Саян Хамитжанов: «Қайратты» шын жүректен құттықтаймын, олар әбден лайық!»
29 июл. 2025, 22:24
|
581
– Жүрекжарды құттықтауымды «Қайрат» футбол клубына білдіргім келеді. Олар бүгін УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне өтті. Бұл – үлкен жетістік! Бүкіл ел намысы үшін жанын салып ойнап, нағыз мінез көрсетті, бүгінгі жеңісті толықтай лайықты түрде жеңіп алды!
Алматылық команданың одан әрі іріктеуде жолы қалай болатынын бір Алла біледі, бірақ, кем дегенде, Конференциялар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алып қойғаны анық!
Бүгін қазақстандық жанкүйерлер үшін қуаныш пен мақтанышқа себеп бар. Менің сенімім мол – мұндай сәттер бұл маусымда әлі көп болады!
Алға, Қазақстан!
Турнирная таблица
Турнирлік кесте
| № | Команда | И | М | О |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Ордабасы | 30 | 59-23 | 68 |
| 2 | Қайрат | 30 | 60-23 | 65 |
| 3 | Астана | 30 | 48-31 | 54 |
| 4 | Оқжетпес | 30 | 49-38 | 54 |
| 5 | Ақтөбе | 30 | 47-39 | 49 |
| 6 | Елімай | 30 | 43-44 | 45 |
| 7 | Тобыл | 30 | 42-42 | 41 |
| 8 | Жеңіс | 30 | 32-40 | 36 |
| 9 | Ұлытау | 30 | 27-38 | 35 |
| 10 | Қызылжар | 30 | 31-42 | 33 |
| 11 | Каспий | 30 | 32-44 | 33 |
| 12 | Ертіс | 30 | 31-44 | 32 |
| 13 | Атырау | 30 | 27-35 | 30 |
| 14 | Алтай | 30 | 31-42 | 28 |
| 15 | Жетісу | 30 | 31-49 | 27 |
| 16 | Қайсар | 30 | 25-41 | 25 |
Футболист недели
Апта үздігі
Берн Йонсен
Нападающий Шабуылшы
28
Поиск по сайту