Главное Маңызды
29 янв. 2026, 17:39
374
Главный тренер «Кайрата» Рафаэль Уразбахтин подвел итоги матча восьмого тура общего этапа Лиги Чемпионов против лондонского «Арсенала» (2:3), сообщает корреспондент KazFootball.kz:
29 янв. 2026, 16:20
249
KazFootball.kz предлагает вашему вниманию бомбардиров и ассистентов казахстанских клубов в еврокубках сезона 2025/2026 гг.
29 янв. 2026, 09:14
1060
Главный тренер «Арсенала» Микель Артета прокомментировал матч восьмого тура общего этапа Лиги Чемпионов против «Кайрата» (3:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба.
28 янв. 2026, 23:57
1536
KazFootball.kz представляет Вашему вниманию стартовые составы команд на матч восьмого тура общего этапа Лиги Чемпионов:
28 янв. 2026, 20:11
3664
Главный тренер сборной Казахстана Талгат Байсуфинов поделился своим видением развития национальной команды, рассказал о поставленных целях и планах подготовки к предстоящим официальным матчам, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу КФФ:

Алаң сыртындағы айқас

20 февр. 2017, 17:20 | 2290
Әлем футболының тыныс-тіршілігі бір сәтке де баспасөз өкілдерінің назарынан тыс қалған емес. Жанкүйер қауымға қызықты деген мәліметтердің барлығы да уақыт созбай жарық көріп жатады. Соңғы кездері қазақстандық футболшылардың да осындай оқиғаларға соқтығысып жатқанын естиміз. Әлем жұлдыздарының басынан өткен жағдайларға ұқсас қазақстандық аяқдопшылардың да «ерліктерінен» KazFootball.kz порталы хабарлайды.

Пайперстің жазасы

Қазақстан футболы УЕФА құрамына өткеннен кейін ел футболында тәртіп орнай бастағандай болды. Ұлттық құрамамызға шет елден бапкерлер келді. Соның бірі болған голландиялық маман Арно Пайперс тәртіп жағынан жаңашылдық әкелді. Жаттығу, жиындарға кешігіп келген ойыншыларды жазалаудың еуропалық үлгісін көрсетті. Мысалы жаттығуға кешігіп келген ойыншы барлық команда мүшелеріне жететін торт алып келуге тиіс болған немесе киноға билет сатып алуы тиіс. Осындай жағдайға тап болған Сергей Ларин бірнеше торт сатып әкеліп, әбден әлекке түскен. Нәтижесінде келер жолы жаттығуға ертерек келуге тырысады!

Кешкі серуен

Осыдан бірнеше жыл бұрын оңтүстік аймақтағы клубтарымызда өзбекстандық легионерлер қаптап жүретін. Қазақ футболына ойындары үйлесетін, әрі арзан тұратын ойыншыларды шымкенттік, тараздық, қызылордалық клубтар көбірек пайдаланатын. Солардың бірі шабуылшы Ділмұрат Назаров «Тараз» сапында ойнап жүрген кезінде тәртіпсіздігімен көзге түседі. Қала ішіндегі ресторандардың бірінде кешқұрымдатып серігіп отырған аяқдопшының үстінен клуб басшылары келіп түседі. Бейресми ақпарат көздерінің айтуынша өзбекстандық легионердің алкогольдік сусыннан ұрттап отырғаны сол жерде басшыларға мәлім болған. Содан кейін Назаров клубтан кетуге мәжбүр болады.

Туған күннің «тірлігі»

Қазақстан Ұлттық құрамасының белді ойыншыларының бірі болған Дмитрий Бяков Пайперс бастаған құрама сапында үнемі гол соғып, іріктеу кезеңі кезінде барша Еуропадағы топтардың ішінде бес гол соғып, мергендер көшінде жүреді. Ал, сол ойыншының туған күнін қалай тойлағанын ұлттық құраманың көп жанкүйері біле бермеуі де мүмкін. Алматының мықты бір түнгі клубында ішімдіктен ұрттап, достарының ортасында жақсы кеш өткізіп отырған Дмитрий кенеттен шыққан жанжал нәтижесінде белгісіз біреумен ерегіседі. «Жынды судан» ұрттағаннан кейін іс оңсын ба? Әлгі белгісіз біреу Дмитрийдің жүрек түбінен пышақ сұғып қашады. Одан кейін Бяков үлкен спортпен қош айтысатын шығар деп жүргенде олай бола қоймады. Бойында қайсарлығы мен күш-қуаты бар жартылай қорғаушы футболға қайта оралды.

Жүгі ауыр жейделер

2001 жылдың тамыз айы. Бойы 2 метр 10 см Ян Коллер алаңда ерекше орын алып жүретін ойыншының бірі. Чехия құрама командасында жемісті өнер көрсеткен ол іріктеу кезеңіндегі ойында тәртіпсіздік жасап, бас бапкердің шешімімен командадан шығарылды. «Боруссия» шабуылшысы Солтүстік Ирландия командасына қарсы кездесуде бапкердің оны басқа ойыншыға алмастырып жібергеніне наразы болғандығы сонша үстіндегі жейдені шешіп, аяғымен теуіп жібереді. Оны көрген бас бапкер Йозеф Хованец Чехияның елтаңбасы бар ұлттық құраманың жейдесін аяққа таптадың деп бас командадан қудалайды. Дәл осындай жағдайға Ресейдің белгілі ойыншысы Юрий Жирков та ұшыраған. Жастар арасындағы кездесуде Ресейдің елтаңбасы бар жейдені жерге лақтыра салып, төрешіге наразы екендігіні білдіртеді. Осы жағдайдың артынша оны футбол федерациясы айыппұл төлеткізіп, кешірім сұратады.

Жарнаманың желігі

2001 жылдың қаңтар айы. Норвегия футбол қауымдастығы «Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Оле-Гуннар Солскьяерді ұлттық құрама ойындарында шақыртпағанды жөн санады. Себебі, ол Норвегия командасына демеушілік танытып отырған компанияның жарнамасына түсуден бас тартады. Норвегияда Сульшердің (футбол әлемінде оны осылай атап кеткен) танымалдығы өте керемет. Оны тіптен әлемнің көп елдерінде таниды. Кезінде «МЮ» сапында талай голдар соққан адуынды шабуылшы. 1998/1999 жылғы атышулы Чемпиондар Лигасының финалында соңғы үш минутта «Бавария» қақпасына жеңісті голды ойынға кіре сала соққан осы Сульшер еді. Сэр Алекс Фергюссон өзінің автобиографиялық кітабында Сульшерге арнап бір бөлім жазған.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 26 53-19 59
2 Астана 26 66-30 57
3 Тобыл 26 45-25 54
4 Елімай 26 47-31 48
5 Ақтөбе 26 39-29 43
6 Жеңіс 26 37-30 36
7 Ордабасы 26 37-28 35
8 Оқжетпес 26 37-43 35
9 Қызылжар 26 25-32 27
10 Ұлытау 26 20-41 23
11 Қайсар 26 24-42 22
12 Жетісу 26 19-43 21
13 Атырау 26 22-45 19
14 Тұран 26 25-58 16
Футболист недели Апта үздігі
Темирлан Анарбеков
Темирлан Анарбеков
Темирлан Анарбеков
Темирлан Анарбеков
Вратарь Қақпашы
77
Поиск по сайту
Наверх