Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
1080
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
741
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
396
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1417
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
731
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

«Ордабасы» - орда бұзар кез жетті

04 янв. 2016, 01:22 | 2231
Чемпионаттың алғашқы турларын өз алаңында жасанды емес, таза табиғи шөпте өткізе алатын шымкенттің «Ордабасы» командасы өз алдына қойған мақсатты орындай алды. Олар биыл еурокубокқа қатысты және келер маусымда да Еуропа лигасында ойнауға мүмкіндік алды. Команда чемпионатта төртінші орын алып, қола жүлдеге сәл жетпеді. 2015 жылғы маусымда «Ордабасы» немен ерекшеленді? Осы сауалға жауап іздеп өтсек.

Командаға жаңадан бапкер болып келген Виктор Кумыков «Ордабасыны» қайта түлетемін деді. Бұрынғы көптеген ойыншылар кетіп, орнына жаңа футболшылар алынды. Олардың бірнешеуі Кумыковтың ескі таныстары еді. Қарағандылық «Шахтерден» Александр Симчевич пен Сергей Малыйды шақыртты. Кезінде қарағандылық командамен Еуропаны шулатқан «Шахтердің» ойын стильі мұнда да көрініс тапты. Сербиялық, жалпы Балқан түбегінің ойыншыларына бұл бапкер көп көңіл бөлді. Жаңадан келген футболшылар ішінде шабуылшы Иван Божич болды. Хорватиялық шабуылшы алғашқы турда «Ертіс» қақпасына гол салып, жанкүйерлер көзайымына айналды. Бұл ойыншы осыдан кейін 9-шы турда бір гол салды да, маусым соңына дейін «қалың ұйқыға» кетті. Кумыков алған бұл ойыншы өз-өзін ақтаған жоқ. Келер маусымда Божичтің «Ордабасыда» ойнауы Қазақстан Ұлттық құрамасының «Уэмблиде» Англияны жеңуімен тең құбылыс шығар.

Бұрыннан бері «Орда» намысын қорғап жүрген Артем Касьянов «шымкентский» болып кеткелі қашан. Украиналық легионерге серік болсын деп Кумыков Кирилл Петров деген ойыншыны алдыртты. Жас футболшы Еуромаусымда «Бейтар» қақпасына гол салуымен ғана есте қалды. Шабуыл өтіне көп араласатын ойыншылардың бірі Александр Гейнрих болатын. Өзбекстандық ойыншы алғашқы айналымда үш доп соққан болатын. Одан кейін Гейнрихтың соққан голдарының саны оның басындағы шаштың санымен бірдей болды.

Шымқала командасының сапында биыл ерекшеленіп көрінген екі футболшы болса, соның бірі – Еркебұлан Тұңғышбаев. 20-жасар жас футболшы «Ордабасы» сапында 31 ойында алаңға шығып, 7 гол соққан. Демек, ол өз командасы сапындағы ең көп гол соққан ойыншы. Сонымен қатар, ол Қазақстан жастар құрамасының да негізгі ойыншыларының бірі. Жалпы, Еркебұланның футбол тұрғысында өсуі анық байқалады. Келесі маусымда Тұңғышбаев елордалық «Астана» сапына ауысуы әбден ықтимал. Еркебұланның жастар құрамасындағы әріптесі Рауан Сариев болса, шымкенттік команда үшін пайдалы футболшы бола алмады. Келер маусымда «Оле Бразил» академиясының түлегі қай команданы толықтырары да әлі белгісіз. Дегенмен, чемпионат барысында шабуыл өтін күшейтуге Эдин Юнузович шақыртылды. Хорватиялық шабуылшы чемпионат соңындағы өзі ойнаған 13 ойында 5 гол салып үлгерді. Ірі денелі, техникасы мықты шабуылшыны команда осы күні келер маусымға өз сапында қалдыруға тырысады.

Маусым барысында «Ордабасының» ойыны жүрмей, ұпайдан шашау шығара бастаған кезде Виктор Балютұлы Кумыков қызметінен кетті. Сонымен қатар, клуб басшысы Берік Омарбеков те жұмыстан шықты. Бас бапкер болып Бақтияр Байсейітов келді. Көп жылдар бойы футболдан жырақта жүрген маман, келе сала команда ойынын бір ізге салғысы келді. Қазақстан Ұлттық құрамасының алғашқы бапкері болған Байсейітов темір тәртіпке сүйенетін бапкер. Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті қызметін де қатар атқарған Байсейітов «Ордабасыға» төртінші орынды алып берді. Шымкенттік команданың шешуші ойыны Керекуде өтті. «Ертісті» сырт алаңда 1:2 есебімен жеңіп кеткен «Ордабасы» 4-ші орынға нық отырды. Ал, қалған соңғы екі матчта оңтүстікқазақстандықтар жеңіліс тапты.

Түрлі кадрлық ауысымдар жасап жатып, «Ордабасы» келер жылы Еуропа лигасында өнер көрсету құқығына ие болды. Бұл жергілікті жанкүйерлерді қатты қуантты. Биылғы жылы «Бейтарға» жеңілгеннен кейін, келер маусымда шымкенттіктер бір-екі айналымды өтуге тырысу керек.

Ол үшін команда осы күннен бастап дайындық бастап кетті. Қазақстан премьер-лига клубтары ішінде келер маусымға дайындықты алғаш болып бастаған - «Ордабасы». Жоғарыда айтылған легионерлер келер маусымда командада қалмайтыны анық. Петров, Божич, Гейнрих секілді футболшылардың орнына жақсы деңгейдегі футболшыларды алар болса, «Ордабасы» жүлдеге таласар ұжымдардың қатарына еніп қалуы да ықтимал.

Бұл командада сонымен қатар, шешілмеген бір мәселе бар. Жастары 35-тен асқан қос қақпашы Сидельников пен Бойченконың орнын жоқтатпайтын жас қақпашы керек. Өйткені, осы клубтың түлегі болып саналатын Самат Отарбаев соңғы кездері жарақаттан айығар емес.

Ермұхамед МӘУЛЕН        

суреттер sports.kz, prosportkz.kz, "Ордабасы" ФК сайттарынан алынды

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх