Главное Маңызды
02 мая 2026, 21:20
827
Главный тренер «Иртыша» Кирилл Альшевский прокомментировал матч восьмого тура Премьер-лиги против «Кайрата» (0:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
02 мая 2026, 20:34
1818
Главный тренер «Кайрата» Рафаэль Уразбахтин прокомментировал матч восьмого тура Премьер-лиги против «Иртыша» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz:
02 мая 2026, 19:48
894
Главный тренер «Окжетпеса» Ринат Алюетов прокомментировал матч восьмого тура Премьер-лиги против «Кызылжара» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
02 мая 2026, 19:14
2125
Главный тренер «Кызылжара» Милич Чурчич прокомментировал матч восьмого тура Премьер-лиги против «Окжетпеса» (0:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
02 мая 2026, 09:09
2057
Главный тренер «Каспия» Ерлан Шойтымов прокомментировал матч 1/8 финала Кубка Казахстана против «Ордабасы» (0:3), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:

Келешекке кемел сенген «Оқжетпес»

29 дек. 2015, 11:44 | 2255
Көкшетаулық «Оқжетпес» премьер-лигаға оралысымен көптеген жанкүйерлерді таңқалдырған команда. Ұжымға тек шешуші сәттерде күш пен тәжірибие жетіспеді. Әйтпесе, білікті бапкер Владимир Мұқанов командасы алғашқы алтылықта өнер көрсете алатын қауқарда еді. Биылғы маусымды 8-ші сатыда аяқтаған Көкшетау өңірінің командасы келесі маусымға әжептеуір дайындық жасауда. Ұжымның мақсаты - жүлдегерлер қатарына ену.

Алғашқы айналымды «Оқжетпес» жақсы бастады. Ең бірінші турда елордалық «Астанадан» ұтылғанымен, одан кейінгі үш тур қатарынан жеңіске жетті. Бұл командада бірден көзге көрінген футболшы – Мирас Төлеев. Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы қорғанысқа мығым еді. Оның үстіне 21 жасқа толмаған футболшы ретінде жастар лимитінің аясында өнер көрсетті. Ал, одан кейін бірден ел чемпионатына келе салып гол соға бастаған шабуылшы көп көмегін көрсетті. Черногориялық шабуылшы Лука Роткович өзіне артылған сенімді толықтай ақтады. Қазақстан футболына кіріге кеткен Роткович жалпы чемпионатта 13 гол соғып, мергендер тізіміне де еніп кетті. Лука соққан маңызды голдардан «Оқжетпес» таза 16 ұпай жинаған. Ал енді келер маусымда Роткович «Оқжетпесте» қалу қалмауы екіталай. Оған осы күні еліміздің алғашқы алтылығындағы бірнеше команда қызығушылық танытып отыр. Егер бас бапкер Мұқанов оны өз командасында қалдыра алса, черногориялық келер маусымда да көкшетаулықтар үшін маңызды голдар соғары анық.

Одан бөлек командаға посткеңестік футболдың жұлдызы келгенін де айта кетейік. Ресей құрамасы мен мәскеулік «Локомотив» сапында жемісті жылдар өткізген Дмитрий Сычев «Оқжетпесті» баспасөз бетінде ньюсмейкер қатарына кіргізді. Атақты ардагер ойыншы ел чемпионатында 3 гол соқты. Ал шабуыл өтінде алда аталған қос шабуылшыға қарағанда командаға көп үлесін қосқан тағы бір шабуылшы бар.  

Футболға қайта оралып, өзінің екінші жастық шағын бастан өткерген Әлібек Бөлешев маусым ортасында тіпті Қазақстан Ұлттық құрамасына қайта шақырту алды. Маусым барысында 8 гол соққан Әлібек келер маусымда да тыншып қалмасы анық. БАТЭ командасымен чемпиондар лигасында ойнаған Александ Павлов «Оқжетпестің» ортаңғы бөлігін құптап ұстады. «Бавария» қақпасына гол соққан Белорусь футбол мектебі түлегінің тәжірибиесі премьер-лигаға оралған командаға әр бере түсті. Ал, оның қасында Ресей чемпионатында тер төккен Виталий Волков болды. Ол «Оқжетпес» сапында биыл 32 ойын өткізген жалғыз ойыншы. Легионерлерден команда ойынына кіріге алмай, өз мәнерін таба алмаған бір футболшы бар. Ол чехиялық қорғаушы - Михал Смейкал. Оның қорғаныстағы ойыны бас бапкерді қуанта алмады. Келер маусымда бұл қорғаушы Қазақстан чемпионатында қалмайтын секілді. Команда ойынын күшейтеді деп алынған жартылай қорғаушы Джозеф Ди Кьяра 13 кездесуге шығып, 1 голдың авторы атанды. Канадалық футболшы чемпионат басын тамаша бастағанымен, одан әріге шамасы жетпеген секілді.

Сербиялық легионер Иван Цветковичтің де жағдайы осылай. 13 кездесуде ғана алаңға шыққан. Жалпылама сараптап өтетін болсақ, командаға алынған легионерлердің көбісі өздеріне артылған сенімді ақтамады. Ди Кьяра, Цветкович, Сычев, Смейкал – осы төрт легионер команда ойынына көп үлес қоса алмады. Ұжымға сырт елден алынатын 8 футболшының 4-еуі әлгіндей статистикаға ие болса, онда команда ойынының толықтай мақсат орындауға жетпей қалғанын түсінуге болады. Бұл арада бапкер Владимир Мұхановтың бар ойыншылармен жұмыс жасап, жағдайдан дұрыс шыға білгендігін байқаймыз. Егер де екінші айналымның соңғы турларында футболшылар жарақат алып, легионерлер сүреңсіз ойын өрнегін көрсетпегенде, «Оқжетпес» екінші кезеңді алғашқы алтылықта бастап қалар ма еді. Оның орнына өздеріңіз білесіздер керекулік «Ертіс» еніп кетті.

«Оқжетпес» ойынына жанкүйерлер дән риза болған бір ойын бар. Чемпионаттың 9-шы турында команда керемет кездесу өткізді. Бұл ойын оның үстіне 25-ші сәуір, Қазақстанда футбол күні тойланып жатқан күнге тұспа тұс келді. «Астана-Арена» стадионында «Ақтөбені» қабылдаған көкшетаулық команда 2:3 есебімен жеңілгенімен, тартысты ойын өткізді. «КазСпорт» арнасынан тікелей эфирде көрсетілген бұл матч - чемпионаттағы ең қызықты ойындар қатарына жататыны анық.

Әрине, бірінші лигадан оралған ұжым үшін чемпионатты 8-ші сатыда аяқтау төмен көрсеткіш емес. Команданың биылғы жинаған тәжірибиесі келер маусымға керек болары анық. Мықты ұжымдармен терезесі тең тіресе алатын қайсар мінезге ие болған көкшетаулықтар 2016-жылғы чемпионатта да алғашқы алтылыққа енуге мүмкіндік қарастыратыны анық.

Ермұхамед МӘУЛЕН

фотолар "prosportkz.kz",  "sovsport.ru" сайттарынан алынды

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 8 12-3 18
2 Ордабасы 7 12-6 15
3 Оқжетпес 8 12-8 15
4 Елімай 7 12-7 13
5 Астана 7 11-9 12
6 Жетісу 8 9-9 12
7 Қызылжар 8 10-7 11
8 Ұлытау 7 7-7 11
9 Ақтөбе 7 8-8 10
10 Атырау 7 5-5 7
11 Жеңіс 7 3-8 7
12 Ертіс 8 8-11 6
13 Қайсар 8 4-8 6
14 Тобыл 7 7-13 5
15 Алтай 7 3-6 4
16 Каспий 7 3-11 1
Футболист недели Апта үздігі
Жорже Габриэл Кошта Монтейру
Жорже Габриэл Кошта Монтейру
Жорже Габриэл Кошта Монтейру
Жорже Габриэл Кошта Монтейру
Нападающий Шабуылшы
7
Поиск по сайту
Наверх