Главное Маңызды
19 сент. 2026, 09:42
151
Главный тренер «Кызылжара» Виталий Жуковский прокомментировал матч 27-го тура Премьер-лиги против «Кайсара» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
19 сент. 2026, 09:30
166
Главный тренер «Актобе» Игорь Черевченко прокомментировал матч 27-го тура Премьер-лиги против «Улытау» (2:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба.
19 сент. 2026, 09:24
131
Главный тренер «Иртыша» Ерлан Шойтымов прокомментировал матч 27-го тура Премьер-лиги против «Алтая» (2:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
18 сент. 2026, 20:14
421
Главный тренер «Жениса» Владимир Слишкович прокомментировал матч 27-го тура Премьер-лиги против «Окжетпеса» (1:3), сообщает корреспондент KazFootball.kz:
18 сент. 2026, 20:09
352
Главный тренер «Каспия» Руслан Эсатов прокомментировал матч 27-го тура Премьер-лиги против «Жетысу» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz:

Астанада қыздарға арналған УЕФА-ның «C» лицензиясына бапкер дайындау курсы басталды

19 дек. 2025, 13:16 | 583
Астанада алғаш рет қыздарға арналған УЕФА-ның «C» лицензиясына футбол бапкерлерін даярлаудың арнайы курсы басталды, деп ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап KazFootball.kz порталы хабарлайды.

Аталған білім беру бағдарламасы УЕФА және ҚФФ-ның гранттық қолдауымен жүзеге асырылуда. Бұл бапкерлік білімнің қолжетімділігін арттырып, қатысушылардың кәсіби тұрғыда өсуіне қосымша мүмкіндіктер береді.

Оқу курсына еліміздің әр өңірінен келген әйелдер командаларының жас бапкерлері, сондай-ақ алдағы уақытта бапкерлік қызметті жалғастыруды жоспарлап отырған Әйелдер лигасының ойыншылары қатысып жатыр.

Модульдің негізгі тақырыбы – жасөспірімдер мен кіші жас санатындағы ойыншылардың координациялық дайындығы және моторикалық дағдыларын дамыту. Үш күн бойы курс қатысушылары жалпы және арнайы координацияны дамытуға арналған заманауи әдістемелік тәсілдерді меңгеріп, іс жүзінде қолдануда.

Сонымен қатар жас футболшыларды сапалы даярлау үшін футболдың базалық техникалық элементтеріне ерекше назар аударылады. Олардың қатарында допты алып жүру, дриблинг, алдамшы қимылдар, допты қабылдау және беру, сондай-ақ қақпаға әртүрлі тәсілмен соққы жасау бар.

Мұнда маңызды бөлімдерінің бірі балаларға арналған футбол фестивальдері мен жарыстарын ұйымдастыру және өткізу әдістемесіне арналды. ҚФФ нұсқаушылары Нұржан Әбілдаев, Юлия Мамонова және Ксения Постовая кіші жас санаттарына арналған заманауи форматтағы іс-шараларды таныстырып, балалардың қызығушылығын арттыруға, ойын тәжірибесін кеңейтуге және футболға тұрақты қызығушылық қалыптастыруға бағытталған тәсілдермен бөлісуде.

Аталған модульді іске асыру – Қазақстандағы бапкерлік білім беру жүйесін дамыту және жас футболшылармен жұмыс істейтін білікті мамандарды даярлау жолындағы кезекті қадам.

ҚФФ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Ордабасы 26 51-18 61
2 Қайрат 26 51-20 57
3 Астана 25 42-25 48
4 Оқжетпес 26 41-35 45
5 Ақтөбе 26 38-31 42
6 Елімай 25 35-33 38
7 Тобыл 26 33-35 34
8 Жеңіс 26 26-32 32
9 Ұлытау 26 24-32 32
10 Каспий 26 27-36 29
11 Ертіс 25 26-34 26
12 Алтай 26 26-36 25
13 Қайсар 26 22-33 24
14 Қызылжар 26 26-40 24
15 Атырау 25 18-28 23
16 Жетісу 26 26-44 22
Футболист недели Апта үздігі
Темирлан Анарбеков
Темирлан Анарбеков
Темирлан Анарбеков
Темирлан Анарбеков
Вратарь Қақпашы
1
Поиск по сайту
Наверх