30-тур қорытындысы: 43 сары, 2 қызыл қағаз
30-шы турдың ең дөрекі ойыны Шымкентте тіркелді. Қола жүлде үшін қызу талас жүргізіп жатқан "Ордабасы" мен "Ертіс" арасындағы кездесуде 9 сары қағаз көрсетілді. Ал, ойын аяқталған сәтте қарағандылық қазы Артем Кучин екінші сары қағазды көрсетіп, алаңнан қонақтардың қорғаушысы Семир Керланы қуды.
"Жетісу" мен "Тараз" арасындағы ойында да 9 сары қағаз тіркелді. Абырой болғанда бұл ойында ешкім қызыл қағаз алмады.
Қостанайда өткен "Тобыл" мен "Ақжайық" арасындағы кездесуде 8 сары қағаз тіркеліпті. Одан бөлек, бұл матчтың 54-ші минутында алаң иелерінің капитаны Нұрбол Жұмасқалиев қызыл қағаз алды.
"Атырау" — "Шахтер" және "Ақтөбе" — "Оқжетпес" клубтары арасындағы ойында 6 сары қағаз көрсетілсе, "Қайрат" — "Астана" арасындағы ойында 5 сары қағаз болды.
| № | Команда | И | М | О |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Ордабасы | 30 | 59-23 | 68 |
| 2 | Қайрат | 30 | 60-23 | 65 |
| 3 | Астана | 30 | 48-31 | 54 |
| 4 | Оқжетпес | 30 | 49-38 | 54 |
| 5 | Ақтөбе | 30 | 47-39 | 49 |
| 6 | Елімай | 30 | 43-44 | 45 |
| 7 | Тобыл | 30 | 42-42 | 41 |
| 8 | Жеңіс | 30 | 32-40 | 36 |
| 9 | Ұлытау | 30 | 27-38 | 35 |
| 10 | Қызылжар | 30 | 31-42 | 33 |
| 11 | Каспий | 30 | 32-44 | 33 |
| 12 | Ертіс | 30 | 31-44 | 32 |
| 13 | Атырау | 30 | 27-35 | 30 |
| 14 | Алтай | 30 | 31-42 | 28 |
| 15 | Жетісу | 30 | 31-49 | 27 |
| 16 | Қайсар | 30 | 25-41 | 25 |