Главное Маңызды
06 нояб. 2026, 17:40
1292
Главный тренер «Ордабасы» Андрей Мартин поделился ожиданиями от финального матча Кубка Казахстана против «Кайсара», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу KFF League:
06 нояб. 2026, 17:11
1769
Главный тренер «Кайсара» Талгат Байсуфинов поделился ожиданиями от финального матча Кубка Казахстана против «Ордабасы», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
06 нояб. 2026, 09:18
1817
Главный тренер «Аталанты» Маурицио Сарри подвел итоги матча третьего тура общего этапа Лиги Конференций против алматинского «Кайрата» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Football-Italia.net:
06 нояб. 2026, 01:43
2773
Исполняющий обязанности главного тренера алматинского «Кайрата» Жора Арутюнян прокомментировал матч третьего тура общего этапа Лиги Конференций против «Аталанты» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
05 нояб. 2026, 09:30
1987
Исполняющий обязанности главного тренера «Кайрата» Жора Арутюнян поделился ожиданиями от предстоящего матча третьего тура общего этапа Лиги Конференций против итальянской «Аталанты», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Әлішер Сүлей: "Премьер-лигада өнер көрсететін төрт клубтан ұсыныс түсіп отыр"

16 нояб. 2016, 18:50 | 2265
«Тараз» клубы биыл толық тоқырауға ұшырады. Мұның себебін бүгінде жанкүйерлер әрқалай түсіндіріп жүр. Бірі, команданың дайындығы нашар десе, енді бірі басқа себептерді алға тартып жатыр. Осы сауалдың жауабын алу үшін біз «Тараздың» жартылай қорғаушысы Әлішер Сүлейді әңгімеге тартып, сұқбаттасқан едік.

— Әлішер, «Тараздың» биыл толық тоқырауының себебі неде?

— Мен бұл сұраққа дәл қазір дөп басып жауап бере алмайтын шығармын. Өткен маусымда шынында команда сапында қиындықтар көп болды. Мүмкін, қаржының аздығынан да болар. Жыл басында команда дұрыс жасақталмады. Ал, командаға келген футболшылардың көбінде жарақат болды. Тіпті, ойыншылардың аздығына байланысты кейде біз толыққанды жаттығу да жасамаған кездеріміз болды. Содан кейін Нұрмат Мырзабаев жас ойыншыларды көп шығарды. Маусымды біз тың күшпен жап-жақсы бастаған-ақ едік. Кейін ойынымыз жүрмей-ақ қойды. Әрине, бұл жерде тәжірибиенің де алар орны ерекше ғой. Мықты жасақталған командаларға қарсы ойнау қиын болды.

— Ал, командаға Юрий Максимов келгеннен кейін не өзгерді?

— Айтарлықтай ештеме өзгерген жоқ. Украиналық маман өзімен бірнеше ойыншыларды алып келді. Алайда, ұжымға келіп қосылған шет елдік футболшылар командаға керемет көмектесті деп айта алмаймын. Барлығы да бұрынғы қалпынша болды. Мықты футболшылар аз болып, көбіне керекті нәтижеге қол жеткізе алмадық.

— Максимовтың командаға келісімен ұжымның ішінде іріткі пайда болды деген әңгіме шықты? Жалпы, украин маманы келісімен команда ішіндегі атмосфера қалай болды?

— Команда ішіндегі атмосфера нашар болды деп айта алмаймын. Бірақ, мықты да болмады. Өйткені, біздің турнир кестесіндегі жағдайымыз жақсы емес еді. Ал, тоғыспа кездесуден кейін көңіл-күйіміз тіпті түсіп кетті.

— Юрий Максимовтың жұмысын қалай бағалар едіңіз. Кейбір командаластарыңыз ол маманның деңгейі өте төмен деген еді ...

— Бапкердің жұмысын бағалау менің шаруам емес. Басшылар, жанкүйерлер өз бағасын бере жатар.

— Биылғы маусымдағы өз өнеріңізге көңіліңіз толады ма?

— Менің өз ойыныма 100 пайыз көңілім толады деп айта алмаймын. Өйткені, мен өткен маусымда екі рет жарақат алып қалдым. Сондықтан, өз бабыма толық келе алмадым. Біздің командада физикалық дайындықты бақылайтын маман жоқ. Егер сондай маман болса, мүмкін жарақ алмас па едім.  

— Алдағы жоспарларыңызбен бөлісе отырсаңыз. «Тараз» сапында қаласыз ба, әлде жұмыс орныңызды ауыстырасыз ба?

— Шынымды айтсам, ол туралы әлі ойланбадым. Қазір демалып жатырмын. Бірақ, менің клубпен келісім-шарт мерзімім аяқталды. Ары қарай не боларын нақты айта алмаймын. Себебі, клуб тарапынан маған ешкім хабарласпады. Бұрнағы күні маған Премьер-лигада өнер көрсететін төрт клубтан ұсыныс түсіп отыр. Нақты шешімді жаңа жылға дейін қабылдаймын. 

— Әңгімеңізге рақмет!

Уалихан ҚОСАНБАЙ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
№ Команда И М О
1 Ордабасы 30 59-23 68
2 Қайрат 30 60-23 65
3 Астана 30 48-31 54
4 Оқжетпес 30 49-38 54
5 Ақтөбе 30 47-39 49
6 Елімай 30 43-44 45
7 Тобыл 30 42-42 41
8 Жеңіс 30 32-40 36
9 Ұлытау 30 27-38 35
10 Қызылжар 30 31-42 33
11 Каспий 30 32-44 33
12 Ертіс 30 31-44 32
13 Атырау 30 27-35 30
14 Алтай 30 31-42 28
15 Жетісу 30 31-49 27
16 Қайсар 30 25-41 25
Футболист недели Апта үздігі
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Нападающий Шабуылшы
28
Поиск по сайту
Наверх