Главное Маңызды
23 апр. 2024, 20:10
710
Главный тренер «Ордабасы» Александр Седнев заявил о желании покинуть команду, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба.
23 апр. 2024, 17:00
2640
Антикоррупционной служба расследует нерациональное использование народных денег в ФК «Актобе», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на «Time.kz».
23 апр. 2024, 10:15
793
Главный тренер «Жетысу» Кайрат Нурдаулетов прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Шахтера» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальную пресс-службу клуба:
22 апр. 2024, 17:23
729
Руководитель футбольного клуба «Астана» Саян Хамитжанов поделился своим впечатлением от старта команды в новом сезоне, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
22 апр. 2024, 13:30
509
Главный тренер «Ордабасы» Александр Седнев прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Кызылжара» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальную пресс-службу клуба:

"Кеншілер" келешегі қалай болмақ?

06 мар. 2017, 06:50 | 2337
Қарағандылық «Шахтер» өткен маусымда Премьер-лигадағы орнын сақтап қала алды. Сақтағанда нық сақтады. Бірақ, биыл команданың халі қалай болады? Өткен жылғыдай әупірімдеп, төменгі жақта жүре ме, әлде жоғары орындарға ауыз сала ма? KazFootball.kz порталы бұл сұраққа дәл қазір жауап бере алмас, алайда, командада болып жатқан өзгерістер туралы талдама жасауға шамамыз жететін секілді.

«Кеншілер» командасы 2016 жылғы чемпионатта ұзақ уақыт соңғы орындарда жүрді. Маусым бел ортасында жаңа бапкер мен бірнеше ойыншы алған қарағандылықтар аяққа тұрып алды. Тіпті, «Тобылмен» тайталасып, жетінші орынға да бір шығып келді. Енді сол өткен жылғы қиыншылық биыл қайталанбасын десе, қарағандылықтар әр ойынға мән беруі керек.

Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарының соңғы бөлігінде «кеншілер» бес жолдастық кездесу өткізді. Еуропа лигасында өнер көрсеткен Луганскінің «Заря» командасымен 1:1 есебімен тең түсті. Одан кейін қарағандылықтар Грузияның «Батуми» ұжымынан жеңілді. Есеп 0:1. Жолдастық кездесулер болғандықтан команда ала-құла ойнады. Ол түсінікті, себебі бас бапкер Алексей Еременко әр ойынға түрлі құрамды шығарды. Бірде жастарды сынаса, келесі ойында негізгі құрамды қойды. Командада жастардан Ринат Хайруллин бар. «Астана» ойыншысы өткен жылы Латвия біріншілігіне барып, тәжірибие жинап келді. Тәжірибиелілерден «Таразда» ойнаған Дәуренбек Тәжімбетов келді. Жарақатынан айыққан Никола Василевичке көмекке сербиядан отандастары шақыртылды. Марко Станоевич пен Милан Стоянович балқан түбегінің біріншіліктерінде тер төккен. Одан кейін Түркиядағы жиында "Шахтер" соңғы ойынды ресейдің "Сибирь" командасына қарсы өткізді. Ойындағы жалғыз голды Дәуренбек Тәжімбетов соқты. Тамаша көңіл-күймен футболшылар облыс әкімімен кездесіп, "Таразға" қарсы өтетін алғашқы матчқа дайындалуда. 

Сонымен «Шахтер» командасы 2017 жылғы маусымды мына құраммен бастайды:

Қақпашылар: Игорь Шацкий, Ярослав Багинский, Сергей Ткачук;

Қорғаушылар: Борис Кадио, Ильнур Мангуткин, Олукореде Айегбуси, Евгений Тарасов, Никола Василевич, Иван Садовничий, Игорь Пикалкин, Михаил Габышев, Руслан Әлімбаев;

Жартылай қорғаушылар: Марко Станоевич, Милан Стоянович, Ринат Хайруллин, Айдос Орал, Юлиус Сзоке, Штэфан Зошак, Сергей Скорых, Владислав Васильев, Қуаныш Ермеков, Максим Казанин;

Шабуылшылар: Аллессио Аллегриа, Дәуренбек Тәжімбетов, Оралхан Өміртаев, Вячеслав Путинцев, Айдос Таттыбаев;

Шабуыл өтіндегі легионерге тоқталып өтейік. 21 жастағы форвард пен «кеншілер» арасындағы еңбек келісімі 2017 жылғы маусымның соңына дейін жасалған. Аллегриа бұрын Бельгияның екінші дивизионында «Патро Эйсден» мен «Гел» клубтарында ойнаған. Былтыр үшінші дивизиондағы «Серен» клубында өнер көрсетті. Болашағынан зор үміт күттіретін футболшы қарағандыға талантымды ашамын деп келіпті. Кім біледі, жас футболшы өз елінде ашыла алмаған да шығар. Енді Дәуренбек Тәжімбетовке бәсекелестік танытып, шабуыл шебін нығайта түседі. Ал, жалпы алғанда қарағандылықтардың қорғанысы жаман емес. Тәжірибиелі, бұрыннан келе жатқан футболшылар. Жартылай қорғаныста Юлиус Сзоке мен Штефан Зошак бар. Өткен жылғы құрамнан қалған бұл екеуі биыл да негізгі ойыншылар болары анық. Жалпы, Зошакты қайдам, бірақ, Сзоке деңгейін әлі біраз көтере алатын, талапты футболшы. Тек осы шабуыл өті кішкене қиындау болатын секілді. Бұл командада сонымен қатар, 15 жыл бойы «Шахтер» үшін еңбек еткен Андрей Финонченко жоқ. Ардагер аяқдопшы футболмен қош айтысыпты. Енді Андрей бапкерлер штабында болады. 

Бас бапкер Еременко жергілікті жастарға сенім артамын деп отыр. Оралхан Өміртаев, Айдос Орал, Вячеслав Путинцев, Владислав Васильев, Руслан Әлімбаев және Максим Казанин секілді жергілікті жастар алаңға көбірек шығады. Қазақстан жастар құрамасына алынған Оралхан Өміртаев, кеше ғана "Гранаткин мемориалында" жарқыраған Айдос Орал, Бразилиядағы "Оле-Бразилде" тәлім алған Владислав Васильев секілді талантты жастар "Шахтердің" келешегі. 

P.S. Команданың биыл алғашқы алтылыққа енетін күйі жоқ секілді. Демек, 7-8 орындарға таласу шама жетер меже болмақ. Ең бастысы осыған дейін көмірлі өлкеден шыққан аяқдопшылардың тізбегін таланттармен жалғау. Финонченко, Дарабаев, Лунин, Жаңғылышбай секілді дарындарды үлкен футболға қосу. 

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Ақтөбе 4 10-3 10
2 Қызылжар 5 9-3 8
3 Ордабасы 5 9-4 8
4 Тобыл 4 8-4 8
5 Қайрат 5 5-5 8
6 Астана 5 6-4 7
7 Елимай 4 4-4 7
8 Жетісу 4 2-2 7
9 Женис 5 2-9 6
10 Атырау 5 3-4 4
11 Туран 5 2-4 4
12 Шахтер 5 1-9 3
13 Қайсар 4 2-8 1
Футболист недели Апта үздігі
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Полузащитник Жартылай қорғаушы
7
Поиск по сайту
Наверх