Главное Маңызды
03 июл. 2026, 11:10
573
Второй сезон кряду лучшим бомбардиром сезона стал бразильский нападающий «Семея» Андерсон Алвес «Дедезиньо». KazFootball.kz предлагает вашему вниманию лучших бомбардиров Премьер-лиги по футзалу, сезона 2025/2026 гг.
03 июл. 2026, 10:12
1430
Главный тренер «Окжетпеса» Ринат Алюетов прокомментировал матч 15-го тура Премьер-лиги против «Кайрата» (0:5), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
03 июл. 2026, 09:13
2952
Главный тренер «Кайрата» Рафаэль Уразбахтин прокомментировал матч 15-го тура Премьер-лиги против «Окжетпеса» (5:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
02 июл. 2026, 14:00
1349
Воспитанник «Кайрата» и будущий игрок «Челси» Дастан Сатпаев в интервью пресс-службе клуба рассказал о первых шагах в футболе, просмотре в лондонском клубе, матчах против «Реала» и «Интера», чемпионском сезоне с алматинцами и мечте проложить путь в Европу для нового поколения казахстанских футболистов, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
29 июн. 2026, 15:05
1660
Главный тренер «Улытау» Нуркен Мазбаев прокомментировал матч 15-го тура Премьер-лиги против «Ордабасы» (0:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:

"Қара қыраттар елі"

08 окт. 2016, 13:50 | 3858
Алатаудың баурайынан Қаратаудың сілемдеріне ұштық. Бұл жолғы жүрісіміз өзгелерден ерекше болды.

Мұншама қазақ журналистері көп болып соңғы рет қашан футбол іс-сапарына барғанын білмеймін. "Хабардан" Амангелді Сейітхан мен Айбек Қабылша, "Айқыннан" Есей Жеңісұлы, "КазСпорттан" Тұрлыжан Әйтенов, «Жас Алаштан» Қуаныш Нұрданбек, «Әлжан.kz» сайтынан Мадияр Арыстанбаев. Одан бөлек бейнеоператорлар бар.

Құрамаға қазақ бапкерлері келді деп қуансақ, енді міне қазақ журналистерін де шет елдегі ойындарға көптеп апаратын болыпты деп бір қуанып отырмыз. Сірә, бетіміз бері қарап келе жатыр-ау.

Грузия әуе компаниясының қызметкерлеріне рахметімізді айтып, Монтенегро еліне келіп жеттік. Табанымыз тиісімен Қаратау деген сөз ауызға орала кетті. Қаратау десе Қаратау екен. Айнала бұлтпен тілдескен тау сілемдері. Біздің Алматыдағыдай ақ бас, басын қар шалып жататын Алатау емес. Бұл көнекөздің түсі қаралау екен. Жол-жөнекей Есей Жеңісұлы бір мәрте «Қаратауға барамыз» деп мақала арасында айтып қалып едім, адамдар ол Черногория ғой, елдің атын неге бұрмалайсыз деп шықты дейді. Дегенмен, Ес ағамыз айтқанынан қайтпайды. Бірде, Аман ағамыз да бұл енді былай қарасақ «Қара қыраттар елі» ғой дегені бар еді.

Әужайдан қонақүйге дейін бір автобустың ішіне жайғастық. Әңгіме жан-жақтан қойылған сауалдармен өрби кетті.

- Ермұхамед мынау сенің Таразың секілді қала екен. Шағын, әрі таза.

- Иә, әрине. Сол Тараздың маңында тоқсан шақырым жерде Қаратау деген қала да бар, - деп мысқылдап қоямын. «Оның үстіне Тараздың да, Подгорицаның да тұрғындар саны бірдей. Шамамен 200 мың адам.

- Сонда өзі түгел халқы қанша екен?

- 600 мың.

- Тәуелсіздікті де кейін алған-ау шамасы?!

- Иә, 2006 жылы бұлар Сербия және Черногория деген құрама команда болатын, - деп өткенді еске алды Есей Жеңісұлы.  

- 2007 жылы Черногория болып алғашқы ойынын ойнапты.

- Иә, иә Венгрияны жеңген. Міне, әңгіме барысы осылай өрбіп отырып, біз «Кербер» деп аталатын қонақ үйге де келіп қалыппыз. Әңгіме жол қысқартады. Алайда, әлгі әңгіменің қақ ортасындағы басты кейіпкерлер Амангелді Сейітхан мен Есей Жеңісұлы. Бір-бірін «Аман аға», «Ес аға» деп сыйлағандары қандай керемет. Қазақ спорт журналистикасының екі қара нары. Қара қыраттар елінде арамызда қыраттай болып оқшау жүр.  

«KazFootball.kz» сайтына өткен жолы Амангелді Сейітхан мақала берді. «Футбол келді» деп тақырып қойды. Иә, расымен де қазіргі ойын, бұл біздің, өзіміздің футбол еді. Өзіміздің бапкер, өзіміздің футболшылар. Енді не болсада өзімізден көреміз. Сырттан келген сырттан жоқтың қасы. Қаракөз бауырларымыз көбейді. Баспасөз мәслихатында да осы мәселе көтерілді. Қойылған сауалдарға Талғат Маруанұлы қазақ тілінде жауап берді. «Алла қаласа», «құдай бұйырса» деген сөздерді де естіп отырмыз. Бапкер үшін, команда үшін қалай жаның күймейді?! Олар да сен секілді сөйлеп, сен секілді толқып тұрса.

Қазір журналистиканың да ауаны өзгерген. Аяқ-асты ақпаратты сәл бұрмалап, ақыртып тұрып тақырып қояды. Мәслихатта әсіресе орыс тілді бірлі жарым журналистер кекетіп, мұқатып сөйлегенді ұнатады. Тырнақ астынан кір іздейді. Кейбір сайттар тіпті күллі ел футболына жұлдызы қарсы. Әрине, әрқайсысының ішкі саясаты, жымысқы әрекеттері бар. Бірақ, соны талғамсыз оқитын оқырмандар ақпарат ағынында адасып кететіні анық. Сондықтан, жанкүйерлерге де «өзіміздің» ақпаратты, «өзіміздің» мақалаларды оқыңыздар дейміз. Көсем айтпақшы «сөз түзелді, оқырман сен де түзел».

Кеше Нұркен Мазбаев айтып еді, матч болатын күні күн шығады деп. Аға бапкер күн райының қалай болатынын да қарастырыпты. Талғат Маруанұлына жан-жақты ақпарат беріп, жаттығу жұмыстарын жүргізіп, көп көмегін тигізіп жүр. Расымен де, таңғы шайға тұрғанымызда күн күлімдеп тұрғанын көрдік. Кеше түнерген қара аспан шәйдай ашылыпты. Бір топ қазақ журналистері де шәйдай ашылған күнге қарап, бес шәйнек шәй ішіппіз. Бүгін кешке елге сүйінші хабар таратсақ жақсы болар еді...

Ермұхамед МӘУЛЕН

Подгорица, Черногория

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Ордабасы 15 27-9 37
2 Қайрат 17 29-12 36
3 Оқжетпес 15 21-16 27
4 Елімай 15 23-19 23
6 Астана 15 21-17 23
6 Ұлытау 15 13-14 23
7 Ақтөбе 15 18-14 22
8 Атырау 15 11-11 18
9 Жетісу 15 20-22 18
10 Жеңіс 15 13-18 18
11 Қайсар 16 13-19 17
12 Қызылжар 16 17-24 15
13 Тобыл 15 16-23 15
14 Каспий 15 10-19 11
15 Ертіс 15 14-21 10
16 Алтай 15 10-18 10
Футболист недели Апта үздігі
Максим Самородов
Максим Самородов
Максим Самородов
Максим Самородов
Нападающий Шабуылшы
10
Поиск по сайту
Наверх