"Астана" Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылды
25 нояб. 2016, 08:00
|
1252
Бұған себеп "Олимпиакос" пен "Янг Бойз" командаларының тең ойнауы болды. Кеше Пирейде өткен ойында аталған командалар 1:1 есебімен тең түскен болатын.
Осылайша "В" тобында АПОЭЛ командасы 9 ұпаймен топтың көшін бастап тұр. Ал, "Олимпиакос" командасының қоржынында 8 ұпай. "Янг Бойз" бен "Астана" командалары 5 ұпаймен үшінші және төртінші орынға жайғасқан. Бірақ, келер турда "Янг Бойз" да, "Астана" да жеңіске жеткенімен топтық кезеңнің жолдамасына ие бола алмайды. Себебі, бұл екі команда да "Олимпиакос" клубына қарсы өткен кездесуде жеңіліп қалған еді.
Айта кетейік, Еуропа лигасының алтыншы турында "Астана" "Янг Бойзға" қонаққа барса, АПОЭЛ өз алаңында "Олимпиакосты" қабылдайды.
Турнирная таблица
Турнирлік кесте
| № | Команда | И | М | О |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Ордабасы | 30 | 59-23 | 68 |
| 2 | Қайрат | 30 | 60-23 | 65 |
| 3 | Астана | 30 | 48-31 | 54 |
| 4 | Оқжетпес | 30 | 49-38 | 54 |
| 5 | Ақтөбе | 30 | 47-39 | 49 |
| 6 | Елімай | 30 | 43-44 | 45 |
| 7 | Тобыл | 30 | 42-42 | 41 |
| 8 | Жеңіс | 30 | 32-40 | 36 |
| 9 | Ұлытау | 30 | 27-38 | 35 |
| 10 | Қызылжар | 30 | 31-42 | 33 |
| 11 | Каспий | 30 | 32-44 | 33 |
| 12 | Ертіс | 30 | 31-44 | 32 |
| 13 | Атырау | 30 | 27-35 | 30 |
| 14 | Алтай | 30 | 31-42 | 28 |
| 15 | Жетісу | 30 | 31-49 | 27 |
| 16 | Қайсар | 30 | 25-41 | 25 |
Футболист недели
Апта үздігі
Берн Йонсен
Нападающий Шабуылшы
28
Поиск по сайту