Суреттер сөйлейді. Суперкубок төңірегі
Стадионды толтыру үшін Өзбекстаннан жанкүйерлер алып келу қалды...Равшон Ирматов Суперкубок ойынында жұмыс атқарды.

Гоу бар жерде - гол бар демекші. Суперкубок финалында бұл жігіт гол соға алмады. Тіпті, пенальтиден де мүлт кетті. Бірақ, маусым әлі алда. Өткен жылы "Джерримен" сұқбаттасқанымызда ол Дрогбаға еліктеймін деп еді. Шаш үлгісін қараңыздар. Тура сол.

Эрич қол қусырып отырып қалды...

Қазақ футболына ауызбіршілік жетіспейді...1-тайм ортасында жас жұбайлар көңіл қосты

"Алтын шыққан жерді белден қаз". Мирослав Беранек жұмыс іздеп жүр. Суперкубок ойынын тамашалау кезінде Пан Беранектің қабағына қарасақ ел футболы баяғы жартас сол жартас секілді.

Бір ауданның бюджеті. Айына 140 мың ақш долларын алатын Аршавин алдарыңызда.

Ал бұл "Астана" командасы. Ненад Эрич пен Евгений Постниковтың қолдарына назар салыңыздаршы. Әнұран кезінде қолдарын жүрекке қойып тұр. Әнұран соңында олар бірдей: "Туған жерім менің - Қазақстанмым!" деп шырқайтын сияқты.

| № | Команда | И | М | О |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Ордабасы | 30 | 59-23 | 68 |
| 2 | Қайрат | 30 | 60-23 | 65 |
| 3 | Астана | 30 | 48-31 | 54 |
| 4 | Оқжетпес | 30 | 49-38 | 54 |
| 5 | Ақтөбе | 30 | 47-39 | 49 |
| 6 | Елімай | 30 | 43-44 | 45 |
| 7 | Тобыл | 30 | 42-42 | 41 |
| 8 | Жеңіс | 30 | 32-40 | 36 |
| 9 | Ұлытау | 30 | 27-38 | 35 |
| 10 | Қызылжар | 30 | 31-42 | 33 |
| 11 | Каспий | 30 | 32-44 | 33 |
| 12 | Ертіс | 30 | 31-44 | 32 |
| 13 | Атырау | 30 | 27-35 | 30 |
| 14 | Алтай | 30 | 31-42 | 28 |
| 15 | Жетісу | 30 | 31-49 | 27 |
| 16 | Қайсар | 30 | 25-41 | 25 |