Главное Маңызды
05 окт. 2026, 17:50
346
Главный тренер сборной Казахстана Джон ван ’т Шкип поделился ожиданиями от предстоящего матча четвертого тура общего этапа Лиги Наций УЕФА против Фарерских Островов, сообщает корреспондент KazFootball.kz:
04 окт. 2026, 10:31
1222
Главный тренер «Ордабасы» Андрей Мартин дал комментарий после товарищеского матча против «Елимая» (1:3), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
03 окт. 2026, 10:20
853
36-летний защитник «Ордабасы» Сергей Малый в игре Лиги Наций против сборной Молдовы (1:2) сыграл свой 76-й матч в составе Национальной сборной Казахстана, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
02 окт. 2026, 22:19
2214
Главный тренер сборной Казахстана Джон ван ’т Шкип прокомментировал матч третьего тура общего этапа Лиги Наций УЕФА против Молдовы (1:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz:
01 окт. 2026, 17:33
1666
Главный тренер сборной Казахстана Джон ван ’т Шкип поделился ожиданиями от предстоящего матча третьего тура общего этапа Лиги Наций УЕФА против Молдовы, сообщает корреспондент KazFootball.kz:

Кубокта кімнің бәсі жоғары?

17 нояб. 2016, 18:00 | 2126
19-шы қараша күні түскі сағат 15:00-де Қазақстан Кубогының финалдық бәсекесі өтеді. Биылғы маусымның ең соңғы матчында қай команданың басымдылығы жоғары? Кубок айналасындағы әңгіменің басын бір шалсақ.

«Қайрат» биылғы маусымда ең көп гол соққан команда. Ел біріншілігінде 75 доп соққан алматылықтар қарағандылық «Шахтерге» қарағанда тура 50 гол артық соққан. Кахабер Цхададзе ұжымында Жерар Гоу 22 гол, Бауыржан Исламхан 17, Аршавин 8 гол соқты. Кот-д'Ивуарлық шабуылшы биыл да 22 гол соғып, өткен жылғы жетістігін қайталады. Бұл ойыншы финалдағы ең қауіпті, әрі гол соғуы мүмкін ойыншылардың қатарында. Енді мына төмендегі фотоға зер салып өтсек.

Гоу 22 голдың басым көпшілігін оң аяқпен салыпты. Ал, дәл «Астанаға» ол біріншілік барысында 2 гол соққан. Бұл командалардың арасындағы соңғы ойында ол пенальтиден мүлт кетті.

Екінші бір қауіпті ойыншы ол - Бауыржан Исламхан. Оның пастары мен айып алаңына дриблинг жасап еніп кіретіні бәрінен қорқынышты. Ал, келесі маусымға келісім-шартын ұзартқан Аршавиннің «аузы жесе де қан, жемесе де қан».  Қазақстан Кубогының 7 дүркін иегері «Қайрат» финалдың анық фавориті деуге болады. Командада жарақат алған негізгі құрам ойыншылары аз. Белгілі себептерге байланысты финалға Станислав Лунин (жарақат), Ермек Қуантаев (жарақат), Владимир Плотников (жарақат), Бруно Соарес (тізімнен уақытша шығарылған), Бауыржан Тұрысбек (ескертуге байланысты), Гаэль Тавамба (командадан кетті) қатыспайды. Ұлттық құрамаға тек Стас Покатилов, Бауыржан Исламхан, Гафуржан Суюмбаев қана шақырту алды. 

Ал, «Астанада» ондайлардың қарасы көп. Асхат Тағыберген, Азат Нұрғалиев, Агим Ибраими, Абзал Бейсебековтер ақтық матчқа жарақаттарына байланысты қатыспайтын секілді. Сонымен қатар, Марин Аничичтің де иығында жарақаты бар екен. Емделіп, ойынға қайта араласып жүрген Таңат Нүсербаевтың жайы белгілі. Джуниор Кабананга, Неманья Максимович, Игорь Шитовтар ұлттық құрамаларына барып қайтты. Ешқандай құрамаға ойнамай, тың қалыпта жүрген тек Ненад Эрич, Александр Мокин, Рохер Каньяс, Патрик Твумаси, Джордже Деспотович. Ал, Дмитрий Шомко, Серікжан Мужиков, Юрий Логвиненко, Сергей Малый секілді ойыншылар Данияға Қазақстан Ұлттық құрамасымен сапар шекті. 

Екі команда финалға дейін қалай жеткенін де бір еске түсіріп көрсек. «Қайрат» 1/8 финалда «Шахтерді» 4:0 есебімен жеңсе, елордалық ұжым «Астана-Аренада» «Каспийді» 1:0 әрең ұтты. Келесі айналымда алматылық команда сыртта «Жетісуды» 2:0 жеңді. Ширек финалда «Астана» Петропавлда «Қызылжардан» 3:2 есебімен басым түсті.

Жартылай финалдық ойындардан бастап командалар қос матч қорытындысы бойынша жеңімпазды анықтайтын болды. Павлодарда 2:1 есебімен жеңіске жеткен Станимир Стойлов шәкірттері өз алаңдарында 5:3 есебімен жеңіс тіркеді. Ал, «Қайрат» өз алаңында «Атырауды» 1:0 ұтып, сыртта тіпті 3:0 қылды.

Енді қызықты қараңыз. «Қайрат» жалпы финалға дейін 4 ойын өткізді. Сол ойындарда 10 гол соққан. Және қақпасына бірде бір гол жібермеген!

Ал, «Астана» болса 4 ойында 11 гол соғып, қақпасына 6 доп жіберіпті. Командадағы үздік мерген, 3 доптың авторы атанған – Джордже Деспотович.

Ермұхамед МӘУЛЕН

(фото авторы Серік Қантаев)

Турнирная таблица Турнирлік кесте
№ Команда И М О
1 Ордабасы 26 51-18 61
2 Қайрат 26 51-20 57
3 Астана 25 42-25 48
4 Оқжетпес 26 41-35 45
5 Ақтөбе 26 38-31 42
6 Елімай 25 35-33 38
7 Тобыл 26 33-35 34
8 Жеңіс 26 26-32 32
9 Ұлытау 26 24-32 32
10 Каспий 26 27-36 29
11 Ертіс 25 26-34 26
12 Алтай 26 26-36 25
13 Қайсар 26 22-33 24
14 Қызылжар 26 26-40 24
15 Атырау 25 18-28 23
16 Жетісу 26 26-44 22
Футболист недели Апта үздігі
Темирлан Ерланов
Темирлан Ерланов
Темирлан Ерланов
Темирлан Ерланов
Защитник Қорғаушы
23
Поиск по сайту
Наверх