Главное Маңызды
03 окт. 2026, 10:20
240
36-летний защитник «Ордабасы» Сергей Малый в игре Лиги Наций против сборной Молдовы (1:2) сыграл свой 76-й матч в составе Национальной сборной Казахстана, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
02 окт. 2026, 22:19
1397
Главный тренер сборной Казахстана Джон ван ’т Шкип прокомментировал матч третьего тура общего этапа Лиги Наций УЕФА против Молдовы (1:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz:
01 окт. 2026, 17:33
1194
Главный тренер сборной Казахстана Джон ван ’т Шкип поделился ожиданиями от предстоящего матча третьего тура общего этапа Лиги Наций УЕФА против Молдовы, сообщает корреспондент KazFootball.kz:
01 окт. 2026, 14:36
1452
Главный тренер «Ордабасы» поделился ожиданиями от предстоящего матча третьего тура общего этапа Лиги Наций УЕФА между Казахстаном и Молдовой, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Moldfootball.com.
30 сент. 2026, 03:36
2223
Главный тренер сборной Казахстана Джон ван ’т Шкип подвел итоги матча второго тура общего этапа Лиги Наций УЕФА против Словакии (1:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу КФФ:

"Гранаткин мемориалы - 2017". Топтан шығар кез жетті

05 янв. 2017, 16:20 | 2117
Қазақстан U19 құрамасы "Гранаткин мемориалы" бәсекесіне қатысқалы отыр. Жарыс Ресейдің Санкт-Петербург қаласында 8-21 қаңтар аралығында өтеді.

Елімізде футбол маусымы түгел демалыста жатқанда, бұл бір жанкүйерлер қызықтап қарайтын жарыс болмақ. Жалпы, жастарымыз, ертеңгі болашағымыз қай деңгейде екенін бір байқап алармыз.

Жарыстың өтетінін көпшілік білгенімен, көбісі Валентин Гранаткиннің кім екенін білмей жатады. Бұл кісі кезінде қос құраманың намысын қорғаған қақпашы. КСРО-ның футболдан және допты хоккейдегі құрамаларының қақпашысы болған. Кейіннен 1946 жылдан бастап ФИФА-ның вице-президенті қызметінде болады. Ал, 1981 жылы ФИФА президенті Жоао Авеланж мырза Мәскеуге келіп Гранаткинді еске алу турнирін өткізуге қатысады. Сосын бұл турнир тұрақты болып кетті. 1983 жылдан бастап турнир мекен жайын Ленинградқа (қазіргі Санкт-Петербург) ауыстырды. Жарысты көптеген атақты тұлғалар тамашалады. Марапаттау рәсімдерін өткізді. Олардың қатарында Хуан Антонио Самаранч секілді тұлғалар болды. Алғашында Гранаткин Кубогын Валентин Гранаткиннің қызы Марина Гранаткина табыстап жүрді. Қазір жарыс толықтай Ресей футбол федерациясының құзырына өткен. Көп жылдар бойы 16 команда қатысып жүрді. Кейіннен командалар саны 8-ге қысқарған. Енді міне, биыл қатысушылар қатары қайта көбейді.  

Жарыс тарихында көптеген мықты футболшылар ойнады. Мысалы, 19 жасында осы турнирде Оливер Бирхофф алғаш рет көзге түсті. Одан бөлек Андреас Меллер, Карстен Янкер, Марсель Десайи, Александр Мостовой секілді футболшылар алғаш осы жарыста жарқ етті. Өзбекстан жастарымен келген Александр Гейнрихты ресейлік «Торпедо» бапкерлері осы турнирде байқап қалады.  

Қазақстан құрамасы биылғы турнирде «С» тобында ойнайды. Қарсыластар Литва, Әзірбайжан және Словакия құрамалары. Алғашқы ойынды отандастар 9-шы қаңтар күні Словакияға қарсы өткізеді. Одан кейін 11-ші қаңтар Әзірбайжан, 13-ші қаңтар Литвамен ойнайды. 

Жалпы, биыл құрамадағы жігіттеріміздің тізімі төмендегідей:

Қақпашылар: Данил Устименко ("Қайрат"), Владислав Сазонов ("Ертіс").

Қорғаушылар: Дінмұхамед Қашкен ("Астана"), Талғат Кусяпов ("Астана"), Санжар Әйтім ("Астана"), Ерасыл Аманжолов ("Атырау"), Айбар Нұрдалиев ("Қайрат"), Данил Кузнецов ("Ертіс"), Сағадат Тұрсынбай ("Ордабасы"), Санжар Батырханов ("Жетісу").

Жартылай қорғаушылар: Жасұлан Қайыркенов ("Астана"), Андрей Ульшин ("Қайрат"), Дарын Сүйінов ("Қайрат"), Батыр Құдайбердінов ("Ертіс"), Айдос Орал ("Шахтер"), Жанәлі Пайруз ("Шахтер"), Гаврил Кан ("Тараз"), Мұхит Жақсылық ("Ордабасы"), Александр Усачев ("Ақтөбе"), Әліби Тұзақбаев ("ЦСКА").

Шабуылшылар: Сұлтан Астанов ("Қайрат"), Лев Скворцов ("Астана"), Марлен Айманов ("Қайрат"), Еркебұлан Сейдахмет ("Монтажник"), Павел Баркунов ("Ертіс").

 Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
№ Команда И М О
1 Ордабасы 26 51-18 61
2 Қайрат 26 51-20 57
3 Астана 25 42-25 48
4 Оқжетпес 26 41-35 45
5 Ақтөбе 26 38-31 42
6 Елімай 25 35-33 38
7 Тобыл 26 33-35 34
8 Жеңіс 26 26-32 32
9 Ұлытау 26 24-32 32
10 Каспий 26 27-36 29
11 Ертіс 25 26-34 26
12 Алтай 26 26-36 25
13 Қайсар 26 22-33 24
14 Қызылжар 26 26-40 24
15 Атырау 25 18-28 23
16 Жетісу 26 26-44 22
Футболист недели Апта үздігі
Темирлан Ерланов
Темирлан Ерланов
Темирлан Ерланов
Темирлан Ерланов
Защитник Қорғаушы
23
Поиск по сайту
Наверх