Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
100
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
159
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
131
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
906
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
439
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

"Астана" сырт алаңнан олжалы қайтады

06 мая 2017, 06:30 | 1851
KazFootball.kz порталы әдеттегідей әр тур алдында ойындарға шолу жасап, болжам беруді жалғастырады. Қалың оқырман қауым ойындар алдында қандай өзгерістер мен жаңалықтар бар екенін біліп отырғысы келеді. Стадион трибунасына жеткенше ақпараттық азық болатын бұл жолғы сараптамамызда чемпионат фавориттерінің жеңіске жететінін айтпақпыз. Өткен турда барлығы бастан аяқ төңкеріліп түскеннен кейін, бұл жолы матчтар көпшілік күткендей өтеді деп отырмыз.

«Тобыл» - «Астана»

Қостанайлық команданың соңғы кездері сүреңсіз ойнап жүргенін білеміз. Сырт алаңда «Ақжайыққа» жеңілгені қостанайлық жанкүйерлердің жанына батқаны анық. Ал, бұл жолы команда бар күшті елордалықтармен болатын ойынға салғысы келеді. Алайда, Джордже Деспотович, Алексей Щеткин, Асхат Тағыберген, Сергей Малый секілді футболшылар осы ойынға қатыспайды деген ақпарат бар. Себебі, аталған ойыншылар «Астанадан» ауысқан кезде олардың келісім-шарттарына «Астанаға» қарсы ойында алаңға шығуға болмайды деп жазылған екен. Егер осы талап орындалатын болса, онда «Тобыл» «Астанамен» тең ойнауға да шамасы келмес. Оның үстіне Станимир Стойлов шәкірттері өз алаңында «Қайраттан» жеңіліп қала жаздады. Сондықтан, «Астана» осы матчты таза жеңеді деп отырмыз.

«Ордабасы» - «Ақжайық»

Сырт алаңда "Ертіс" пен "Шахтерді" "Ордабасы" көп елден мақтау естіді. Осы ойындар алдында облыс басшылығы команда басшыларын жинап, біраз сөгіс айтыптты. Соның арқасында олар бар күшті беріп, Павлодар мен Қарағандыдан алты ұпай алып қайтты. Тура осындай оқиғаны біз «Шахтердің» де басынан өткенін біліп отырмыз. Ал, негізі осындай талаптардан кейін табандылық танытып жатқан аяқдопшылар осы жолы да алған беттен қайтпауы тиіс. «Ордабасы» негізі онсыз да «Ақжайықты» жеңе алатын қауқарда.

«Шахтер» - «Ертіс»

Қарағандылықтар алғашқы жеңістеріне қол жеткізіп, көздері ашылып қалды. Командада көңіл-күй көтеріліп, ертеңгі күнге деген сенім пайда болды. Бірақ, ел футболында оңай ештеңе жоқ. Мүмкін нәрселер мүмкін емес болып жатады. Сондықтан, соңғы төрт ойында жеңіске жете алмаған «Ертіс» Қарағанды еліне ашулы келіп отыр. Осы матчты жеңіп, үш ұпай алмаса, павлодарлық жанкүйерлер тегіс көтеріліске шыққалы тұрғандай. Осы ойынды алаң жиегінен басқара алатын Димитар Димитров матчтан нәтиже шығарғысы келеді. Ал, болгар маманына жеңістен басқа нәтиженің барлығы – катастрофамен пара-пар.  

«Қайсар» - «Ақтөбе»

Аутсайдер «Атырауға» ұтылып қалған «Қайсар» қатты қапалы. Мұнайлы өлкеден ең болмағанда бір ұпай да ала алмады. Болгариялық бапкер Стойчо Младеновтің қызметтен кетуі туралы да қауесеттер шыға бастады. Осы матч соңғы ойыны болуы мүмкін дейді ұзынқұлақ өкілдері. Егер әрине, «Қайсар» «Ақтөбеге» ұпай беріп қойса, бас бапкер ауысуы да ғажап емес. Сондықтан, «дала қасқырлары» өз алаңында «Ақтөбені» жеңулері керек. Болжам да, қисын да сол болып тұр.

«Тараз»  - «Оқжетпес»

«Тараз» биылғы біріншілікте ең көп гол жіберген екі команданың бірі. Қорғанысы тым әлсіз ұжым сырт алаңда көпшілікті таңдандырып, «Ақтөбемен» тең түсті. Ол ойында өз түлегі Бауыржан Байтана таразы басын теңестірді. Әйтпегенде, жамбылдықтар тіпті жеңіп тұрған. Ал, «Оқжетпес» «Астана-Аренада» «Шахтердан» жеңіліп, ұятқа қалды. Көптеген шабуылдар ұйымдастырып, соның біреуін де голға айналдыра алмады. Команда сапында қорғаушылардың қатері бар. Дегенмен, Владимир Муханов командасы екі ойын қатарынан ұтылады дегенге сенгіміз келмейді. Сондықтан, бұл матчта «Оқжетпес» жеңілмейді деген бәсті алғымыз келеді.

"Атырау" - "Қайрат"

Екі ойын қатарынан жеңіске жеткен "Атырау" бұл ойында чемпионат фавориттерінің бірімен кездеседі. Дегенмен, алматылық ұжым өткен турда жеңісті қолдан беріп қойып, осы матчқа ызалы келіп тұр. Премьер-лигада ең көп гол соққан (22) "Қайрат" "Атыраудың" қорғанысын бұзып-жаруға талпынады. Кахабер Цхададзе командасы елордалықтардан төрт ұпайға қалып келе жатыр. Ал, "Астананың" кейінге қалдырылған бір ойыны бар екенін ескерсек, онда жалпы ойша айтқанда алматылықтар "Астанадан" жеті ұпайға қалып тұр. Сондықтан, "Қайратқа" әр тур сайын тек қана жеңе беру керек, жеңе беру керек. Бұл ойында алматылықтар үш ұпайды қоржынға салады деп нық ойлап отырмыз. 

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх