Главное Маңызды
22 нояб. 2024, 16:42
486
Решением Судейско-экспертной комиссии арбитры матча десятого тура Чемпионата Казахстана по футзалу АФК «Кайрат» – «Атырау» (1:0) отстранены на два месяца, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт АФК.
22 нояб. 2024, 15:48
344
Во время турнира по футболу среди школ города Рудного арбитр поднял на ребенка руку за русский мат, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Telegram-канал «HALYQSTAN».
21 нояб. 2024, 20:40
513
Депутат Мажилиса Павел Казанцев оправдал наставника сборной Казахстана Станислава Черчесова после провала в Лиге Наций и эмоционально обратился к болельщикам, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на «Sportnews.kz»:
21 нояб. 2024, 17:17
551
Спортивный директор «Астаны» Игорь Павлюк рассказал о подготовке столичных к финальному матчу Кубка Лиги против «Жениса», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт QFL.
21 нояб. 2024, 11:13
2344
Аким Кызылординской области Нурлыбек Налибаев высказал свое мнение по поводу финансирования «Кайсара», сообщает корреспондент KazFootball.kz:

Бағдат Қайыров: "Маусым қызық болғалы тұр"

12 февр. 2017, 11:29 | 2226
«Ақтөбе» футбол клубының қорғаушысы үшінші оқу-жаттығу жұмыстарына қатысу үшін Түркияға қашан ұшып баратынын, командада «Фифадан» кімнің мықты екенін және қазіргі таңда қандай ем қабылдап жатқанын «Тілші» агенттігінің журналисіне берген қысқаша сұхбатында айтып берді, деп хабарлайды KazFootball.kz.

— Бағдат, екінші оқу-жаттығу жиынындағы «Анжимен» болған матчта бұрынғы жарақатыңызды зақымдап алдыңыз. Қазір енді реабилитация қалай жүріп жатыр, қашанға дейін созылады?

— Иә, солай. Балтыр бұлшықетінде жарақатым бар. Қалпына келуім үшін әлі бір аптадан көп уақыт керек. Сосын Түркияға ұшып барып, команда сапына қосылам. Оның өзінде де басында жеке бағдарламамен дайындалып, кейін 4-5 күннен соң ғана жалпы құрамға қосыламын деп жоспарлап отырмын. Ем жақсы жүріп жатыр. Физиологиялық және жүйелік емдеу, «Плазма» деген арнайы ем процедурасын қабылдап жатырмын. Ол жаңа технология екен, өз қаныңды айналдырып өзіңе қайта құяды. Клубтың дәрігері Түркиядан хабарласып, осы ем кестесін құрып берді.

— Оң болсын дейміз. Емнен бөлек, Ақтөбеде немен айналысып жатырсыз?

— Көбірек демалып жүрмін. Үйде жанұямның ортасында көп уақыт өткізуге тырысам. Сүйіктім бе? Ол қазір қалада емес.

— Жиында тек «Анжимен» қарсы матчқа ғана қатыстыңыз. Қарсылас қалай екен?

— Көптеген өзгерістерге ұшырап жатыр екен. Былай күшті қарсылас. Ресей Премьер-лигасында оңай команда жоқ қой өзі. 90 минут бойы толық ойнап шықтым. Жеңдік. Бірақ, өкінішке қарай, ескі жарақат сыр берді.

— Махачкалалық клубта біздің ескі таныстар Антонов пен Сирино қаралымнан өтіп жүр дейді. Көрісіп, сөйлестіңіздер ме?

— Иә, көрдік. Антоновпен аздап сөз алмастық. Енді біз олар ойнап жүргенде дубльде болдық қой. Сириномен Саят (Жұмағали – «Тілші») сөйлесті. Жақсы араласады екен. Бірақ, білмедім қай тілде сөйлескенін. (күледі).

— Жалпы, бірінші ОЖЖ бойынша, биылғы жасақталып жатқан командаға қандай баға берер едіңіз? 

— Бір сөзбен айтқанда, биыл ұжым мықты! (жымиып).

— Маусымға қандай міндет қойып отырсыздар?

— Кем дегенде, Еуропа Лигасына жолдама алу керек қой деп отырмыз. Мейлі, ол біріншілік арқылы болсын, Кубок арқылы болсын. Әрине, бұл, кем дегенде!

— Кубок демекші, биылғы ҚР Кубогынің финалы Ақтөбедегі Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда өтеді. Соған орай Сіздің ой-пікіріңізді білсек. 

— Ол, сөзсіз, бізге қосымша мотивация. Егер жанкүйерлеріміздің алдында финалда ойнап жатсақ, одан басқа арман бар ма?! Біздің фанаттардың қызу қолдауына ештеңе де жетпейді. Жалпы айтқанда, Астана мен Алматыда емес, бұл жолы финалды Ақтөбеде өткізу шешімі дұрыс деп есептеймін.

— Түркияда қазір соңғы жиын жүріп жатыр ғой?..

— Иә, бірақ сонан соң Шымкентте тағы бір маусымалды жиын болады деп күтілуде. Қазір ықтимал қарсыластар да анықталып жатқан көрінеді.

— Биылғы ұжымды мықты деп отырсыз. Клубтағы атмосфера да жақсы сияқты..

— Иә, атмосфера ойдағыдай. Тіпті керемет десе де болады. Клубтағы көңіл-күй де тым жақсы. Оның үстіне бразилиялықтар да әдемі сіңісіп жатыр. Оларда жатырқау деген мүлде жоқ екен. Бәрімен сөйлеседі, араласады. Кассиано бірнеше тіл біледі. Қысқасы, көңілді, әрі бәсекеге қабілетті команда жинақталып жатыр деген ойдамын. Маусым қызық болғалы тұр.

— Жиында жаттығулардан бөлек бос уақытта немен шұғылданасыздар?

— Қонақүйде демаламыз. Жаттығу залында боламыз. Гаджет арқылы үймен, сүйіктілерімізбен сөйлесеміз. Одан қалды, «ФИФА» ойнаймыз. (күледі).

— «Фифадан» кім мықты командада?

— Кәкімов! Бәрін алдап шығып, гол соғады. Тура өзі сияқты. Сосын керім жүгіретіндерді негізгі құрамға қояды. Асланбекті ешкім жеңе алған жоқ әлі.

— Былтырғы маусым бойынша қатемен жұмыс жасадыңыз ба?

— Әрине, былтыр дебют болды ғой. Қателермен жұмыс жасалды, өзім қорғаушы болғасын, маған қарсы ойнаған ойыншылардың да қыр-сырларын біліп алдық дегендей. Талдау жұмыстары әлі де жүріп жатыр, жарақатым аз-маз кедергі болып тұр демесем. Бірақ толық сараптамаға әзірге уақыт бар.

— Жеке басыңызға қандай мақсат қойып отырсыз?

— Ендігі маусымда жоғарырақ деңгейде өнер көрсетуге тырысамын.

— Жаңа бас бапкер Рахаевқа байланысты не ой түйіп үлгердіңіз?

— Жақсы бапкер. Сымбатты комбинациялық стильді ұнатады, пасқа иек артады. «Тики-таканы» жақсы көретіні байқалады, доп бізде болуы керек дегенді көп айтады. «Сонда көп жүгіріп, шаршамаймыз, жылдам орналасулар арқылы шабуыл жасаймыз» дейді.

— Жеке өзіңізге тактикалық тапсырмалар берген жоқ па?

— Жоға, әлі оңаша сөйлесе қойған жоқпыз көп. Жалпы теориялық сабақтарда ұқтырып жатыр барынша білгенін. Биылғы маусымда позициям былтырғыдан өзгешелеу болуы мүмкін, жаңа бапкердің ойлаған тактикасы басқаша. Қалғанын айтпаймын. Құпия болсын. Уақыт көрсете жатар. Қазіргі мақсат – тезірек емделіп, қатарға қосылу. Өзімнің маңыздылығымды дәлелдеу. Сол үшін жұмыс істеймін.

— Дәстүр бойынша, «ақ-қызылдардың» жанкүйерлеріне айтар тілегіңіз.

— Тілек баяғыша – жеңіліс болсын, жеңіс болсын, командамен бірге болсын деймін. Клубтың «Тентек» деген бойтұмары да пайда болғанын ғаламтордан оқыдым. Маған ұнады, әдемі әрі ерекше маскот екен. Тек оны шын өмірде жасап шығару қиын болмаса болды. «Экспоның» маскоттарындағыдай бүлдіріп тастамаса екен. (жымиып).

tilshi.kz

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх