Главное Маңызды
18 окт. 2026, 11:23
817
Главный тренер «Актобе» Игорь Черевченко прокомментировал матч 28-го тура Премьер-лиги против «Ордабасы» (1:3), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на ТКБ:
18 окт. 2026, 09:12
428
Главный тренер «Жетысу» Кайрат Нурдаулетов прокомментировал матч 23-го тура Премьер-лиги против «Кайсара» (2:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
17 окт. 2026, 22:17
1506
Главный тренер «Ордабасы» Андрей Мартин прокомментировал матч 23-го тура Премьер-лиги против «Актобе» (3:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz:
17 окт. 2026, 21:04
764
Главный тренер «Тобыла» Мирослав Ромащенко прокомментировал матч 23-го тура Премьер-лиги против «Жениса» (4:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
17 окт. 2026, 20:16
945
Главный тренер «Окжетпеса» Ринат Алюетов прокомментировал матч 23-го тура Премьер-лиги против «Кызылжара» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:

Үздік төрттіктің қатарында жетінші рет

28 нояб. 2016, 18:10 | 1292
Латвиялық «Никарс» пен «Қайрат» арасындағы кездесумен Алматыдағы элиталық кезең де өз мәресіне жетті. Үшінші ойында да қарсыласын тізе бүктірген Какау баптайын команда кәрі құрлықтың үздік төрт ұжымының қатарынан ойып тұрып орын алды. Екі мәрте клубтық турнирде топ жарған «Қайрат» тарихында жетінші мәрте жартылай финалда бақ сынауға мүмкіндік алып отыр.

Турнирдегі алғашқы кездесуде косоволық «Фениксты» әупірімдеп жүріп жеңген «Никарс» екінші ойында италиялық «Реал Риетиден» ойсырай ұтылған еді. Келесі кезеңге өту мүмкіндігінен айырылған латыштар үшін соңғы матч «Қайрат» секілді алыпқа қарсы күш сынап көретін мүмкіндік қана болатын.

Какау «Феникске» қарсы кездесумен салыстырғанда қақпаға Игитаны тұрғызды. Матч «Қайраттың» кезекті рет жылдам голымен басталды. Косоволықтарға қарсы ойында Диваней алғашқы минутта қарсылас қақпасын дәл көздеген-тұғын. Бұл жолы Игор бар болғаны оныншы секундта Астраханцев қорғайтын иеліктен саңылау тапты. Содан кейін, үздік сұрмергеніміз Диваней бірінші тайм аяқталғанша үш доп соғып тастады. Әсіресе, Дивенейдің үшіні және төртінші голдары әдемі шықты. Екеуінде де, допты жерге түсірмей шірене тартып жанкүйерлерді тамаша голдардың куәсі қылды.

Екінші таймда он бес минут бойы таблодағы көрсеткіш өзгермей тұрды. «Қайрат» футзалшылары тағы бір мәрте қақпаға доп дарытқан... Әйткенмен, айып алаң ішіндегі қарбалас кезінде Нето өз қақпасына гол соғып алды. «Қайрат» турнирде өз қақпасына үш доп өткізсе, соның екеуі автогол. 1:4 есебі ойынның аяғына дейін өзгерген жоқ. Тоғыз ұпаймен «Қайрат» көш бастаса, еншісінде үш ұпайы бар "Никарс" үшінші орынды қанағат тұтты.

Футзал. Элиталық кезең.                                   

«Никарс» - «Қайрат»- 1:4 (0:4)

Голдар: Нет автогол 35 - Игор 1, Диваней 4,7,11

«Никарс» ( Латвия): Астраханцев, Шкестерс-Камбалс – Пастарс, Архипов-Прокофьев, Колесников, Матюшенко, Алексеев, Дацко (к), К.Забаровский, Сень, Эвертон, Аванесов, Вандерсон, Д.Забаровский

«Қайрат» (Қазақстан): Игита, Ронкальо – Упалёв, Нето, Тайеби, Игор, Сүлейменов(К), Алешандре, Дрот, Дуглас, Диваней, Нұрғожин, Барон, Есенаманов;

Төрешілер: Марк Брикетт (Англия), Камил Четин (Түркия)

27 қараша. Алматы. «Алматы Арена».

Ойынның қысқаша статикасы:

Соққылар: 13-49

Дәл бағытталған: 4-15

Қиыс кеткен: 5-21

Қақпашылардың сейвтары: 11-4

Тәртіп бұзу: 8-4

Ескертулер: 0-0

Фараби ӘБДІХАЛЫҚ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
№ Команда И М О
1 Ордабасы 28 58-20 67
2 Қайрат 27 52-20 60
3 Астана 27 44-27 51
4 Оқжетпес 28 42-37 48
5 Ақтөбе 28 42-35 45
6 Елімай 27 38-37 41
7 Тобыл 28 39-38 40
8 Ұлытау 27 26-32 35
9 Каспий 27 29-37 32
10 Жеңіс 28 29-38 32
11 Қызылжар 28 28-41 27
12 Атырау 27 21-31 26
13 Ертіс 27 26-37 26
14 Алтай 27 27-38 25
15 Жетісу 28 28-46 25
16 Қайсар 28 24-39 24
Футболист недели Апта үздігі
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Берн Йонсен
Нападающий Шабуылшы
28
Поиск по сайту
Наверх