Саят Жұмағали: "Алматыдан жеңіспен ораламыз деп сенемін"
- Саят сәлем, Шымкентте өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны жайлы пікір білдіре кетсеңіз?
- Қазір оқу-жаттығу жиыны Шымкентте өтіп жатыр. Ауа-райы да қолайлы болып тұр. Жаттығу алаңдары да сапалы. Жақсылап жұмыс жасап, жаттығу жасауға барлық жақсы жағдай жасалған. Өзімізді бапкерлік штаб алдында көрсетіп, алға өсе беруіміз үшін барымызды салып жатырмыз.
- Сіз Түркияда екі толыққанды оқу-жаттығыу жиындарына қатысып келдіңіз. Бұл жиындар сізге не берді, қандай пайда ала алдыңыз?
- Иә, командамыз екі рет Түркияда ОЖЖ өткізіп келді, ол жиындар мен үшін өте пайдалы болды. Әр ойында маған уақыт беріліп отырды, ойынның екінші таймын толықтай ойнап отырдым. Дегенмен, менің позициямда, яғни орталық қорғаныста бәсекелестік жоғары. Қалай болғанда да, бапкердің сенімінен шығып, алаңда өз шеберлігімді паш ету үшін тынбай еңбектеніп жатырмын. Көптеп тәжірибие жинақтап жатырмын деп айтсам болады.
- 8 наурыз күні Алматы қаласында чемпионаттың алғашқы ойыны басталады. Қарсылас – кеше ғана Қазақстан Суперкубогын жеңіп алған «Қайрат» клубы. Команда сырт алаңда ұрыс салуға қаншалықты дайын? Алматыдағы кездесуден қандай нәтиже күтугеболады?
- Қандай қарсылас болмасын, жеңіс үшін барымызды салатын боламыз. Бізге керегі тек жеңіс, одан басқаны ойлаудың да қажеті жоқ. Команда тас-түйін дайын. Алматыдан жеңіспен ораламыз деп сенемін.
- Сөз соңында әдеттегідей жанкүйерлерге тілегіңіз?
- Жанкүйерлерге алғыстан басқа айтарым жоқ. Олар Қазақстанның кез-келген қаласына барып, бізді қолдаудан шаршамайды. Сол үшін де көптен-көп рақмет айтамын. Біз жанкүйерлер үшін ойнаймыз, олардың сенімін ақтағымыз келеді.
№ | Команда | И | М | О |
---|---|---|---|---|
1 | Қайрат | 24 | 39-21 | 47 |
2 | Астана | 24 | 39-19 | 46 |
3 | Ақтөбе | 24 | 39-26 | 43 |
4 | Ордабасы | 24 | 36-24 | 42 |
5 | Тобыл | 24 | 33-23 | 39 |
6 | Елімай | 24 | 35-32 | 37 |
7 | Атырау | 24 | 28-20 | 35 |
8 | Қайсар | 24 | 28-29 | 34 |
9 | Қызылжар | 24 | 29-26 | 29 |
10 | Жеңіс | 24 | 18-32 | 24 |
11 | Жетісу | 24 | 17-33 | 23 |
12 | Тұран | 24 | 16-39 | 20 |
13 | Шахтер | 24 | 12-45 | 10 |