Главное Маңызды
06 нояб. 2026, 17:40
1343
Главный тренер «Ордабасы» Андрей Мартин поделился ожиданиями от финального матча Кубка Казахстана против «Кайсара», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу KFF League:
06 нояб. 2026, 17:11
1818
Главный тренер «Кайсара» Талгат Байсуфинов поделился ожиданиями от финального матча Кубка Казахстана против «Ордабасы», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
06 нояб. 2026, 09:18
1867
Главный тренер «Аталанты» Маурицио Сарри подвел итоги матча третьего тура общего этапа Лиги Конференций против алматинского «Кайрата» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Football-Italia.net:
06 нояб. 2026, 01:43
2824
Исполняющий обязанности главного тренера алматинского «Кайрата» Жора Арутюнян прокомментировал матч третьего тура общего этапа Лиги Конференций против «Аталанты» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
05 нояб. 2026, 09:30
2038
Исполняющий обязанности главного тренера «Кайрата» Жора Арутюнян поделился ожиданиями от предстоящего матча третьего тура общего этапа Лиги Конференций против итальянской «Аталанты», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Алтынбек Сапаров: "Жетекші футболшылардың жарақаттары команда нәтижесіне әсер етті"

23 окт. 2016, 22:00 | 1495
«Атырау» футбол клубының жартылай қорғаушысы Алтынбек Сапаров командасының сырт алаңдағы "Ақжайыққа" (3:1) қарсы ойын туралы өз ойымен бөлісті.

- «Ақжайықпен» болған ойын өте қиынға соқты. Бірінші таймда бірден екі футболшымыз кездесуді ары қарай жалғастыра алмады. Жарақат алған ойыншылардың көптігіне байланысты негізгі құраммен де шыға алмадық. Енді маусымның соңғы ойынында барымызды салып, жанкүйерлерді қуантамыз деген ойдамын.

— «Ақжайықпен» арадағы текетіресті «батыс дербиі» деп атауға болады. Әдетте, дербиде футболышылар жан алысып, жан берісіп жатады. Алайда, екінші кезеңде оралдықтарға екі рет есе жібердіңіздер...

— «Ақжайық» болсын, басқа команда болсын, біз қашан да алаңға тек жеңіс үшін шығамыз. Шыны керек, «Ақжайық» екінші кезеңде «Атырау» үшін ыңғайсыз қарсылас болды.

— Алғашқы кезеңде «Атырау» аяғына дейін алтыншы орынға таласқанымен, сырт қалды. Мықтылардың арасына іліге алмау команданың ішкі жағдайына қаншалықты әсер етті?

— Соңына дейін арпалыстық. Бірақ, сәттілік серік болмады. Жетекші футболшылардың жарақаттарының салдарынан да біз үшін әрбір ойын психологиялық тұрғыдан ауыр болды.

— Маусым алдында басшылық ұжым алдына қандай мақсат қойды?

— Алдымен, алғашқы алтылықтан орын алып, кейін еурокубокке жолдама алу. Бірақ, ол жүзеге аспады. Ендігі мақсатымыз-Қазақстан Кубогын ұтып, Еуропа Лигасының іріктеу сындарында бақ сынау.

— «Астананы» осы жылы ішкі чемпионатта «Қайрат», «Шахтер» және «Атырау» ғана жеңіпті. Атыраулықтар өзің соққан голдың арқасында жеңіске жетті. Чемпион қақпасына допты тоғытқанда қандай сезімде болдың?

— Иә, ол чемпионаттағы алғашқы добым. Ел чемпионына қарсы ойында мергендік танытқаныма дән риза болдым. Дегенмен, сол сәтте команданың жеңісі жеке басымның жетістігінен гөрі маңызды еді. Қашан да ұжымның нәтижесін жоғары қоямын.

Фараби ӘБДІХАЛЫҚ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
№ Команда И М О
1 Ордабасы 30 59-23 68
2 Қайрат 30 60-23 65
3 Астана 30 48-31 54
4 Оқжетпес 30 49-38 54
5 Ақтөбе 30 47-39 49
6 Елімай 30 43-44 45
7 Тобыл 30 42-42 41
8 Жеңіс 30 32-40 36
9 Ұлытау 30 27-38 35
10 Қызылжар 30 31-42 33
11 Каспий 30 32-44 33
12 Ертіс 30 31-44 32
13 Атырау 30 27-35 30
14 Алтай 30 31-42 28
15 Жетісу 30 31-49 27
16 Қайсар 30 25-41 25
Футболист недели Апта үздігі
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Нападающий Шабуылшы
28
Поиск по сайту
Наверх