Покатилов "Ростовтың" үшінші жаттығу жиындарында жүр
"Ростов" клубы Эстепонадағы (Малаға қаласының маңында) үшінші жаттығу жиындарын 13-ші ақпан күні бастап кеткен. Жиын 28-ші ақпанға дейін созылады. Бұл оқу-жаттығу жиындарына "Ростов" жаңа футболшыларының барлығын алып келген. Оның ішінде Қазақстан Ұлттық құрамасының қақпашысы Стас Покатилов та бар.
Бірақ, Покатиловтың "Ростов" сапында қалу мүмкіндігі әлі де төмен. Өйткені, өткен аптада Ресей футбол одағы Құрбан Бердыев командасына жаңа футболшыларды тіркеуді тоқтата тұру туралы талап қойды. Себебі, команда бұрынғы ойыншысы Неманья Николич алдындағы қарыздарын толық өтемеген.
Дегенмен де, РФО "Ростовқа" сербиялық футболшы алдындағы қарыздарын өтеуге уақыт берген. Егер, осы уақыт аралығында клуб қарыздарын төлесе, қайтадан жаңа футболшыларды тіркеуге жол ашылады. Сол уақытта Покатилов командамен ресми келісім-шарт-жасауы әбден мүмкін. Қазірше Стас "Ростов" сапында жаттығуларын жалғастырып жатыр.
Сурет: vesti.kz
| № | Команда | И | М | О |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Ордабасы | 30 | 59-23 | 68 |
| 2 | Қайрат | 30 | 60-23 | 65 |
| 3 | Астана | 30 | 48-31 | 54 |
| 4 | Оқжетпес | 30 | 49-38 | 54 |
| 5 | Ақтөбе | 30 | 47-39 | 49 |
| 6 | Елімай | 30 | 43-44 | 45 |
| 7 | Тобыл | 30 | 42-42 | 41 |
| 8 | Жеңіс | 30 | 32-40 | 36 |
| 9 | Ұлытау | 30 | 27-38 | 35 |
| 10 | Қызылжар | 30 | 31-42 | 33 |
| 11 | Каспий | 30 | 32-44 | 33 |
| 12 | Ертіс | 30 | 31-44 | 32 |
| 13 | Атырау | 30 | 27-35 | 30 |
| 14 | Алтай | 30 | 31-42 | 28 |
| 15 | Жетісу | 30 | 31-49 | 27 |
| 16 | Қайсар | 30 | 25-41 | 25 |