Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
270
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
347
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
196
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1067
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
514
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Бородюктің Байсуфиновтан несі артық?

04 мар. 2017, 09:10 | 2294
"Бородюк Қазақстанды құтқаруға барады". Ресейлік сайттардың бірінде жарияланған мақала осындай тақырыппен жарық көріпті. Көршілес елдің көп спорт басылымдарындағы ақпараттар легі де осыған ұқсас. Барлығын болмаса да, біразын шолып шықтық. Түсінгеніміз, Александр Бородюк тәжірибиелі маман көрінеді. Былтыр Ресей Ұлттық құрамасының тізгінін ұстар ма еді? Егер РФС таңдауы Станислав Черчесовке түспегенде. KazFootball.kz порталы ресейлік маман туралы өз сараптамасын ұсынады.

Есесіне он жыл бойы (2002-2012) Ресей құрамасында бас бапкердің ассистенті қызметін абыроймен атқарып келіпті. Ресей құрамасын баптауда Гус Хиддинк пен Дик Адвокатқа көмекшілік еткен екен. Ал, бір өзі басқарып, жеке-дара жаттықтырған жалғыз құрама - Ресей жастар құрамасы. Оған қос клуб - Мәскеудің «Торпедосы» мен Алматының «Қайратын» қосыңыз. Алғашқысын төменгі лигадан Ресейдің Премьер-лигасына сүйреп шығарғаны болмаса, Алматыдағы қызметі жергілікті жанкүйерлердің көңілінен шықпағаны белгілі. Суперкубокті алып берді. Рас. Ал, ішкі біріншілікте бірден сүрінді. Қазақстан Ұлттық құрамасына дейінгі Бородюктің бапкерлік жолы шамамен осылай өрбіді.

Қайта Александр Генриховичтің футболшы кезі бізге әлдеқайда қызығырақ көрінді. «Шальке 04», «Ганновер 96», «Фрайбург» секілді неміс клубтарында доп тепкен. Мәскеулік "Локомотив", "Динамо", "Торпедо", самаралық "Крылья Советов" командаларын да өрге сүйрепті. Бірақ... Бізге дәл қазір керегі үлкен футболдың сан түрлі соқпағымен жүріп өтіп, ұлттық құрамаларды тізгіндеп үйренген тәжірибиелі бапкер емес пе еді?! Олай болмаса, қызметін ҚФФ «қанағаттанарлық» деп бағалаған Талғат Байсуфиновті алмастырудың қажеті қанша? Түсініксіз. Мүмкін, бұл сұрақтың жауабын көп ұзамай біліп те қалармыз. 

Александр Бородюк ұлттық құраманы баптайтын үшінші ресейлік маман. 2002 жылы тағайындалған Леонид Пахомов қазақстандықтармен бір де бір жеңіске жетпей кетті. Ел тарихындағы таңдаулы құрамның біріне бапкерлік етсе де. Ал, Юрий Красножанның жетекшілігімен (2014-2015) 18 халықаралық кездесудің үшеуінде ұтыппыз. ЕУРО-2016 турнирінің іріктеу кезеңінде Латвияның ғана алдына түстік. Гол айырмашылығы жөнінен. Мақтаулы ресейлік маманның кезіндегі бар жетістігіміз осы. 

2006 жылдан бастап 2013-ке дейін ұлттық құраманың тізгіні тек шетелдік бапкерлерге ұсынылды. Арно Пайперстің алдыңғы іріктеудегі сәтті қызметі болмаса, Бернд Шторк та, Мирослав Беранек те артылған үмітті ақтамады. Соңғы екі маманның кезінде Әлем және Еуропа чемпионаттарының іріктеу кезеңдерінде Қазақстан ұлттық құрамасы төменгі екі орыннан жоғары көтерілмепті. 

Тағайындалған сәттен тәулік өтер-өтпестен Бородюктің сұхбаты жария болды. Шапшаңдық танытқан - ресейлік «Спорт-Экспресс» басылымы. Су жаңа бапкер берген жауаптардың екеуі елең еткізді. «Қайратта» жұмыс істегенмін. Қазақстанда футболдың дамуына қаншалықты көңіл бөлінетінін және инфрақұрылымға қандай қаржы құйылатынын білемін». Бұл «Неге Қазақстан құрамасын таңдадыңыз?» - деген сауалдың жауабы. Сондай-ақ, «Мен үшін жігіттердің алаңда өз елдері үшін жан алысып, жан беріскені маңызды» - деп ағынан жарылыпты. 

...Қазақстан мен Польша арасындағы матч. Бірінші кезең аяқталды. Еуропаның азулы құрамасына 0:2 есебімен есе жіберіп жатырмыз. Үзілісте Амангелді Сейітхан ағамның айтқан сөзі әлі есте. «Қазақстан кем дегенде екі гол соғады. Ұтылмаймыз». Солай болды да. Талғат Маруанұлы біздің жігіттердің жігерін қалай жанығанын білмейміз. Анығы екінші таймда Қазақстан құрамасының футболшылары алаңға ширығып шықты. Сергей Хижниченконың қос голы... Бауыржан Исламханның жағасына жармасқан Роберт Левандовски... Жарақат алып, жасыл алаңда жер бауырлап жатқан Бауыржанды аяғымен нұқып, мұқатпақ болған Камиль Глик... Жанкүйерлер қуанышы... Бәрі көкейде сайрап тұр. «Астана-Аренада» жігіттеріміз жанын салған тамаша футболға куә болған едік.       

Бородюктің меңзегені осыған ұқсас ойындар болса керек. Байсуфиновтің ерлігін қайталай ала ма, жоқ па, ол уақыттың еншісінде. Біздің алаңдайтынымыз орта жолдан бапкер ауыстырудың командаға тигізетін әсері. Қазір 2018 жылы өтетін Әлем біріншілігінің іріктеу ойындары жүріп жатыр. Талғат Маруанұлына тізгін тигелі Қазақстан Ұлттық құрамасы топта 2 мәрте тең түсіп, 2 рет есе жіберді. Рас, Черногориядан оңбай ұтылдық. «Бірақ алда әлі 6 матч бар еді ғой. Соны соңына дейін жеткізуге мүмкіндік берілуі тиіс еді. Әсіресе, Қаратау елімен болатын қарымта ойынға команданы Талғат Байсуфинов бастап шықса...» - деген тілек-пікірді сан адамнан естідік. Бізге де дұрысы сол сияқты көрінген. Алайда, Федерацияның шешімі енді өзгермейтіні белгілі.  

Әріптестер ұлттық құрамадағы ауыс-түйісті рокировкаға балапты. Яғни, бұрынғы спорт директоры (Александр Бородюк) бас бапкердің орнын басса, соңғысы (Талғат Байсуфинов) енді ҚФФ-да «техникалық директордің» қызметін атқарады. Шахматта бұл әдісті тек бір рет қолдануға рұқсат етілген. Ал, футбол шахмат емес қой...

Нұршапағат Несіпбай

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх