Главное Маңызды
23 апр. 2024, 20:10
962
Главный тренер «Ордабасы» Александр Седнев заявил о желании покинуть команду, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба.
23 апр. 2024, 17:00
2893
Антикоррупционной служба расследует нерациональное использование народных денег в ФК «Актобе», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на «Time.kz».
23 апр. 2024, 10:15
1007
Главный тренер «Жетысу» Кайрат Нурдаулетов прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Шахтера» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальную пресс-службу клуба:
22 апр. 2024, 17:23
920
Руководитель футбольного клуба «Астана» Саян Хамитжанов поделился своим впечатлением от старта команды в новом сезоне, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
22 апр. 2024, 13:30
693
Главный тренер «Ордабасы» Александр Седнев прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Кызылжара» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальную пресс-службу клуба:

Жерар Гоу: “Келесі маусымда да сұрмерген атанамын!”

04 февр. 2016, 12:30 | 3014
Оның жанұясында 36 адам бар. Піл жағалауы елінің көп балалы жанұясынан шыққан Джерри жастайынан футболға құмар болды. Допқа тартысқанда кез-келгенді тасалайтын қауқары бар алып бала, футбол ойынына шын ғашық еді. Табанынан Африка құмының нәрін алып өскен шойын қара Жерар Гоу былтырғы маусымда Қазақстанның үздік шабуылшысы атанды. 22 гол соғып, еліміздің қорғаушыларының зәре-құтын қашырып, берекесін алған Гоу, қазақ футболы жанкүйерлерінің жүрегін жаулап алды.

- Жерар, алғашқы сауалды Сіздің спорттық ғұмырыңыздан бастасақ. Мароккода бір маусым өнер көрсетіпсіз. Африка футболын тастап, Еуропаға шығуға мүмкіндік алу қиын болған шығар.  

- Мен Кот’Д-Ивуардағы инфроқұрылымы аса қатты дамымаған футбол академиясын тәмамдаған соң, «Абиджан» деген командаға ауыстым. Сосын Марокко чемпионатында бір маусым өнер көрсеткен шағымда, мені еуропалық агенттер байқап қойыпты. Африка елдерінде чемпионатта бірнеше гол соғып, көзге түсе бастаған жас футболшылар әдет бойынша Еуропаға қоныс аударады. Мен де солардың қатарына ендім. Себебі, Мароккода маусымның алғашқы жартысында 7 доп соқсам, екінші жартысында 9 гол ұрдым. Сосын швейцарияның «Ксамакс» командасына алындым. Еуропаға ауысуыма агенттер, бапкерлер көмектесті, дегенмен басты рөлде менің өзімнің өнерім тұрды.

- Одан кейін, Түркия чемпионатына ауыстыңыз. Онда екі түрлі командада ойнадыңыз. Ол жақтағы ойыныңыз туралы айтып өтсеңіз.

- Швейцариялық клубтың басшысымен қарым-қатынасым нашарлап кетті. Содан кейін, амалсыз өзге командаға кетуге мәжбүр болдым. Ол кезде менің алдымда пәлендей бір таңдау болған жоқ. Жақсы бір еуропалық чемпионатты таңдап, сонда кетіп қалу еді бар ойым. Содан түркияның бірінші лигасында өнер көрсететін командаға алындым. Аты – «Денизлиспор». Бірақ, онда жағдай онша болмады. Айлықты жөнді ала алмай, кешігіп біраз қиындықтарды бастан өткердім. Сол арада екінші бір команда шақыра қалды. «Ризеспор» деген. Ол жақта жалақы да жақсы болды, әрі алаңға да көп шығып жүрдім. Түркиядағы екінші командам менің бағымды ашты десем қателеспеймін. Мен футбол ойнап, гол соғып, үнемі назарда жүрдім. Мұндай жағдай мені бақытты етті. Команда жанкүйерлері де маған риза болатын. Себебі, мен сол команданы алға сүйредім. Кейіннен «Краснодарға» ауыстым.

- Неліктен? Ол жаққа ауысқаныңызға өкінбейсіз бе? Себебі мұнда Сіздің потенциалыңыз толық ашыла қойған жоқ қой.

- «Краснодар» Ресей чемпионатының ортаңғы бөлігінде жүрген команда болатын. Ресей чемпионатында көріне білсең, одан әрі Испания, Англия секілді мықты чемпионатқа ауысасың. Мен жайлап спорттық ғұмырымда көтеріле бастаған секілді болдым. Бірақ, командаға келісімен менде құжаттар жағынан ақаулар болды. Амалсыз қайтадан отанға қайтып, виза аштырып, шет елде жұмыс жасауға құқық алдым. Содан ары-бері жүріп 5 ай уақыт жоғалттым. Сол арада команданың бас бапкері ауысып кетті. Жаңадан келген бапкер мені аса қатты алаңға көп шығара бермейтін. Чемпионат соңына қарай алты ойынға қатыстым. Оның үстіне тек матчтың соңғы 10 минуты қалғанда шығатынмын. «Краснодардың» «Кубаньмен» өткізген тартысты ойынында соңғы 10 минутқа шығып, 1 гол соқтым. Сөйтіп, есепті теңестірген едім. Бірақ, артынша гол жіберіп алдық.  

- Жалпы, «Краснодарда» өз-өзіңізді көрсете алмапсыз. Одан кейін, Қазақстанға жол тарттыңыз. Оған дейін біздің ел жайлы білуші ме едіңіз?

- Жоқ. Мүлде. Қазақстан деген ел маған таныс емес еді. Жаңадан команда іздеп жүргендіктен, менің агентім осында бір жақсы команда бар деп айтты. Барып көруімді сұрады. Шақырған ұжым да мені сынап көргісі келді. Сондықтан, амалсыз баруға тура келді. Қазақстан деген кезде маған Ауғаныстан, Пәкістан деген мемлекеттер көз алдыма келетін. Соңындағы стан деген сөз ортақтастырып жіберген шығар. Кішкене күмәнданып келдім. Сөйтсем... мұнда барлығы таңғажайып екен. Алматы деген қаланы көріп бірден ғашық болдым. Шынын айту керек Ресейдегі көптеген қалалардан әдемі болып шықты. Соғыс, кедейшілік деген дүние мүлде мұнда атауымен болмаған секілді. Жер бетіндегі жұмақтай көрінген қаланың командасы «Қайрат» - даңқты ұжым екен. Ал, оның президенті мені үнемі қонаққа шақыратын. Сосын ол кісі екеуміз дос болып кеттік. Мен келісім-шартқа тезірек қол қоюға асықтым.

- КотД Ивуарда Сіз жастар құрамасында өнер көрсеттіңіз. Одан да бөлек командаларда ойнаған кезде танымал қандай отандастарыңызбен араластыңыз? Мүмкін ішінде әлемге танылған футбол жұлдыздары бар шығар.

- Джовани Силл деген досым бар. Ол франция чемпионатында доп тебеді. Сосын «Манчестер Сити» командасының шабуылшысы Вильфред Бони менің жақын досым. Осы аталған футболшылармен біз отанда жүрген кезден-ақ таныспыз. Осы күндері біз хат алмасып, араласып тұрамыз.

- Қазақстанда шабуыл шебінде былтыры Сізге тең келер ешкім болмады. 22 гол соқтыңыз. «Қайраттың» маңызды ойындарында көріне білдіңіз. Әсіресе, «Црвена» қақпасына соққан голыңыз әдемі болды. Қазақстанда өзіңізге бәсекелес ретінде қандай мықты шабуылшыны айта аласыз?

- Негізі маған ұқсас шабуылшы Қазақстанда жоқ. Менің ойын мәнерім басқаша. Әрине, мен де қателік жіберіп тұрамын. Ал, басқа қазақстандағы шабуылшылар өте көп қателеседі. Мен соны байқадым. Жалпылама айтар болсам, Қазақстандағы мықты ойыншылар деп мен әріптесім Баториды (Бауыржан Исламхан) және Исаэльді айтар едім. Сонымен қатар, «Астана» командасында 8 нөмерлі (Георгий Жуков) жас футболшы бар. Соның ойыны ұнайды.

- «Қайраттан» кету ойыңыз да жоқ па? Естуімізше, ресейлік командалар Сізге құда түсіпті ғой.

- Жоқ. Келер маусыда да «Қайратта» боламын. Мен биыл келе салып 22 гол соқтым. Елдің айтуынша қазақстандағы қорғаушылар үшін тосын-сый болыппын (күліп). Және де мен бұл жағдайдың жай сәттіліктің арқасы еместігін келер маусымда дәлелдегім келеді. Көптеген шабуылшылар бір маусымда 20 гол соғып, келесі жылы 2 голмен шектеліп жатады. Мен ондайлардың қатарынан емеспін. Келер маусымның да бомбардирі мен боламын. Көресіздер!

- Джерри, мен өзім жас кезімде етігім болмай, қыстың күні сабаққа бармаған кездерім болды. Жалпы Қазақстанда сол кездері өте ауыр жағдайлар орын алды. Сіз де жас кезіңізде өміріңіз түгел тамаша өтті дей алмайтын шығарсыз. Африкада кедейшілік пен тұрмыстың нашарлығын білеміз.

- Иә, несін жасырайын. Африкадағы жағдайды барлықтарыңыз білесіздер. Мен де сондай кедей отбасынан шыққан азамматтардың бірімін. Құдайға шүкір, спорттың арқасында жағдай оңалды. Бірақ, кішкентай кезімде бір оқиға болған. Футбол ойнап жүрген кезімде бутсиым болмайтын. Академияда көптеген балаларда болды. Бәрінде емес әрине. Бірлі-жарымында. Кәнігі футболшы болып қалыптасып келе жатқан шағымда бірақ кидім ғой бутсыны. Бұл енді футболды жақсы көретін адам үшін, футболшы боламын деп армандайтын бала үшін өте ауыр дүние шығар. Бутсы алатын ақшам болмағанымен, мен футболды еш тастаған емеспін. Дидье Дрогба секілді мықты футболшы болғым келді. Ал, қазір мен футболды ақша үшін ойнамаймын.

- Гол соққан кезде маңдайыңызды сәждеге тигізесіз...

- Оның барлығы сол шүкіршілік емес пе? Осы күнге аман-есен жеткеніме, Құдайдың маған берген сыйына ризамын. Сол үшін де, Құдайды бір мезетке де ұмытқым келмейді.

- Қазақстанда қандай тамақ ұнады?

- Бешбармақ деген ұлттық тағам бар деп көп адамнан естідім. Бірақ, әзірге жей алмадым. Өткенде бір жылқы еті қосылған палау жедім. Жаман емес. Маған ұнады. Негізі көбінесе осында әйелім тамақ пісіреді.

- Жанұяңыз жайлы айтып өтсеңіз?

- Менің жанұям өте үлкен, 36 адам бармыз. Мен ғана футболшымын. Енді кішкентай інім маған ұқсап футболға бармақшы. Біздің мәдениетімізде бір жанұядан бір бала мықты болып өссе, ол түгел жанұяға көмектесуі керек. Мен жалақымның көп бөлігін әке-шешеме жіберемін. Іні-қарындастарымның оқуына, киіміне көмегім тиуде.

- Әңгімеңізге рахмет!

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Ақтөбе 4 10-3 10
2 Қызылжар 5 9-3 8
3 Ордабасы 5 9-4 8
4 Тобыл 4 8-4 8
5 Қайрат 5 5-5 8
6 Астана 5 6-4 7
7 Елимай 4 4-4 7
8 Жетісу 4 2-2 7
9 Женис 5 2-9 6
10 Атырау 5 3-4 4
11 Туран 5 2-4 4
12 Шахтер 5 1-9 3
13 Қайсар 4 2-8 1
Футболист недели Апта үздігі
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Полузащитник Жартылай қорғаушы
7
Поиск по сайту
Наверх