Главное Маңызды
19 апр. 2024, 12:30
173
KazFootball.kz предлагает вашему вниманию бомбардиров Второй лиги после второго тура.
19 апр. 2024, 10:59
135
Казахстанский полузащитник «Гомеля» Абинур Нурымбет рассказал об играх в условиях Рамадана, целях по голам на сезон и адаптации в новом клубе, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Sport5.by.
17 апр. 2024, 16:03
564
Экс-нападающий сборной России и «Кайрата» Андрей Аршавин вспомнил о матче на «Энфилде» и о времени проведенном в «Арсенале», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на «Спорт-Экспресс».
15 апр. 2024, 19:06
5271
Исполняющий обязанности главного тренера карагандинского «Шахтера» Андрей Финонченко подвел итоги матча 1/8 финала Кубка Казахстана с семейским «Елимаем» (1:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
15 апр. 2024, 18:37
720
KazFootball.kz предлагает вашему вниманию бомбардиров Кубка Казахстана после 1/8 финала.

Абзал Бейсебеков: "Арманым Англия, Испания чемпионаттарында доп тебу"

13 февр. 2017, 12:30 | 2348
Жалпы оқу-жаттығу жиындарының өту барысы, команданың алдағы маусымға дайындығы, өзінің арманы мен ерекше хоббиі туралы Абзал Бейсебеков "Астана" футбол клубының баспасөз қызметіне арнайы сұқбат берген болатын. Сол сұқбатты KazFootball.kz порталы назарларыңызға ұсынады.

 - «Астана» командасы Түркияда «Александрия» (2:2) және «Железничар» (1:1) командаларына қарсы екі кездесу өткізді. Сізге қай ойын көбірек ұнады?

- Екі кездесуде де жаман ойнаған жоқпыз. Бірақ, жақсы да ойнадық дей алмаймын. Ураиналық «Александрия» командасы қорғаныста өте жақсы ойын өрнегін көрсетті. Сондықтан, ол ұжымға қарсы ашық ойын ойнау біз үшін қиындау болды. «Железничар» командасы да өзіне тән ойын үлгісі қалыптасқан мықты ұжым. Сондықтан, екі кездесу де маған ұнады. Ең бастысы, осы ойындарда жақсы тәжірибие жинай алдым.

- Абзал, өзіңіз білетіндей, команда Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары барысында өткізген екі матчта да жеңіске жете алмады. Бұны немен байланыстырасыз?

- Менің ойымша, футболда жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Бірақ, екі ойында да біз жеңілген жоқпыз, тең нәтиже көрсеттік. Бұйырса, алдағы болатын ойындарда осы олқылықтың орнын толтырып, бапкерлер тарапынан көрсетілген кемшіліктерді түзеп, жеңіске жетуге тырысамыз.

- Оқу-жаттығу жиындары барысында өткізген кездесулердің аса бір маңызы жоқ деп жатады. Сіздің пікіріңіз қандай?

- Оқу-жаттығу жиындары барысында өткізген жолдастық кездесулердің нәтижесі емес, команданың көрсеткен ойыны маңызды. Ең бастысы, командаға келген жаңа ойыншылармен алаңда дұрыс тіл табысып, команданың ойын мәнерін қалыптасыру керек. Жалпы, жаттығу жиындарында команда сапындағы әр ойыншыға өзін көрсетуге, тәжірибие жинауға бапкерлер құрамы мүмкіндік береді. Сол мүмкіндікті оңтайлы пайдаланып, алдағы маусымға тыңғылықты дайындық жұмыстарын жүргізуіміз керек деп ойлаймын.

- Соңғы кездесуде алаңға өзге ойыншының орнына шығып, орталық жартылай қорғаушының міндетін атқардыңыз. Бірақ, кездесу барысында оң қапталдағы қорғаушы позициясына ауысып ойнадыңыз. Ойын барысында позиция өзгерту қаншалықты қиын?

- Мен үшін аса бір қиын дей алмаймын. Себебі, үйреніп те қалдым. Қанша жылдан бері алаңда әр түрлі позицияда ойнап келемін. Бапкерлер тарапынан берілген тапсырманы орындап, алаңдағы өз жұмысымды тиянақты атқара алсам болғаны.

- Абзал, Сіз ұлттық құрама сапында болсын, «Астана» командасы сапында болсын әр позицияда ойнап көрдіңіз. Жалпы, өзіңізге қай позицияда ойнаған ыңғайлы және қызықты?

- Маған алаңда шабуылшы қызметін атқарған ұнайды (күледі). Себебі, алғаш үлкен футболға келгенде шабуылшы болып бастағанмын. Бірақ, уақыт өте келе қорғаныста ойнайтын болдым. Орталық жартылай қорғаушының да міндетін атқардым. Негізі, жаныма жақын позиция – шабуылшы болу.

- Сізді команда сапында бірнеше жылдан бері ойнап келе жатқан тәжірибиелі ойыншы ретінде білеміз. «Астана» командасының мықтылығы неде? Қазақстан Премьер-лигасында команда басқа қарсыластарынан әрдайым бір бас жоғары тұрады. Мұның сырын айта аласыз ба?

- Менің ойымша – біз нағыз төрт құбыласы тең командамыз. Біріншіден, команда сапында өз істеріне үлкен жауапкершілікпен қарайтын, тәжірибиелі ойыншылар шоғырланған. Екіншіден, білікті мамандардан құралған бапкерлер құрамы бар. Үшіншіден, команданың жүрегі - сүйікті жанкүйерлеріміз бізге әрдайым қолдау білдіріп отырады. Төртіншіден, бізге барынша қолайлы жағдай жасап жатқан басшылық. Бар құпия - осында.

- «Астана» сапына жаңадан келген ойыншылар командаға сіңісіп кете алды ма? Сол ойыншылардың (Мұртазаев, Лулаку, Маевский, Жалмұқан) әрқайсысы туралы айтып бере аласыз ба? Сіздің бұл ойыншылармен қарым-қатынасыңыз қалай?

- Біз командаға келген жаңа ойыншыларды әрдайым жылы қабақ танытып, жақсы қабылдауға тырысамыз. Жаңадан келген ойыншылар ұжымға толықтай сіңісіп кете алды деуге болады. Мен бұл ойыншылардың ешқайсысын бөле жарғым келмейді. Себебі, біз тұтас командамыз. Жаңадан келген ойыншылармен алаңда да, өмірде де жақсы тіл табысып кеттік. Қарым-қатынасымыз өте жақсы.

- «Астана» - соңғы екі жылда еурододалардың топтық кезеңінде ел намысын қорғап, Қазақстанның имиджін қалыптастырып жүрген ұжым. Жақында ғана ел чемпионатынан командалас әріптесіңіз Неманья Максимович испаниялық «Валенсия» клубымен алдын ала келісім-шарт жасағанын білеміз. Біздің чемпионаттан Еуропаның маңдай алды клубтарына ауысу мүмкіндігі қаншалықты мүмкін деп ойлайсыз? Жалпы, футболдағы арманыңыз бар ма? Әлде, клубтық деңгейдегі мансабыңызды «Астана» сапында аяқтағыңыз келе ме?

- Жоқ, мен Қазақстан чемпионатымен тоқтап қалғым келмейді. Өздеріңіз білетіндей, осыған дейін Польшада ойнап, үлкен тәжірибие жинап келдім. Негізінде, осы күнге дейін бір арманыма жеттім деп айтуға болады. Еуропа Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнадым. Ол да болса кішігірім жетістік. Мен осы жетістікпен тоқтап қалмай, өзімнің шеберлігімді шыңдап, Англия, Испания сияқты мықты чемпионаттарда өнер көрсеткім келеді. Әлі жаспын, менің оған күш-қайратым да, мүмкіндігім де бар. Ал, Қазақстан чемпионатынан Еуропаның мықты чемпионаттырына ауысудың қаншалықты қиын екенін біздің елде еңкейген қарттан, еңбектеген балаға дейін біледі. Себебі, біздің чемпионатқа шетелдік клубтар, шетелдік мамандар және шетелдік футбол жанкүйерлері тарапынан қызығушылық өте төмен. Ал, Еуропаның мықты клубтарында ойнау үшін Ұлттық құрама сапында және Еуропа лигасы мен Чемпиондар лигасы аясында өтетін кездесулерде өзіңді жақсы қырыңнан көрсетіп, көзге түсуің қажет. Бұл біздің отандық ойыншылар үшін берілген үлкен мүмкіндік деп ойлаймын.

- Сіз Алматыда дүниеге келдіңіз. Дегенмен, 2009 жылдан бері «Астана» сапында өнер көрсетіп келесіз. Жалпы, қай қала сізге жақынырақ?

- Мен олай бөле жармаймын. Шындығына келсек, менің түп-тамырым Шымкент қаласынан (күледі). Сіз айтқан екі қаланың да менің жүрегімде алатын орны ерекше. Қазіргі таңда, отбасым, туған-туыстарым Алматы қаласында тұрады. Ал, мені Астана қаласымен көп дүниелер байланыстырады. Алматыда футбол әліппесін үйренсем, Астанада үлкен футболда көптеген нәтижелерге жеттім. Әлі де жетемін деген ойдамын. Сондықтан, өзімді жалпы қазаққа ортақ ұлмын деп есептеймін.

- «Астана» сапында соңғы бірнеше маусым қатырынан «15» нөмірмен ойнап келесіз. Сіздің таңдауыңыз неліктен бұл санға түсті?

- Мен 15 жасымда үлкен футболға қадам басып, 2008 жылы «Қайрат» сапында дебют кездесуімді өткіздім. Одан кейін, 2009 жылы «Локомотив» сапында Ташкент қаласында «Пахтакор» командасына қарсы ойнап, алғашқы голымды да осы 15-ші нөмірлі жейдемен ойнап жүріп салдым. Ол кезде, үстімдегі жейде, тәжірибиелі қазақстандық ойыншы Александр Шатскихқа тиесілі болатын. Сол себепті 15 санын таңдадым.

- Көп жылдар бойы «Астана» сапында дебют жасаған ең жас ойыншының рекорды өзіңізге тиесілі болды. Бұл рекордты өткен маусымда Мәди Жақыпбаев жаңартты. Сіздің ойыңызша, Мәди Қазақстан Ұлттық құрамасында өнер көрсетіп, Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде ойнайтын деңгейдегі футболшы дәрежесіне жете ала ма?

- Мәди менен де талантты, болашағынан зор үміт күттіретін ойыншы деп сеніммен айта аламын. Бірақ, сол талантын дұрыс пайдаланып, көп еңбектеніп, ойын тәжірибиесін жинауы керек. Болашақта Қазақстанның намысын абыроймен қорғап, мықты чемпионаттарда өнер көрсетеді деп сенемін. Оған Мәдидің таланты да, талабы да жетеді. Жалпы, жаттығу жұмыстары барысында қолдан келгенше барлық артымыздан еріп келе жатқан жастарға бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсетуге тырысамын.

- Сіз Қазақстан Премьер-лигасында 15 жасыңызда дебют кездесуіңізді өткіздіңіз. Сол кездерде командалас әріптестеріңмен «сіз» деп сөйлестіңіз бе?

- Ол есімде жоқ (күледі).

- Сол жылдары командада «әлімжеттік» жасағандар болды ма?  

- Тісін батырып, «әлімжеттік» көрсеткендер болмады. Бірақ, суға, допқа, бір жаққа бару керек болса ылғи да мені жұмсайтын (күледі).

- Қазір тәжірибиесі толысқан ойыншысыз. Өзіңіздің артыңыздан ерген жас ойыншыларға өзіңіз көрген нәрселерді көрсетіп қалатын кездеріңіз бола ма?

- Қажет кезде жұмсап тұрамын (күледі). Менің ойымша, мұндай жағдай кез келген жас ойыншының басынан өтетін шығар.

- 2009 жылы 16 жасыңызда елордалық ұжым сапында алғашқы маусымыңызды өткіздіңіз. Сол кезде команда сапында Тихонов, Титов сияқты тәжірибиелі ойыншылар өнер көрсетті. Сол жылдардан есіңізде қандай естеліктер қалды?

- Сол маусымда команда сапында ресейлік Тихонов, Титов сынды жұлдыздар ойнады. Маусым ортасында ардагер ойыншы Александр Шатских келді. Одан бөлек, сол кезде Қазақстанның жанып тұрған жұлдыздары Байжанов, Карпович, Әшірбеков, Сүймағамбетов, Сахалбаев, т.б. көптеген ойыншылармен тізе қосып өнер көрсеттім. Мен сияқты үлкен футболға қадам басқан жас ойыншы үшін бұл футболшылармен бір командада доп тебу үлкен тәжірибие болды.

- Абзал, алдағы маусымнан не күтесіз? Өзіңізге қандай мақсат қоясыз?

- Жаңа маусымдағы үлкен мақсатымыздың бірі – алдыңғы жылғы жетістігімізді қайталап, Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өнер көрсету. Үш маусым қатарынан ел чемпионы атанып келеміз. Сол атақты абыройлы сақтап қалу. Жеке өзіме келер болсам, жарақаттан аман болып, нәтижелі, сәтті маусым өткізу.

- Абзал, бос уақытыңызда немен айналысасыз? Хоббиіңіз бар ма?

- Бос уақытымды көбіне отбасыма арнаймын. Қолым қалт етсе сурет салып, аздап өлең шығаратыным бар.

- Абзал, осы орайда сізге қолқа салғым келіп отыр. Соңғы жазған бір өлеңіңізді оқырмандарға ұсынсақ...

- Жақсы. Дубайда өткізген оқу-жаттығу жиындары кезінде жүректен шыққан өлең жолдары болатын...

 

Отырмын бөтен елдің жағасында,

Дубай деген арабтың қаласында.

Жетпейді өз елімнің даласына,

Қазақ деген туған жердің ауасына.

 

Мен қазақпын өз Отанын суйетұғын,

Елім үшін өртеніп күйетұғын.

Қайда кетті баяғы «қазақтарым»?

Отан үшін жан беріп өлетұғын!

 

Қазақ деген атың бар өшпес елім,

Қуат берер Алла саған салып демін.

Қолыңдағы бар байлықты ұста мықтап,

Ата бабаң қорғаған байтақ жерін.

 

Қазақсың ғой көкірегін жарып тұрған,

Мұсылмансың құбылаға басын бұрған.

Қалайша шет елдерге сен қашасың?

Кім сонда болад(ы) екен алып қорған!?

"Астана" ФК

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 4 4-2 8
2 Қызылжар 4 8-2 7
3 Ордабасы 4 8-3 7
4 Ақтөбе 3 7-2 7
5 Тобыл 3 6-2 7
6 Елимай 4 4-4 7
7 Астана 4 4-2 6
8 Туран 4 2-3 4
9 Жетісу 3 1-2 4
10 Атырау 4 2-3 3
11 Шахтер 4 1-8 3
12 Женис 4 1-9 3
13 Қайсар 3 1-7 0
Футболист недели Апта үздігі
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Полузащитник Жартылай қорғаушы
7
Поиск по сайту
Наверх