Главное Маңызды
15 апр. 2024, 19:06
954
Исполняющий обязанности главного тренера карагандинского «Шахтера» Андрей Финонченко подвел итоги матча 1/8 финала Кубка Казахстана с семейским «Елимаем» (1:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
15 апр. 2024, 18:37
145
KazFootball.kz предлагает вашему вниманию бомбардиров Кубка Казахстана после 1/8 финала.
15 апр. 2024, 15:38
205
KazFootball.kz предлагает вашему вниманию бомбардиров Первой лиги после второго тура.
15 апр. 2024, 11:37
216
Главный тренер «Актобе» Дмитрий Парфенов прокомментировал матч 1/8 финала Кубка Казахстана против против «Жетысу» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт QFL:
15 апр. 2024, 10:22
212
Главный тренер «Кызылжара» Али Алев прокомментировал матч 1/8 финала Кубка Казахстана против «Оңтүстік» (2:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальную пресс-службу клуба:

KazFootball.kz порталының оқырмандары Ұлттық құраманың бас бапкерін таңдады

07 мар. 2016, 08:00 | 1944
Құрметті Қазақстан футболының жанашырлары! KazFootball.kz порталы қаңтар-ақпан айларында "Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкерлігіне кім лайық?" - деген сауалнама жүргізген болатын. Сіздерге сауалнаманың қорытындысын жариялаймыз.

Сауалнамаға 1 987 адам қатысты. Қатысушылардың 29 %-ы Ұлттық құраманың бас бапкерлігіне алматылық "Қайратты" үш был баптаған Владимир Вайсс лайықты деп пікір білдірді. Владимир Вайсс ел біріншілігінде үш жыл жұмыс атқарды және біздің ойыншыларымен етене таныс. Сондықтан, аяқдопшылармен танысып, оларды жинақтауға көп уақыт жоғалтпайды. Соңғы мәліметтерге қарағанда Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов Вайсс бапкермен келіссөздер жүргізіп, келісім-шарт мәселесін де шешіп қойған дейді кейбір ақпарат көздері. Бірақ, словакиялық маманды футболымызға шақын шенеуніктер қолдамаған дейді мыс. 

Екінші орында 21 % жинаған Қазақстан футболына алыс емес Құрбан Бердыев. Бұл маман ел футболында доп тепкен және бапкер ретінде де қызмет атқарған. Бірақ, Құрбан мырза қазіргі таңда ресейдің "Ростов" командасын жаттықтырады және командасы Ресей чемпионатында екінші орында келеді. Кезінде "Рубин" клубымен атақты "Барселонаны" "Ноу-Камп" стадионында тізе бүктірген маман Қазақстан Ұлттық құрамасының тізгінін ұстаса, бұл ел футболы үшін үлкен табыс болары анық. 

Үшінші орында былтырғы маусымда кәрі құрлықты шулатқан елордалық "Астананың" бас бапкері Станимир Стойлов. Ол 15 % дауыс жинады. Болгариялық маман өзінің тәжірибиесінің жоғары екенін дәлелдей білді. Бірақ, бұл жерде бір мәселе бар. Астаналық клубтың қожайыны Саян Хамитжанов бапкерді құрамаға жібере ме немесе екі қызметте жұмыс атқаруға рұқсат береді ме деген сұрақ туындайды. Қожағапанов пен Хамитжановтың қарым-қатынасының қазіргі таңда қандай жағдайда екенін бәріміз жақсы білеміз. Қай жылдары ел футболының тізгінін ұстаған Саян мырзаның өзінің бір ойлағаны бар шығар. 

Төртінші орында биылғы маусымға қостанайлық "Тобылды" жаттықтырып жатқан жергілікті маман Дмитрий Огай. Ол 11 % дауыс жинады. Огай бапкердің қазақ футболына қосқан үлесі көп екенін білеміз. Бірақ соңғы жылдары жеткен жетістіктері анау айтарлықтай емес. Былтырғы маусымда қыруар қаражатпен, баптаған "Қайсары" бірінші лигаға түсіп қалғаны әлі есімізде. Сондықтан, биылғы жылы бұл бапкер "Тобылмен" жетістікке жете алмаса, өз орнын сақтап қалуы қиынырақ. 

Бесінші орында оралдық "Ақжайықтың" бас бапкері Талғат Байсуфинов. Ұлттық құраманы тегін басқаруға дайын маман 9 % дауыс жинады. Байсуфиновтың басқарған командалары ешқандай қиындықтарға қарамастан біраз жетістіктерге жеткені баршамызға мәлім. Психологиялық тұрғыдан команданы жақсы дайындай алғанымен, тактикалық жағынан әлі үйренетіні көп деген пікір бар. Сондықтан, бұл кісінің болашағынан зор үміт күтеміз. 

Оқырмандарымыздың 5 % пайызы басқа маманның болғанын қаласа, қазіргі таңда жұмыссыз жүрген Виктор Кумыковқа - 2 %, көкшетаулық "Оқжетпес" тізгінін ұстаған Владимир Муxановқа - 3 %,  көршілес ресейде "Терек" футбол клубымен бірталай табысқа жеткен Ваит Талғаевқа - 2 % және жақында ғана Қазақстан жастар құрамасының тізгінін ұстаған Вахид Масудовқа - 2 % дауыс берген. 

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 4 4-2 8
2 Қызылжар 4 8-2 7
3 Ордабасы 4 8-3 7
4 Ақтөбе 3 7-2 7
5 Тобыл 3 6-2 7
6 Елимай 4 4-4 7
7 Астана 4 4-2 6
8 Туран 4 2-3 4
9 Жетісу 3 1-2 4
10 Атырау 4 2-3 3
11 Шахтер 4 1-8 3
12 Женис 4 1-9 3
13 Қайсар 3 1-7 0
Футболист недели Апта үздігі
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Полузащитник Жартылай қорғаушы
7
Поиск по сайту
Наверх