Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
235
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
295
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
179
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1038
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
499
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Қайрат қайрап салған "Қайраттың" қарымы қандай?

23 февр. 2017, 07:40 | 3486
"Қайратты" халықтық команда дейтін сөз жүреді. Халықтық дегеннің өзі бір түрлі ұғым ғой. Халықтың десе үңіле түсер ме едік?! Ұлттың командасына айналса шіркін... Онда арман азаяды. Аяздай қаритын ойдан ада болайық. Маусым алдындағы "Қайрат". Қазіргі тақырып осы шығар. KazFootball.kz порталы осы тақырыпты тарқатып көрмек.

Әзірге екінші. Осы ұғымның ара-жігі ажырар кезі қашан? Ат төбеліндей дейсіз бе, әлде күллі әлемнің тең жартысына балайсыз ба, «Қайрат» жанкүйерлерінің көкірегіндегі сұрақ сол. Кахабер Цхададзе келгелі де ой жарысына ерік бергендер көп. Байлам жасағандар мен болжам айтқандар да жетіп артылуда. Біздер алдымен Цхададзені танып алайық. Танығанда, талайдан білеміз. Ойыншы кезінде сөйлесудің де реті келген. Сұхбат алмадық, бірақ қол берісіп, қал сұрастық. Футболшы ретінде ұнайтын. Ойын үлгісін ағасы, әрі отандасы Ахрик Цвейбаға ұқсататынбыз. Азаматтық ұстанымын. Өзі дәу болғанымен, жүрегі нәзік. Жүрегі нәзік дейтініміз іске жаны ашиды. «Қайратты» жан тәнімен, бүкіл болмысымен баптап жүр. Дәлел керек пе? Оңай. Оқу-жаттығу жиындарындағы матчтарын қараймыз ғой. Бізді естіп отырады. Керісінше, біз оны естіп отырамыз. Бізді еститіні, бері жақтан айқайлап айтқанымызды алаң жиегінен шәкірттеріне жеткізіп жатады. Демек, естігені. Анығында, бізше ойлайды. Ойынды біз секілді түсінеді. Жарайды, келісейін. Біз Кахабер секілді қабылдаймыз. 

Ойыншының кез келген қимыл-әрекетін бағалайды. Жақсы ма, ықыласымен арқадан қағады. Қателесті ме? Көзін бақырайтып отырып, кемшілігін айтады. Көңіліне келеді демейді. Демек, бүкіл болмысымен алаңда. Бапкерлердің көбісі дерлік оқтау жұтқандай үндемей тұрады ғой. Үндемеген күйі кетеді. Цхададзе олай емес. Ол енді өзгелерден артықшылығы. Ойыншыларға кісі деп қарайды. Алаламайды. Мықтысын мойындайды. Шалалауын шыңдауға құмар. Бұл енді ұстаздық қасиет. Демек, Цхададзе – тәлімгер. Тактикасын зерттедік. Анау айтқандай биікте емес. Бірақ, команданың ойын өрнегін ақсатпайтын деңгейде. Талантты тануы ше? Әзірше, шамалы. Командадағы ауыс-түйіске қаншалықты кірісе алатынын білмейміз ғой.

Енді команданың құрамына келейік. Негізгі қақпашысы Стас Покатилов секілді. Бұрын жақсы еді. Қазір кемшін тартқан. Көзінде от, жүрегінде жалын жоқ. Шеберлігіне шек келтірмейміз. Тек ойын кезінде көп қателесетіні көзге ұрып тұрады. Одан бөлек Владимир Плотников бар. Жарақатынан айығып, негізгі құрамдағы орынға таласып жүр. Екі қақпашының деңгейі шамалас деуге болады. 

Қорғаушылардың серкесі - Жарко Маркович. Серб даңқы әлемге жайылған «Црвена Звезданың» түлегі. Сауатты. Қарсыластың шабуылын тұншықтыра алатын қабілеті бар. Әуелеген допқа да өзгелерден бұрын жетеді. Қысқасы, әбден керек қорғаущы.

Гафуржан Сүйімбаев енді ашылып келеді. Өте жылдам. Ұшқыр. Екі қанатта да ойнай алады. Соққысы мығым. Доп үшін таласта тайсалмайды.

Тимур Рудосельский. Осы ойыншыны өз басым аса ұға алмадым. Дарынды шығар. Қарымды деуге келмейді. «Тез өсті», - дейтіндер көп. Нені меңзегендерін ұқпадық. Бізді биыл мойындаып жатса, қарсы емеспіз.

Сесар Арзо. Испан футболының өкілі ғой. «Қайратқа» дейінгі он үш жылдық футболдағы ғұмырында кілең айтулы командалардың сапында болды. Ол – «Вильярреал», ол – «Гент», ол – «Бейтар», ол – «АЕК». «Бекер кетті», - десіп, бармақ тістеген біреуі жоқ. «Арзо ойнамаған күні қорғаныс қараң қалады-ау», - деп күңіренген алматылықтарды тағы кездестіре алмадық.

Ермек Қуантаев. Жиырма алты жасар жігіттің футболда көрмегені жоқ. Қақпашы болу ғана қалыпты. Шабуылшы еді, орта тұсқа ауысты. Енді қорғанысқа көшіп алды. Жаман ойыншы емес. Бапкерлер сенім артқанда ақтады. Әттең, азуы байқалмайды. Кейде біздің жігіттерге мінез жетпей жатады. Сонымен қатар, қорғаныста Ян Вороговский, Елдос Ахметов, Станислав Лунин секілді ойыншылар бар. 

Мысалы, Михаил Бакаев. Бәлендей ойыншы емес. Қателікті жіберудей, жібереді. Қаһарына мінгеде қақыратып өтер соққысы бар. Үш-төрт ойыншыны ашуымен жасқап-ақ алдап кетеді. Ұтымды сәтті көре біледі. Міне, мінездің көрініс беретін кездері. Рас, кейде тым артық кетіп, алаңнан қуылатын шақтары да бар. Ол шатақ.

Орта тұсқа келген екенбіз. «Қайраттың» бақытын осы жақтан іздеңіз. Әрине, Бауыржан Исламхан. Бүгінгі ел футболында мұндай талант жоқ. Жасаған бере салған ғой. Алаңды қалай көреді! Допты қалай жусатып-өргізеді! Екі-үш қорғаушыны шашып өтетіні тағы бар. Бір кем дүние демекші, кейде өзін ұстай алмайды. Әттең, осы Бауыржанға бір аға табылмай жүр. Жетекші, тәлімгер. Қабағымен жасқайтын, айбарымен ықтыратын. Шыңдала түсуіне қамқоршы болатын. 

Аршавин дейсіз бе? Андрейдің өзі жібектей жігіт қой. Ойыншы! Кейбіреулер шау тартты дейді. Алматыға келгелі керісінше жасарған секілді. Кәсіби футболшы ғой. Шекеден қараймын деп дәулетін шашып алды, дәулет дегенде футболдағы бедел-бедерін айтамыз. Былай, жағдайы жақсы ғой. Сәулетін сақтай алыпты. Қазақ қалай жақсы айтқан. Шын шеберге тұсау жоқ, Аршавин «Қайратқа» келіп, футболға қайта қызыққан секілді.

Аршавинның арғы жағында кім жүр дегенге келсек, Бауыржан Тұрысбек бар. Жас жігіт. Жақсы екен. Құлшынысы жақсы. Жүгіреді, жанын салады. Допты іліп алады да, алға тартады. Пас таратады. Соққы жасауды да ұмытпайды. Қара күші кемшін. Олқылықты толтыру оңай ғой. Ең бастысы пасы да, басы да бар.

Георгий Жуков. Біздің түсінікте, орташа ойыншы. Еуропа көрген немесе еуропадан келген. Техникасы мықты шығар, өресі биіктеу болар, бірақ бір команданың жүгін көтеретін футболшы емес. Айқайға қиқу қоса алады.

Исламбек Қуат. Қуат қалай шынықты деген шығарма жазуға тұратын спортшы. Өзін де шынықтырды. Өзгелерге де үлгі. Қаншама бапкер «қапаста» ұстап келді. «Он үшінші ойыншы» деген кітапты оқыдыңыздар ма? Кейіпкерлердің бірінің, «Запаста» отыр дегенше «қапаста» отыр десеңші», - дейтіні бар. Исламбек қамықпады. Жаттықты. Ширай берді. Шыдамды екен. Енді міне, бір команданың басты ойыншысына айналды. Ұлттық құрама сапында жүр. Еңбекші. Кең тынысты. Шөгел. Техникасы аздап ақсайтын шығар. Алайда, жанкештілігі кемшіліктерін жуып-шайып кетеді.

Исаэль Барбоза. Бразилия футболының өкілі. Доптың тілін тапқан. Қалаған кезінде қабылдайды. Дер кезінде ашылады. Әріптесіне пас ұсынудың да шебері. «Қайраттың» ойын өрнегін анықтайтын футболшылардың бірі.

Иво Иличевич келді. Хорват неміс бундеслигасында атақты "Гамбург" сапында өнер көрсетті. Сосын Махачкалаға барды. «Анжи» сапында 12 ойын өткізіп, екі гол соғыпты. Алға тартар ақпарымыз сол ғана. Солғын деп те айтпайық. Сұрапылға да баламайық. Маусым басталғанда байқармыз. 

Шабуылда Жерар Гоу бар. Сырттай солай ма, әлде табиғатынан ба, үнемі артық салмақпен жүретіндей көрінеді. Азуын айға білеген шабуылшы емес, бірақ мергендер көшін бастайды. Футболдағы біз бойлай бермейтін сиқыр осы тұста. Жасындай жарқырағанын көру мұң, ортадан жарып шығып гол салатын кездері де сирек. Дегенмен, тепкен добы қақпаның ішінде жатады. Шабуыл шебіне сәл бәсекелестік жетіспейтін секілді. Сондықтан, команда құрамына тағы бір шабуылшы артық етпейді. 

Қайрат (ол – Боранбаев) қайрап салған «Қайраттың» қарымы қандай? Тап басып айту қиын. Бапкері бар. Оншақты футболшысы сын көтерер деңгейде. Жағдайы жасалған. Жарқ-жұрқ ойнауы тиіс қой, ендеше...

Арнайы "KazFootball.kz" порталы үшін - Амангелді Сейітхан

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх