Главное Маңызды
23 апр. 2024, 20:10
961
Главный тренер «Ордабасы» Александр Седнев заявил о желании покинуть команду, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба.
23 апр. 2024, 17:00
2891
Антикоррупционной служба расследует нерациональное использование народных денег в ФК «Актобе», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на «Time.kz».
23 апр. 2024, 10:15
1006
Главный тренер «Жетысу» Кайрат Нурдаулетов прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Шахтера» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальную пресс-службу клуба:
22 апр. 2024, 17:23
919
Руководитель футбольного клуба «Астана» Саян Хамитжанов поделился своим впечатлением от старта команды в новом сезоне, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
22 апр. 2024, 13:30
692
Главный тренер «Ордабасы» Александр Седнев прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Кызылжара» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальную пресс-службу клуба:

Соңғы серпіліске күш жете ме?

21 янв. 2017, 11:30 | 2517
«Гранаткин мемориалы» турнирінде Қазақстан жастары сенсация жасауда. Топтан шығып көрмеген командамыз ертең финалда өнер көрсетеді. Қарсыласымыз – Ресей құрамасы. 19-ға толмаған жігіттердің айқасы қалай болар екен?! Көңіл күпті болғанымен, бізге жоғалтар ештеңе жоқ. Қарсыласымыздың да ойы осылай секілді.

Ресей құрамасы алдымен осы турнирге қандай дайындықпен келгеніне тоқталсақ. Бірден айтайық, ресейлік журналистердің ақылына жүгіндік. Олар білетін біршама ақпаратты айтайық. Қайсібір жылы «Достастық Кубогына» барғанымызда Санкт-Петербургтың жергілікті футбол шолушыларымен аралас-құралас болып, байланыс орнатып едік. Солардың бірі Виктор Орлов былай дейді: «Қазіргі мына Ресей құрамасы негізгі команда емес. Олардан ешкім нәтиже талап етіп отырған жоқ. Бұлар турнирді тек жаттығу, іріктеу ойындарына дайындық деп келіп отыр. Себебі, негізгі құрамның сегіз ойыншысы өз командаларымен жаттығу жасауда. Сондықтан, оларға тиіспейміз деп шешіпті. Ал, мында жүргендер кейінірек болатын ресми ойындарда негізгі құрамға алынуға талпынатындар. Яғни кандидаттар құрамасы. Барлығы емес әрине, Бірақ, көбінесе әлі көріне алмай жүрген, бірақ талабы барлар».

Әріптесіміздің айтқанына құлақ аспауға шара жоқ. Себебі, Ресей футболын бізден артық білетіні анық. Қазіргі құрамда аттары танымал бірнеше футболшы жүр. Алайда, олардың ешқайсысы да бұрын футбол ойнаған атақтылардың туыстары емес екен. Фамилияластар өте көп. Қазақстан Президенті Кубогына келіп жүретін бұрнағы Ресей командасының өкілдері де жоқ емес. Мысалы, «Чертаново» деген Мәскеу облысының командасының футболшылары тегіс Қазақстанда болғандар. Бұл команданың бес бірдей ойыншысы осы құрамда жүр. Биыл 18 жасқа толатын футболшылар Ресейдің U19 құрамасына алынулары тиіс. «Гранаткин» турнирінде көзге түскендер бапкерлер назарында болары анық.

Көзге түскен кімдер дейсіздер ғой? Шабуылшылар. Ресей командасы алғашқы ойынды тамаша бастады. Топтың алғашқы ойынын олар Үндістанға қарсы өткізді. 8:0 есебімен тас-талқан ұтты. Максим Глушенков (№15) пен Дмитрий Цыпченко (№7) осы матчта дубльден жасады. Одан кейін орыстар латыштарды 1:0 есебімен минималды жеңді. Жартылай қорғаушы Александр Руденко (№10) көзге түсті. Үшінші матчта Ресей Беларусь құрамасын 3:0 есебімен айқын ұтты. Сол ойында «Ростов» командасының жартылай қорғаушысы Дмитрий Вебер (№19) гол соқты. Ұлты неміс бұл ойыншы осы биыл «Ростов» командасының негізгі құрамында Ресей Премьер-лигасында бір ойын өткізіп үлгерді. Ресей жоғары лигасының дәмін татқан бұл талантқа Ресей жастар құрамасының бапкерлері қазірден көз тігіп отыр. Вебер осыдан кейінгі ширек финалда Болгарияға қарсы өткен матчтың «үздік ойыншысы» атанды. Ол ойында солтүстіктегі көршілеріміз тағы да 3:0 есебін тіркеді. Бұл ойында голдарды сол баяғы Глушенков, Цыпченко, Руденколар соқты. Осы аталған ойыншылар жартылай финалдық кездесуде де ойынның тағдырын шешті. Санкт-Петербургтың командасын 4:1 етіп жеңді. Бұл Ресей құрамасының осы турнирде жіберген әзірге жалғыз голы. Қорғаныстың мығым екенін осыдан-ақ ұға беріңіздер.

Сонымен Ресей 5 ойын өткізіп, 5 жеңіс тіркеген. Доптар айырмасы 19-1. Бірақ, Михаил Галактионов шәкірттері өткен жылы да тамаша ойнап, соңғы сәтте сүрінген еді. 2016 жылы Ресей «Гранаткин мемориалында» үшінші орын алды.

Қазақстан құрамасы үшін Ресей ауыр қарсылас екені анық. Алайда, «ескі жау атыспаққа жақсы» деген бар. Бұл елдің командаларына біздің жастар талай турнирде қарсы ойнаған. Тек жартылай финалда алаңнан қуылған Жанәлі Пайруздың жоқтығы қиын болайын деп тұр. Дегенмен, стратегиялық тұрғыда сауатты келген аға бапкер Александр Кузнецов тағы бір қулық ойлап табатын шығар деп сенеміз... 

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Ақтөбе 4 10-3 10
2 Қызылжар 5 9-3 8
3 Ордабасы 5 9-4 8
4 Тобыл 4 8-4 8
5 Қайрат 5 5-5 8
6 Астана 5 6-4 7
7 Елимай 4 4-4 7
8 Жетісу 4 2-2 7
9 Женис 5 2-9 6
10 Атырау 5 3-4 4
11 Туран 5 2-4 4
12 Шахтер 5 1-9 3
13 Қайсар 4 2-8 1
Футболист недели Апта үздігі
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Полузащитник Жартылай қорғаушы
7
Поиск по сайту
Наверх