Главное Маңызды
06 нояб. 2026, 17:40
1288
Главный тренер «Ордабасы» Андрей Мартин поделился ожиданиями от финального матча Кубка Казахстана против «Кайсара», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу KFF League:
06 нояб. 2026, 17:11
1764
Главный тренер «Кайсара» Талгат Байсуфинов поделился ожиданиями от финального матча Кубка Казахстана против «Ордабасы», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
06 нояб. 2026, 09:18
1813
Главный тренер «Аталанты» Маурицио Сарри подвел итоги матча третьего тура общего этапа Лиги Конференций против алматинского «Кайрата» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Football-Italia.net:
06 нояб. 2026, 01:43
2769
Исполняющий обязанности главного тренера алматинского «Кайрата» Жора Арутюнян прокомментировал матч третьего тура общего этапа Лиги Конференций против «Аталанты» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
05 нояб. 2026, 09:30
1984
Исполняющий обязанности главного тренера «Кайрата» Жора Арутюнян поделился ожиданиями от предстоящего матча третьего тура общего этапа Лиги Конференций против итальянской «Аталанты», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Сергей Малый: "Қай қалада, қай стадионда ойнайтынымызды біз таңдаған жоқпыз"

19 нояб. 2016, 19:00 | 1218
«Қайрат» және «Астана» клубтары арасындағы Қазақстан кубогының финалдық кездесуінен кейін елордалық клубтың қорғаушысы Сергей Малый KazFootball.kz порталымен ойын туралы өз ойымен бөлісті.

— Сергей, алдымен ойын туралы айтып өтсеңіз ...

— Өздеріңіз көргендей, ойын өте қиын болды. Кеше біз Алматыға ұшып келгенде ауа-райы жақсы еді. Бірақ, бүгін күрт өзгерді. Алаң қарға көміліп қалды. Сондықтан, допты әуеде көп ұстап, ұзын пастар арқылы ойнадық. Әрине, мұндай жағдайда біз ештеме істей алмаймыз. Ойнау керек керек еді, біз алаңға шығып қолдан келгенімізді істедік.

— Ойын алдында Кахабер Цхададзе мұндай ауа-райы «Қайрат» үшін қолайсыз, ал «Астана» үшін қолайлы деп еді. Сіз осы сөзбен келісесіз бе?

— Қай қалада, қай стадионда ойнайтынымзды біз таңдаған жоқпыз. Бірақ, біз бүгін жеңіске жеттік. Демек, «Астана» үшін ауа-райы қатты кедергі болмады деп айтуға болады.

— Сіздер бұған дейін ел чемпионы атандыңыздар. Енді оған Қазақстан Кубогын қосып отарсыздар. Маусымды ақырындап қорытындылай келе, биылғы жылды «Астана» үшін сәтті өтті деуге келеді ме?

— Иә. Менің ойымша биылғы жыл біз үшін сәтті өтті деп ойлаймын.

— Енді алда АПОЭЛге қарсы кездесу күтіп тұр. Сол ойынға шамалы тоқталып кетсеңіз ...

— Ол ойында біз міндетті түрде жеңіске жету керекпіз. Ішкі біріншіліктегі бар ойын аяқталды. Енді барлық дайындығымызды Еуропа лигасына арнайтын боламыз. Қалған екі ойында тек жеңіс үшін ойнаймыз. Топтық кезеңнен шығу үшін, сонымен қатар, келер маусымда рейтингтегі жағдайымызды дұрыстау үшін бізге ұпай қатты керек.

— Соңғы рет қарға көміліп қалған алаңда қашан ойнап едіңіз?

— Мұндай ауа-райында мен өткен маусымда ойнадым. Ол кезде мен «Шахтер» сапында өнер көрсететін едім. «Астанаға» қарсы кездесуде Қарағандыда ара-райы дәл осындай болған.

— Әңгімеңізге рақмет!

Уалихан ҚОСАНБАЙ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
№ Команда И М О
1 Ордабасы 30 59-23 68
2 Қайрат 30 60-23 65
3 Астана 30 48-31 54
4 Оқжетпес 30 49-38 54
5 Ақтөбе 30 47-39 49
6 Елімай 30 43-44 45
7 Тобыл 30 42-42 41
8 Жеңіс 30 32-40 36
9 Ұлытау 30 27-38 35
10 Қызылжар 30 31-42 33
11 Каспий 30 32-44 33
12 Ертіс 30 31-44 32
13 Атырау 30 27-35 30
14 Алтай 30 31-42 28
15 Жетісу 30 31-49 27
16 Қайсар 30 25-41 25
Футболист недели Апта үздігі
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Нападающий Шабуылшы
28
Поиск по сайту
Наверх