Главное Маңызды
23 апр. 2024, 10:15
68
Главный тренер «Жетысу» Кайрат Нурдаулетов прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Шахтера» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальную пресс-службу клуба:
22 апр. 2024, 17:23
314
Руководитель футбольного клуба «Астана» Саян Хамитжанов поделился своим впечатлением от старта команды в новом сезоне, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
22 апр. 2024, 13:30
237
Главный тренер «Ордабасы» Александр Седнев прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Кызылжара» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальную пресс-службу клуба:
22 апр. 2024, 10:45
305
Председатель наблюдательного совета «Кайрата» Кайрат Боранбаев в своем Instagram рассказал о работе академии клуба и призвал болельщиков поддержать главного тренера команды Кирилла Кекера, сообщает корреспондент KazFootball.kz:
22 апр. 2024, 10:20
242
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Тобола» (2:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальную пресс-службу столичного клуба:

"Ақтөбе" Рахаевтың рахатын көре ме?

27 февр. 2017, 06:30 | 2605
Қазақстан чемпионатында биыл түрлі қызықтар орын алары анық. Чемпиондық талас та қыза түседі. «Астана» мен «Қайраттың» теке тіресінен бөлек, чемпиондыққа тағы да үміткерлер бар ма? Командаларымыз оқу-жаттығу кезінде қалай түрленіп жатқанын білеміз бе? KazFootball.kz порталы "Ақтөбе" футбол командасының жаңа маусымға дайындығы жөнінде ой қозғамақ.

Мысалы, күнделікті ақпараттарды оқып отырсақ, «Ақтөбе» командасы жаңа маусымға қатты дайындалып жатқанға ұқсайды. Өткен жылы біршама қаржыны үнемдеп, тіпті қаржы жымқырғандарды темір торға тоғытты. Енді бұл команда Бердібек Сапарбаевтың нұсқауымен қайта күшеюі мүмкін. Арзан, әрі сапалы легионерлер келіп жатқан секілді. Көбінесе бразилиялықтар. Кезінде донецкінің «Шахтер» командасы да осы бағытта дамыған болатын. Құрамында екі украин, қалғанының барлығы бразилиялық болған кездер кездесті. Ол кезде бұл ұжым Чемпиондар Лигасының іріктеуінде өнер көрсетіп жүрді. Кейіннен сол жұмыстар нәтиже беріп, легионерлер жарқырап шығып, УЕФА Кубогында жеңіске жетті. Бұл командада ойнаған бразилиялықтар қазір әлемдік деңгейдегі топ клубтарда доп теуіп жүр. Виллиан, Матузалем, Тайсон, Эдуардо да Силва, Фернандиньо, Дуглас Коста, Алекс Тейшейра секілді футболшылар жарқ етіп көрінді.

Әрине, «Шахтер» сол кезде бірден осындай мықты бразилиялықтарды ала салған жоқ. Бастапқыда орташа деңгейлілер келді. Кейіннен барып, болашағынан зор үміт күттіретін таланттар ағылды. «Ақтөбенің» де бағыты солай кеткен секілді. Жуниньо, Жуниор, Кассиано, Мамуте, Торрес секілді Латын Америкасынан келген аяқдопшылар әзірге біз үшін жұмбақ. Алайда, олардың ойнаған клубтарынан-ақ деңгейі төмен футболшылар емес екендігін аңғаруға болады. Біреуі «Гремиода» дүркіресе, біреуі Мессилермен қатар жүрген. Одан бөлек «Ақтөбенің» қазақстандық футболшылар арасында жасаған сұрыптауы да төмен емес. «Таразға» керек болмаған Бауыржан Байтана осы маусымда толық ашылады. Себебі, жарты жыл үлкен футболсыз қалған тараздың таланты өзін көрсететін кезге келді. Ақыл тоқтатты, ойын тамашалады, сырт көзбен сынап қарады, енді нағыз ашылатын тұсы. Былайша айтқанда жасыл алаңдағы ресми ойынға қатысқысы келіп, бір иығын жұлып тұрған футболшы. Тартысты футболға аш отыр десек, артық емес.

Байтанадан бөлек тараздың легионынан тағы бір ойыншы бар. Қапталдағы қорғанысты күшейте алатын Берік Айтбаев бар. Ол кезінде Красножанның көзіне түсіп, ұлттық құрамаға алынды. «Таразға» қатысы бар тағы бір шабуылшы алынды. Өткен маусымды сонда өткізген Игорь Зенькович жарақатынан айықса, гол соғудың хас шебері. «Ақтөбенің» өткен жылғы құрамында тамаша тер төккен Никита Бочаров өзге командаға ауысатыны қиын болды. Әйтпесе, ақ-қызылдарға нағыз керек-ақ ойыншы еді. Жергілікті жанкүйерлердің сүйікті ойыншысына айналып үлгерген-тін.   

Сонымен қатар, ақтөбелік команда жоғарыда аталған ойыншылардан бөлек бірнеше жаңа футболшылармен толықты. Атап өтетін болсақ, олар - Рахымжан Розыбакиев, Дамир Даутов, Андрей Сидельников, Антон Шурыгин, Рафкат Аслан, Ардақ Сәулет, Папа Гуйе, Александр Воловик. 

Өткен жылы команда алғашқы алтылыққа енген еді. Биыл сөзсіз Мақсат Тюмалиев басқаратын команда одан төмен мақсат қоймасы белгілі. Команда бапкер Рахаевтың рахатын көре ме, жоқ әлде екі аптадан кейін отставкаға жібере ме – ол жағын уақыт көрсетер...  

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Ақтөбе 4 10-3 10
2 Қызылжар 5 9-3 8
3 Ордабасы 5 9-4 8
4 Тобыл 4 8-4 8
5 Қайрат 5 5-5 8
6 Астана 5 6-4 7
7 Елимай 4 4-4 7
8 Жетісу 4 2-2 7
9 Женис 5 2-9 6
10 Атырау 5 3-4 4
11 Туран 5 2-4 4
12 Шахтер 5 1-9 3
13 Қайсар 4 2-8 1
Футболист недели Апта үздігі
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Полузащитник Жартылай қорғаушы
7
Поиск по сайту
Наверх