Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
1049
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
719
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
376
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1379
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
706
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Ұлттық құрама Ұлттық сипат алды

17 мар. 2016, 10:10 | 2997
Юрий Анатолийұлы Красножан Қазақстан Ұлттық құрамасының бапкерлігі қызметінен кеткеннен кейін, оның орнына жаңа маман тағайындалуы тиіс болатын. Алайда, ұзақ уақыт бапкер іздеген Қазақстан футбол федерациясы айналып келіп отандық мамандарға сенім артты.

Алдымен бапкер іздеудегі шытырман оқиғаларға тоқталып өтсек. Шәкен Аймановтың белгілі кинокартинкасындағы оқиға желісі қайталанғандай болды. Әмина апамыз Тайлаққа келін іздегендей, Федерация басшылары да құрамаға бапкер іздеді. Астанаға Эрве Ренар есімді француз маманы келіп кетті. Бірақ, келісім-шартқа қол қоймады. Маманның кәсіби біліктілігіне ешкім шәк келтірмесе, жаттықтырушының өзі келісімдегі жалақы деген пунктегі соммаға көңілі толмаған екен. Ал, одан кейін құраманы болгариялық Христо Стоичков баптауы мүмкін делінді. Түбі бұл әңгіме қауесет болып, оны таратқан болгариялық агенттер болып шықты. Демек, егер Стоичковты шақырғанда, ол келіп қалуы әбден мүмкін еді. Бірақ, атақты футболшы қазір керемет бір мықты білікті бапкерлер қатарында емес. Қазақстанды Стоичков үшпаққа шығарады дегенге ешкім сенбеді. Одан кейінгі кандидаттар ішінде Дан Петреску мен Владимир Вайсс болды. Румыниялық бапкер туралы ақпарат ұзынқұлақ деңгейінен әрі аспады. Ал, Вайсстың неге келмегені белгісіз. Тіпті, словакиялық маманмен бұл жайында нақты келіссөздер жүргені де мәлім. Сондықтан да, бұл тақырып жабулы қазан ретінде қала бермек. Негізі Владимир Вайсс құрамаға жап-жақсы бапкер болар ма еді?! Оның үстіне оның мұндай жұмыста азды-кем жеткен жетістігі бар. Словакия құрамасмен Әлем чемпионатына шығу оңай шаруа емес қой, келісерсіздер?! Оның үстіне, қазіргі “Қайраттың” ойыны сол күйі Вайсстың санасындағы шатпақтар. Ойынды да, тактиканы да сол сіңдіріп кетті.

Қаңтар айының соңына дейін Ұлттық құрама бас бапкерінің есімін айтамыз деген Федерация президенті Ерлан Қожағапанов содан бері баспасөзге шығып сұқбат беруден қалды. Бұл жағдайға ең болмаса “таппай жатырмыз” деген жауап та жазуға болар еді ғой. Қалың жанкүйер қауым Ұлттық құрама үшін алаңдаулы. Күзде тағы бір іріктеу циклы басталады. Ендігі көктем басталып, чемпионаттың алғашқы турлары өтуде. Ал, бапкер әлі де белгісіз.

Кеше ғана тағы бір ақпарат шыға келді. Құрама команданы уақытша басқаратын Байсуфинов Талғат Маруанұлы болыпты. Оған Ферапонтов пен Мазбаев көмектесетін болып шешілді. “Құраманы ешқандай айлықсыз, жалақысыз тегін баптауға дайынмын” - деп баспасөзге ұтымды пікірлер айтып, өзінің рейтингін көтеріп алған Талғат Маруанұлының кандидатурасына көпшілік жанкүйер қауым негізі қарсы емес. Жергілікті маман, премьер-лигада өз-өзін көрсеткен. Біраз жетістіктерге жетті. “Ақжайықты” премьер-лигаға шығарды. Жалпы осындай қыры бар бұл мамманның. Бірақ, оны түбегейлі бас бапкер етіп тағайындамаудың да себебі бар деген сөз. ҚФФ басшылығы Түркия мен Грузияда өтетін ойындарда құрама қалай ойнайды, соны бір бағып көрмек. Егер, жақсы ойын өтіп, жанкүйерлер риза болса, онда одан кейін Байсуфиновты одан әрі бас бапкер қылып тағайындау жоспарда бар деген сөз. Егер наурыз айындағы Әзірбайжан мен Грузияға қарсы ойын көңілден шықпаса Талғат Маруанұлы бұл қызметті уақытша басқарған болып шыға келмек. Былайша айтқанда бұл қазақстандық мамандарға артылып отырған сенім. Сол сенім үдесінен енді шыға білу керек.

Бұл жерде тағы бір қуантатын жәйт орын алып отыр. Ұлттық құрама бұрын аты ғана ұлттық болса, ендігі күні заты да ұлттық деген атауға сәйкестеніп келе жатқандай. Қос бапкер Талғат пен Нүркен. Енді осы екі маманның құрамаға шақыртқан футболшыларына бір көз тігіп өтіңіздерші.

Ұлттық құрамаға шақырту алған футболшылар:

Қақпашылар: Лория Давид («Ертіс»), Покатилов Стас («Ростов»), Плотников Владимир («Қайрат»).

Қорғаушылар: Сүйімбаев Ғафуржан («Ордабасы»), Шомко Дмитрий («Астана»), Юрий Логвиненко («Астана»), Ахметов Елдос («Ертіс»), Малый Сергей («Ертіс»), Мұхтаров Мұхтар («Ордабасы»), Қуантаев Ермек («Қайрат»), Бейсебеков Абзал («Астана»).

Жартылай қорғаушылар: Мұжықов Серікжан («Астана»), Қожамберді Жақып («Оқжетпес»), Қуат Исламбек («Қайрат»), Тағыберген Асхат («Астана»), Смақов Самат («Ақтөбе»), Байжанов Мақсат («Шахтер»), Қонысбаев Ұлан («Атырау»), Досмағамбетов Тимур («Тобыл»), Исламхан Бауыржан («Қайрат»), Нұрғалиев Азат («Ордабасы»).

Шабуылшылар: Нөсербаев Таңат («Астана»), Хижниченко Сергей («Тобыл»).

Футболшылардың қосалқы тізімі:

Қақпашы:  Логиновский Владимир («Тобыл»).

Қорғаушылар: Айтбаев Берік («Тараз»), Кургулин Нұртас («Тобыл»).

Жартылай қорғаушылар: Мухутдинов Альмир («Тобыл»), Щеткин Алексей («Астана»).

Әсіресе, жартылай қорғаушылар деген бөлімге қарасаңыздар түгел қазақ ұлтты футболшылар жайғасқан. Онысынан бөлек те, кәдімгі нағыз бабында жүрген футболшылар алынып отыр. Бұлардың ішінен мынаусы артық, мына ойыншы құрамаға керек емес еді деп айтатындай да ешкім жоқ. Тізімді тіпті, қайта-қайта оқи бергің келеді. Тәуелсіздік алғалы бері, құрамамыз жасақталынғалы бері мұндай жартылай қорғанысты бірінші мәрте көруіміз.

Қақпаға бұрындары жастары 35-38-ге келген Сидельников пен Бойченко алынатын. Екеуін бапкерлер қандай мақсатпен құрамаға алатынын ешкім білмейтін. Құраманың негізгі қақпашысы Стас Покатилов екені даусыз. Жас талантымыз осы күні Ресей премьер-лигасында екінші орында тұрған командада өнер көрсетіп жүр. “Қайраттың” қақпашысы Плотников өткен жылғы Еуропа лигасында өз-өзін тооығымен аша білді. Ал, Давид Лорияның тәжірибиесі, әрі пенальти қайтарғыштық қасиеті екі жас қақпашыға ауадай қажет екені рас.

Шабуыл өтіндегі жігіттерге кішкене күмән бар. Нөсербаев пен Хижниченко рас, осы күнгі Қазақстандағы ең мықты шабуылшылар. Бірақ, екеуінің соңғы кездегі қарқыны тым баяу. Жылдамдық бұрынғыдай емес, адуынды арын да жоғалған. Сондықтан да, жақын арада құраманың шабуылын күшейтетін мықты бір сұрмерген керек-ақ. Кезінде Сергей Остапенконы жерден алып жерге салушы едік. Осы күні Остапқа да жете алмай отырған жайымыз бар. Ауыр шабуылшы Алексей Щеткиннен көп үміт күтіп едік. Алексей ауырлаған сайын ауырлап барады.

Ал, жалпы, біздің ойымызша құрамаға жергілікті мамандар отырғаны дұрыс секілді. Енді сол сенім артқан бапкерлер үмітті ақтаса. Ол үшін Түркия мен Грузияда өтетін жолдастық матчтарда Қазақстан Ұлттық құрамасы жеңіске жетуі тиіс. “Ескі жау атыспаққа жақсы” демекші қарсыластарымыз Әзірбайжан мен Грузия құрамалары.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх