Асхат Тағыберген: "Басқа клубтардан ұсыныстар түсті, бірақ мен "Тобылды" таңдадым"
- Қостанайлық команданың оқу-жаттығу жиынына соңғы күндері ғана қосылдыңыз. Жігіттермен алаңда түсінісу жағы қалай? Командаға келген жаңа ойыншылар туралы өз ойыңызбен бөліссеңіз?
- Әрине, Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарын толықтай қорытындылай алмаймын. Бар білетінім – «Тобыл» бұл маусымға толыққанды дайын. Команда құрамы жаңарды. Қазақстан чемпионатында бірінші жыл жүрген жоқпын, сол себепті жігіттерді бұрыннан танимын. Олармен тез тіл табысып кеткен сыңайлымын. Құрамға қосылған жаңа ойыншылардың барлығы өз ісінің шеберлері. Ең бастысы, олар команданың жетістіктеріне өздерінің елеулі үлестерін қосады деген ойдамын. Менің мақсатым да осы.
- Қанша дегенмен, жаңа клуб, жаңа қала, «Тобыл» құрамына қосылмас бұрын өзіңізге қандай мақсат қойдыңыз? Мүмкін бапкердің жеке тапсырмасы бар шығар?
- Алдыңғы жылдың соңында ауыр жарақат алып, қатардан шығып қалдым. Жарақаттан толық айыққан соң бірден «Тобылды» таңдадым. Себебі, ойын тәжірибиемді қайтадан бір арнаға салуым керек болды. Қай кезде де ұлттық құраманың намысын абыроймен қорғау – басты міндет. Ал, «Тобыл» - бұл ретте маған көмектесе алатын команда. Басқа да клубтардан ұсыныстар түсті. Алайда, менің таңдауым астықты алқапқа түсті. Мен де өз кезегімде қостанайлық клубты өрге сүйреуге тырысамын.
- Алғашқы екі турды қорытындыласақ, әсіресе, «Тобылдың» ежелгі қарсыласы «Ақтөбемен» өткен кездесу қиынға соққан секілді. «Ақ-қызылдар» сізге бөтен емес. Құрам жігіттерінің айла-тәсілдерін білесіз дегендей...
- Бірінші ойында «Атыраумен» кездестік. Қобалжу болды. Бірақ бапкердің ақыл-кеңесі арқылы оны жеңе білдік. Жанкүйерлер үшін маусымдағы алғашқы үш ұпай да осылай келді. Әрине, «Ақтөбе» - Қазақстандағы мықты ұжымдардың бірі. Бұл ойында сәл шаршаңқы көрінген болармыз, әйтеуір бірдеңе жетпей тұрды.
- Үшінші турда Сіздерге сырт алаңда «Оқжетпес» қарсылас атанады. Команданың қарым-қабілеті қандай?
- Қарап отырсам, «Оқжетпес» командасының дені – жастар. Олардың бапкері мықты. Сондықтан, «Астана-Аренада» бізді оңай ұжым күтіп тұрған жоқ. Не болса да, барлығын ойын көрсетеді. Жанкүйерлер үшін тағы бір үш ұпай әкелуге әзірміз.
№ | Команда | И | М | О |
---|---|---|---|---|
1 | Қайрат | 24 | 39-21 | 47 |
2 | Астана | 24 | 39-19 | 46 |
3 | Ақтөбе | 24 | 39-26 | 43 |
4 | Ордабасы | 24 | 36-24 | 42 |
5 | Тобыл | 24 | 33-23 | 39 |
6 | Елімай | 24 | 35-32 | 37 |
7 | Атырау | 24 | 28-20 | 35 |
8 | Қайсар | 24 | 28-29 | 34 |
9 | Қызылжар | 24 | 29-26 | 29 |
10 | Жеңіс | 24 | 18-32 | 24 |
11 | Жетісу | 24 | 17-33 | 23 |
12 | Тұран | 24 | 16-39 | 20 |
13 | Шахтер | 24 | 12-45 | 10 |