Кабананга қытайлық клуб қатарына қосылуы мүмкін
26 дек. 2015, 23:56
|
1958
27-жастағы шабуылшы өзінің чемпиондар лигасындағы сәтті ойындарының арқасында Қытай біріншілігінде өнер көрсететін клубтың қызығушылығын тудырып отыр. Бейресми мәлімет бойынша, бұл футболшыға Чанчунь қаласында орналасқан «Чанчунь Ятай» клубы жақсы ұсыныс жасаған екен.
Дегенмен, Кабананганың елордалық клубпен келісім-шарты 2017-жылдың желтоқсан айында бітеді. Ал, transfermarket.com порталының мәліметі бойынша, ДР Конголық шабуылшының трансферлік нарықтағы бағасы 700 мың фунт стерлингке тең келеді.
Айта кетейік, Жуниор Кабананга «Астана» клубына биылғы жылдың жазында Бельгияның «Серкль Брюгге» клубынан ауысып келген еді.
Сурет: sports.ru
Турнирная таблица
Турнирлік кесте
| № | Команда | И | М | О |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Ордабасы | 26 | 51-18 | 61 |
| 2 | Қайрат | 26 | 51-20 | 57 |
| 3 | Астана | 25 | 42-25 | 48 |
| 4 | Оқжетпес | 26 | 41-35 | 45 |
| 5 | Ақтөбе | 26 | 38-31 | 42 |
| 6 | Елімай | 25 | 35-33 | 38 |
| 7 | Тобыл | 26 | 33-35 | 34 |
| 8 | Жеңіс | 26 | 26-32 | 32 |
| 9 | Ұлытау | 26 | 24-32 | 32 |
| 10 | Каспий | 26 | 27-36 | 29 |
| 11 | Ертіс | 25 | 26-34 | 26 |
| 12 | Алтай | 26 | 26-36 | 25 |
| 13 | Қайсар | 26 | 22-33 | 24 |
| 14 | Қызылжар | 26 | 26-40 | 24 |
| 15 | Атырау | 25 | 18-28 | 23 |
| 16 | Жетісу | 26 | 26-44 | 22 |
Футболист недели
Апта үздігі
Темирлан Ерланов
Защитник Қорғаушы
23
Поиск по сайту