Главное Маңызды
26 апр. 2026, 09:47
2
Главный тренер «Ордабасы» Андрей Мартин прокомментировал матч седьмого тура Премьер-лиги против «Кызылжара» (2:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
25 апр. 2026, 19:59
2053
Главный тренер «Окжетпеса» Ринат Алюетов прокомментировал матч седьмого тура Премьер-лиги против «Кайсара» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
23 апр. 2026, 12:38
2211
KazFootball.kz предлагает вашему вниманию бомбардиров Премьер-лиги по футзалу после 40-го тура.
21 апр. 2026, 09:56
1018
Главный тренер петропавловского «Кызылжара» Милич Чурчич прокомментировал матч шестого тура Премьер-лиги против «Атырау» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
21 апр. 2026, 09:30
1808
Главный тренер «Улытау» Нуркен Мазбаев прокомментировал матч шестого тура Премьер-лиги против «Тобола» (2:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:

Алмат Бекбаев: "Кешегі матчта өз ойыныма көңілім толмады"

17 окт. 2016, 21:10 | 1082
"Ордабасы" футбол клубының қақпашысы Алмат Бекбаев "Ертіс" клубына (3:3) қарсы кездесуден кейін KazFootball.kz порталының тілшісіне сұқбат беріп, ойын туралы өз ойымен бөліскен еді:

— Алмат, кешегі матч туралы өз ойыңызды айтсаңыз...

— «Ертіске» қарсы кездесу біз күткендей қиын болды. Біз ойынға бірден еніп кете алмадық. Сол себепті де екі гол жібердік. 0:2 есебімен жеңіліп тұрғанда жігіттер шамалы өз-өздерін жоғалтып алды. Бірақ, бірінші таймның ортасынан кейін өз-өзімізге келіп, есепті теңестірдік.

— Бірінші таймда «Ордабасының» орталық қорғаушылары оңбай қателесіп жатты. Сол сәттерде әріптестеріңізге ескерту жасаған шығарсыз.

— Иә. Бірінші кезекте өз-өздеріне келуін сұрадым. Біздің орталық қорғаушыларымыз негізі жарақатпен ойнады. Сондықтан, кейбір сәттерде қарсылас ойыншыларынан қалып қойып жатты. Үзіліс кезінде бапкер де қателіктерімізді айтып, асықпай ойнауымызды сұрады. Негізі кешегі матчта мен өзімнің ойыныма да көңілім толмады. Қателіктер жібердім. Сол үшін жанкүйерлерден кешірім сұраймын.

— Екінші таймда да қорғаныста қателік көп жасадыңыздар. Мысалы, Гетериевтің допты қақпа бағанына тигізген сәтінде, Лидің сізбен бетпе-бет қалып кеткен сәттерінде. Мұның себебі неде?

— Есеп 2:2 болған кезде біз алға ұмтылып, үшінші голды соғуға тырыстық. Шабулда көп болдық. Бапкердің тактикасы бойынша бір орталық қорғаушымыз шабуылға көп қосылды. Сондықтан, «Ертіс» ойыншылары жылдам қарсы шабуылға шығып кетіп жатты.

— Үшінші голды жібергенде есепті теңестіретіндеріңізге сендіңіз бе?

— 2:3 болып тұрған кезде бізде жоғалтатын ештеме болмады. Шегінетін жол жоқ еді. Оны команда ойыншыларының барлығы да түсінді. Тек асықпай ойнау керек еді. Абырой болғанда соңғы минуттарда есепті теңестірдік.

— Ойыннан кейін жанкүйерлердің көбісі төрешілердің бүйрегі Сіздерге бұрып тұрды деген пікірде болды. Сіз бұл туралы не айта аласыз?

— Төрешілердің жұмысы туралы айтқым келмейді негізі. Бізге бүйрегі бұрған сәтті байқамадым. Егер расымен бізге бүйрегін бұрса, Пиралы Алиевті алаңнан қуу керек еді ғой. Ол бірнеше мәрте дөрекі ойнады. Жанкүйерлер екі пенальтиден кейін солай айтып жатқан шығар. Бірақ, мен ол сәттерді қайталап көрдім. Менің ойымша, пенальти орынды болды.

— Алда соңғы екі тур қалды. Сіздер «Оқжетпеспен» сырт алңда және үйде «Ақтөбемен» ойнайсыздар. Ал, «Ертіс» «Қайрат» және «Астана» командаларын қабылдайды. Салыстырмалы түрде қола алу үшін Сіздердің мүмкіндіктеріңіз көп сияқты ...

— Ауызша айту оңай ғой. Бірақ, не боларын жасыл алаң ғана көрсетеді. Иә, салыстырмалы түрде «Ертістің» қарсыластары мықты. Оның үстіне келесі ойында павлодарлық команда сапынан Керла, Ли, Ахметов секілді негізгі құрамның ойыншылары ойнамады. Ал, «Қайратқа» қазір ұпай қатты қажет. Осы жағдайларды ойласақ, біздің қола алу мүмкіндігіміз жоғары.

 «Ордабасының» қола жүлде алады дегенін қанша пайызбен жобалайсыз?

— Футболда болжам жасау қиын. Менің ойымша 70/30. 70 пайыз біздің қола алатын мүмкіндігіміз бар.

Уалихан ҚОСАНБАЙ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Ордабасы 7 12-6 15
2 Қайрат 6 9-1 14
3 Елімай 6 10-5 12
4 Оқжетпес 7 11-8 12
5 Қызылжар 7 10-6 11
6 Ұлытау 6 7-5 11
7 Ақтөбе 7 8-8 10
8 Астана 6 9-8 9
9 Жетісу 6 6-8 8
10 Атырау 6 4-3 7
11 Жеңіс 7 3-8 7
12 Ертіс 7 8-10 6
13 Қайсар 7 3-7 5
14 Алтай 7 3-6 4
15 Тобыл 6 5-12 2
16 Каспий 6 2-9 1
Футболист недели Апта үздігі
Жорже Габриэл Кошта Монтейру
Жорже Габриэл Кошта Монтейру
Жорже Габриэл Кошта Монтейру
Жорже Габриэл Кошта Монтейру
Нападающий Шабуылшы
7
Поиск по сайту
Наверх