Главное Маңызды
24 авг. 2026, 09:32
64
Главный тренер «Атырау» Самат Смаков прокомментировал товарищеский матч против «Турана» (3:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
23 авг. 2026, 09:21
892
Главный тренер «Шахтера» Андрей Финонченко прокомментировал матч 19-го тура Премьер-лиги против «Астана М» (4:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
20 авг. 2026, 23:16
744
Главный тренер «Кайрата» Рафаэль Уразбахтин прокомментировал первый матч раунда плей-офф Лиги Европы против «Андерлехта» (0:3), сообщает корреспондент KazFootball.kz:
20 авг. 2026, 23:03
479
Главный тренер «Андерлехта» Витор Бруну прокомментировал гостевой матч раунда плей-офф Лиги Европы против «Кайрата» (3:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz.
20 авг. 2026, 11:01
911
KazFootball.kz предлагает вашему вниманию бомбардиров Кубка Казахстана после ответных матчей ½ финала.

Мирослав Лечич: "Ақжайықты" командалық рух алып қалды"

15 нояб. 2016, 16:40 | 2107
​"Ақжайық" командасының шабуылшысы Мирослав Лечич биыл өз командасын Премьер-лигада алып қалуға зор септігін тигізген футболшы. Сербиялық легионер осыған дейін де Қазақстанда өнер көрсеткен болатын. Жалпы, биылғы маусымды қорытындылай отырып, біз Мирославқа бірнеше сауал жолдаған едік.

– Мирослав, «Ақжайықты» Премьер-лигада «алып қалдым» деген ой болды ма Сізде?

– Жоқ. Тек, менің осыған үлесім бар деп ойлаймын. Команда мен келген кезде өте қиын жағдайда болатын. Менен бөлек те қаншама футболшылар келді. Сондықтан, барлығын өзім жасадым деп айтпаймын. «Ақжайық» сапында болған футболшылардың барлығының ортақ еңбегі.

– «Ақжайық» үшін маусымдағы қай ойын ең ауыр болды деп ойлайсыз?

– Негізі аутсайдер командаға кез-келген матч ауыр өтеді. Қарсылас командалар бізді көп жағдайда менсінбей ойнады. Еркін ойнады. Психологиялық ауыр жағдайды бастан өткермеді. Ал, біз керісінше, әр матчтан ұпай алмасақ құрыдық деп есептейтінбіз. Сондықтан, алаңда жанымызды салдық. Бір қателік жасап, күллі оралдық жанкүйерлердің көңілін түсіріп алудан қорықтық. Тіпті, бір плей-офф сатысында ойнап жүргендей сезіндік. Соның барлығынан сүрінбей өткенімізге қуаныштымыз. Ең ауыр соңғы турд болды. Сырт алаңда «Жетісумен» матчқа барлық күшті салдық. Барлығын жақсы жасап келіп, соңғы ойында ұтылып қалсақ, міне нағыз трагедия сол болар еді біз үшін. Дегенмен, бапкерлер мен команда мүшелерінің барлығы сенімді болды. Сол ойынды өміріміздегі соңғы ойын деп елестетіп шықтық қой. Екі доп соғып қойған соң матчтың 89-шы минутында ғана кеудемізде қуаныш болды. Ол кездегі сезімді ешкім түсіне алмайды. Одан сайын шабыттанып ойнадық.

– Өзіңіз кезінде өнер көрсеткен «Тараз» болса Премьер-лигадан шығып қалды...

– Менің миыма кіріп шықпайтын оқиға. 11-ші орын алғанының өзі біртүрлі қызық еді. 2-3 тур бұрын олардың жағдайы тамаша болатын. Соңғы екі орынды «Жетісу» мен «Ақжайық» сарапқа салады деп ойлап жүрді көп адам. Алайда, біздің жеңісіміз бәрін өзгертіп жіберді. Одан кейін «Алтайға» 3:0 болып ұтылады деп ешкім ойламады. Мен бұл нәтижені естіген кезде тіпті сенерімді білмедім. Стадионы да, жанкүйерлері де мықты қала еді. «Таразды» әрине де қимаймын. Өкінішті.

– Енді өзіңіз келесі маусымда «Ақжайық» командасында болатын шығарсыз?

– Білмеймін. Нақты жауап бере алмаймын. Қазақстан Кубогы өткеннен кейін клуб басшылары отырып, сөйлесеміз деді. Егер, келесі жылға жақсы мақсат қойып, жақсы келісім-шарт ұсынатын болса, мен қалуға даярмын. Себебі, Қазақстан чемпионаты қазір жақсы деңгейде.

– 16 ойында 5 гол соқтыңыз. Бұл жақсы көрсеткішпе Сіз үшін?

– Әрине. Демек мен әрбір үш ойында бір голдан соққанмын ғой. Мен таза шабуылшы болмасам да биыл жақсы нәтиже көрсеттім. «Тобыл» қақпасына соққан добым тіпті есімнен кетпейді. Бір голды айып добынан әдемі орындадым. Ал, түбі командаға пайдам тигеніне қуаныштымын.

– Кубок жайлы сөз қозғап қалдыңыз. «Қайрат» пен «Астана» арасындағы финалда кімді мықты санайсыз?

– Матч Алматыда өтетін болыпты. Демек, бұл алматылық футболшыларға жақсы әсер етеді деген сөз. Оның үстіне өз жанкүйерлерінің алдында «Қайрат» биыл «Астанаға» кеткен есені осылай қайтаратын шығар. «Қайраттың» ойыншылар құрамы да мығым. Ойыны да әдемі. Шабуылдағаны тіпті ғаламат. «Астананы» осал деп тұрған жоқпын. Дегенмен, олардың еурокубоктағы ойындары маңыздырақ. Қорғанысқа көп көңіл бөлгенімен «Қайраттың» қарқынына шыдай алмай қалады-ау.

– Сұқбатыңызға рахмет!

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Ордабасы 22 43-16 52
2 Қайрат 21 42-15 48
3 Астана 21 34-22 39
4 Оқжетпес 22 35-29 36
5 Ақтөбе 22 32-26 35
6 Елімай 21 31-26 32
7 Ұлытау 22 18-24 28
8 Жеңіс 21 21-24 26
9 Тобыл 21 23-28 25
10 Каспий 22 24-31 23
11 Қызылжар 22 24-32 23
12 Атырау 21 15-21 20
13 Қайсар 21 16-24 20
14 Алтай 22 20-33 19
15 Жетісу 22 24-38 19
16 Ертіс 21 20-30 17
Футболист недели Апта үздігі
Темирлан Анарбеков
Темирлан Анарбеков
Темирлан Анарбеков
Темирлан Анарбеков
Вратарь Қақпашы
1
Поиск по сайту
Наверх