Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
215
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
273
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
169
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1025
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
488
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Үшінші тур ойындарына болжам. "Қайрат" көш бастауы мүмкін

17 мар. 2017, 06:30 | 2654
Болжам жасаған ең қиын дүние. Көзсіз батырлық болмаса да, көзді жұмып, "тисе терекке, тимесе бұтаққа" деп топшылаудың өзі де оңай емес. Дегенмен, азды-кем білгенімізді қорытып, сараптамалық тұрғыда болжам жасап көрсек. Бәлкім, ел футболына қызығатын жанкүйерлердің кәдесіне жарап та қалар. Ал, ең қызығы үшінші тур ойындары аяқталғанан кейін қайта ақтарып, қай жерде нендей кінәрат жібергенімізді анықтармыз. Осының арқасында ел футболының кейбір "кереметтерін" анықтап та қалармыз. KazFootball.kz порталы назарларыңызға өз болжамын ұсынады.

3-тур

17-наурыз

«Тараз» - «Қайрат»

«Тараз» 2014-2015 жылдардағы маусымда «Қайратты» өз алаңында екі рет жеңді. Алматылық команданың жамбыл жерінде жолы болар емес. Міне, «ер кезегі үшке дейін» демекші осы жолы Кахабер Цхададзенің ұжымы дәстүрді үзетін шығар. Себебі, «Тараздың» қазіргі жайы бесенеден белгілі. Ал, «Қайрат» екінші турда «Оқжетпеспен» ойында ұпай жоғалтты. Демек, чемпиондыққа ұмтылған қонақтар алаң иелерінен ұпай алуы тиіс. «Тараздың» екі ойын бойы 10 адаммен ойнап, қиналып жүргенін ескерсек, өз алаңында Ваид Талғаевтың командасы максимум тең ойынға қанағаттанар. Біздің болжам – «Қайраттың» жеңісі.

«Астана» - «Ақжайық»

«Астана» «Астана-Аренада» биылғы жылғы алғашқы ойынын өткізеді. Жасыл алаңның сапасына сын артып жүрген Станимир Стойлов үшінші турда өзінің сүйікті стадионында ойнайды. Әлі жеңіске жетпеген елордалық команда чемпиондық атақтан айырылуы мүмкін. Сондықтан, өз титулын қорғау үшін «Астана» өз алаңында «Ақжайықты» жеңуі тиіс. «Ертіспен» тең түскеннен кейін астаналықтар Батыс Қазақстаннан келген команданы қиналмай жеңуі тиіс. Және осы матчта «Астананың» тоталы 1,5-тен көп болады деп отырмыз.

18-наурыз

«Атырау» - «Ертіс»

Зоран Вулич баптайтын команда өз алаңындағы алғашқы ойынын өткізеді. Шымкентте үш ұпай алып тұрған еді, соңғы секундта Мардан Төлебек таразы басын теңестіріп жіберді. Енді, Жайықтың жағасында «Ертіс» ойыншыларынан ұпай алатын сәт туып тұр. Атыраулықтар қазір -8 ұпайда тұр. Тезірек осы тұңғиықтан жол тауып шығуы тиіс. Бұл матчта екі команда да гол соғады. Шамасы, 1:1 деген тең есеп көріп қалуымыз ғажап емес.

«Ақтөбе» - «Ордабасы»

«Ақтөбе» орталық алаңдағы ойыншыларымен мақтана алады. Бразилиялық легионерлері ел футболының ерекшеліктерін енді байқап келе жатыр. Әрі жаңа командаға да енді-енді сіңісуде. «Қайрат», «Тобыл» секілді мығым командалармен күш сынасқаннан кейін, ақ-қызылдар «Ордабасыны» қабылдайды. Матч алаң иелерінің басымдылығымен өтетіні байқалады. Демек, «Ақтөбе» ұтылмайды деген бәсті таңдадық. Өз алаңындағы алғашқы ойында жеңілмеуі тиіс.

«Оқжетпес» - «Тобыл»

Бұл ойын «Астана-Аренада» өтеді. Демек, матчта голдар көп соғылады. Екі ұжым да кем дегенде бір голдан соғатын қауқарда. Әсіресе, "Тобыл" сапындағы Алексей Щеткин «Астана-Аренада» талай жарқылдаған. Чемпионатты өте сәтті бастаған шабуылшы дәл қазір қаһарына мініп тұр. Оның үстіне ұлттық құрама ойыны алдында ешкім де жан аямайтын шығар. Матчың нәтижесі тең аяқталатын секілді. Ал, бәс тіксеңіздер екі команданың да гол соғуын таңдағандарыңыз дұрыс болар.

«Шахтер» - «Қайсар»

«Кеншілер» әзірге Жамбыл жерінен алған жалқы ұпайымен жүр. «Ақжайыққа» барып жеңіліп қайтты. Енді олардың да жеңіске жететін шағы. Алайда, «Қайсар» да оңай емес. Әсіресе легионерлері мықты екен. Курьор мен Нтибазонкиза дараланып тұр. Айтпақшы, бұл ойын да «Астана-Аренада» өтетіндіктен голдардың көбірек болатынын ескерейік. Алексей Еременко баптайтын қарағандылықтар бұл матчта ұпай алуы тиіс деп отырмыз. Тағы бір тең нәтиже тіркеліп жатса, таң қалмаймыз. Матчтың жалпы голдар саны, яғни тоталы екеуден көп болады.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх