Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
88
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
154
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
131
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
896
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
439
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

"Қайрат" сырт алаңда жеңіске жете ала ма?

14 мая 2017, 07:30 | 2115
Чемпиондықтан басты үміткер "Қайрат" қазір қиын кезеңді бастан өткеруде. Қазақстан Кубогы ойынында "Ертісті" жеңгеннен кейін, енді біріншіліктегі жағдайды реттеуі тиіс. Ол үшін алматылықтар Астанада өтетін "Оқжетпеске" қарсы матчта үш ұпайды толығымен алуы тиіс. Әйтпесе, Кахабер Цхададзенің орнынан кетуі ықтимал. 14-ші мамыр күні өтетін 12-ші тур ойындарына "KazFootball.kz" порталы әдеттегідей өз болжамын ұсынады.

12-тур. 14-мамыр

«Оқжетпес» - «Қайрат»

Бұл командалардың арасындағы алғашқы ойын тең аяқталып еді. Ол ойында соңғы секундтардағы пенальти «Қайратқа» қатты тиді. Бұл жолы енді алматылықтар жағдайды оған жеткізбеуі керек. 90 минуттың ішінде артығымен гол салуды көздейді. Ойын «Астана-Арена» стадионында өтеді. Сондықтан, сапалы жасыл алаң «Қайрат» ойыншыларына еш кедергі келтірмейді. Сырт алаңда қарсыласты жеңіп кететін қауқары бар. Оның үстіне қазір Цхададзенің орнына кандидаттардың есімдері аталуда. Грузин бапкері осы матчта үш ұпай алмаса, өз қызметінен 100 пайыз кетеді деп отырмыз. Бірақ, алматылықтар қайтсе де жеңетін шығар.

«Шахтер» - «Ақжайық»

Қарағандылықтарға артқа шегінерге жол жоқ. Олар қазір турнирлік кестенің түбінде. Өткен жолы өз алаңында «Ертіске» 0:1 жеңілгеннен кейін, «кеншілер» жанкүйерлер алдындағы абройын қайтарғысы келеді. Негізі, олардың Вахид Масудовтың командасын жеңбесе де, тең түсуге шамасы жетеді. Сондықтан, көп ойланбай бұл матчта «Шахтер» гол соғады деген бәсті алдық. Себебі, «Шахтер» 10 гол соққанын ескеруіміз керек. 6-шы орында тұрған «Қайсардың» өзі мұнша гол соқпаған.

«Астана» - «Ертіс»

Елордалық клуб еурокубоктық ойындар басталғанша ұпай айырмашылығын ұлғайтып, жағдайын жақсартып алғысы келеді. Шабуылы мықты «Ертіске» қарсы қорғаныста сақ ойнау қажеттігін елордалықтар жақсы түсінеді. Қазір жақсы бабына келіп қалған «Астана» қарсыластарын жегідей жеп барады. Болгариялық бапкер Станимир Стойлов бұған дейін «Қайсарды» жеңіп, отандасы Стойчо Младеновтен басым түсті. Енді бұл жолы тағы бір отандас. Өзінің ұстазы болып кеткен Димитар Димитров даярлап келген команданы жеңу арқылы Стойлов өзінің мықтылығын дәлелдейді. Қазақстанға бірінші келген «Мэри» көп жағдайда өзінің отандастарынан басым түсіп жатады. Тіпті, кейбір матчтарда оңай жеңіске жетіп жатады. Сондықтан, бұл жолы да дәстүрден таймай, «Астана» жеңеді деп отырмыз.

«Тараз» - «Қайсар»

Жамбылдық команда қазір тоқырауда. Оны бәрі біледі. Бірақ, команда қашан оянады деген сауал көкейімізді тесіп барады. Осы жолы өз алаңында тағы да ұтылса, жанкүйерлер бапкер ауыстыру жайлы сөз қозғауы мүмкін. Бірақ, жанкүйерлердің арызын мына заманда кім тыңдап жатыр дейсіз? Біздің клубтарда тірі байланыс орнатып, жанкүйермен бір болу деген мақсат бұрыннан жоқ. Қазіргінің клубтарына қарап тұрсаңыз – «айдалада ақ отау, аузы-мұрны жоқ отау». Бұл ойында «Қайсар» гол соқса, матч сол күйі 0:1 есебімен аяқталатын шығар. Себебі, Марсель Исламкулов қақпасына «Тараздың» гол соғуы өте қиын. Бұл ойында қызылордалықтар жеңеді дегіміз келеді.

«Ақтөбе» - «Тобыл»

Қазақстан Кубогынан шығып қалған «Ақтөбе» өз алаңында өз-өзін жұлып жейді. Ең болмаса чемпионаттағы жағдайды реттеуге тырысады. Ол үшін осы турда «ақ-қызылдарға» гол соғу керек. «Атыраумен» өткен кубоктың ойынында гол соға алмаған ақтөбеліктер осы ойында қарсылас қақпасынан саңлау табар. Бұл командалардың алғашқы ойыны Қостанайда голсыз аяқталды. Бұрыннан тартысты ойындар ойнап үйреніп қалған қос қарсыластың арасындағы матчта кез-келген нәтиже тіркелуі мүмкін. Дегенмен, біз осы жолы екі команда да гол соғады деген бәсті таңдадық.  

«Атырау» - «Ордабасы»

«Атырау» соңғы алты ойын жеңілген жоқ, тіпті Кубок ойындарын қосқанда бес рет қатарынан жеңіске жетті. Оның ішінде алматылық «Қайрат» та бар. Ресейлік бапкер Сергей Павлов бірден жағдайды құтқаруға кірісті. Ресейлік баспасөз бұл маманды бұрыннан бері «құтқарушы» деп атап кеткен. Лақап аты сондай. Үнемі жағдайы нашарлап, құрдымға кетіп бара жатқан командаларға келіп, тығырықтан шығарып, құлақтан сүйрейтін әдеті бар екен.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх