлытау 29 27-35 35
9 Жеңіс 29 30-39 33
10 Каспий 29 31-42 33
11 Қызылжар 29 29-41 30
12 Атырау 28 22-32 27
13 Алтай 28 28-39 26
14 Ертіс 28 26-42 26
15 Жетісу 29 29-47 26
16 Қайсар 28 24-39 24
Футболист недели Апта үздігі
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Нападающий Шабуылшы
28
Поиск по сайту
Наверх