Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
1051
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
720
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
376
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1380
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
707
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

“Ертістің” тасқыны қаншаға созылады?

22 мар. 2016, 10:50 | 2080
Екінші тур ойындары қызықты оқиғаларға бай болды. Алғашқы матчты сәтсіздік деп бағалаған ұжымдар өз-өздерін көрсетуі тиіс еді. Алайда, барлығы керісінше шықты. Құрамаға уақытша бас бапкер болған Талғат Маруанұлының “Ақжайығы” өз алаңында “Ертіске” 0-3 есебімен жеңілді. Оралдық команда біріншілік басталғалы бері е ұпай алмады, е гол соқпады. “Қайрат” алғашқы ұпайына қол жеткізді. “Тараз” алғашқы үштікте тұр. Ал, екінші турдың басты кездесуі Шымкентте шумен, дүркіреп өтті.

Өткен жылы атақты ресейлік ойыншыны алған “Оқжетпестің” қателігін биыл “Қайрат” қайталады ма? 28-ші нөмерді алған Андрей Аршавин алматылық ұжымда Дмитрий Сычевтің күйін кешпей ме? Бір ойынға шығып, екі матч демалып жүрер ме екен деген күдік бар. Бірақ, шынын айту керек Аршавиннің Қазақстанға келуі ел футболына деген қосымша назардың бөлінетінін білдіреді. Ол - ел футболы үшін жарнама.

Суперкубоктың ойынында да, одан кейінгі алғашқы турда да гол соға алмаған Жерар Гоу чемпионаттағы алғашқы добын соқты. Өткен жылғы бомбардиріміз ескі әніне қайта басты-ау шамасы. Бір от алса бұл жігітті тоқтату қиын. Алғашқы бес ойынды сыртта ойнайтын “Қайрат” чемпионаттың басында ұпай жағынан біршама қалыс қалатын болды. Екі ойында тек жалқы ұпай алды. “Оқжетпестің” сұрмергені Әлібек Бөлешев өзінің бұрынғы командасына гол соқты. Алматылық команданың рекордшысы таразы басын теңестірді. Көкшетаулық командада шет елден келген ойыншыларға қарағанда “Тараздан” ауысқан қақпашы Бабаханов пен Жамбыл футболының түлегі Жақып Қожамберді жақсы ойнады. Ал, жалпы алғанда, “Оқжетпес” соншалық қатты күшейе қоймапты. Биылда алғашқы алтылықты маңайлап қалатындай.  

“Оқжетпес” – “Қайрат” - 1:1 (0:1)

Голдар: Гоу 44 (0:1), Бөлешев 49 (1:1)

Ескертулер: Хайруллин 39, Бөлешев 59, Мангуткин 65, Молдақараев 75 – Бакаев 34

ОқжетпесБабаханов, Чертов, Чижов, Алхазов (Бөлешев 46), Еоне, Волков, Нганбе (Куксин 70), Мангуткин, Чичулин (Молдақараев 78), Хайруллин, Қожамберді

Қосалқы ойыншылар: Абжанов, Төлеев, Хохлов, Жұмаханов, Богданов, Лебедев

КайраПлотников, Исаэль (Риера 85), Гоу, Тимощук, Маркович, Соарес, Тесак, Бакаев, Исламхан (к), Қуантаев, Қуат (Ли 65)

Қосалқы ойыншылар: Сидельников, Грошев, Дарабаев, Рудосельский, Райымбек, Вороговский

Төрешілер: Тевяшов (Орал), Сүйінов (Павлодар), Будниченко (Екібастуз)

19 Наурыз. Астана. Стадион "Астана-Арена". 4 000 көрермен. 

Қазақстанда Орал қаласы допты хоккейдің отаны саналады. Әлемдік терминологияда оны – бенди деп атайды. Сол бенди ойынына ұқсас матч “Ақжайық” пен “Ертіс” командалары арасында өтті. Алаңның сапасы сын көтермейді. Ерлан Қожағапановтың еліміздің солтүстіктегі аудандарына манеж салу керек деген идеясына Батыс Қазақстанды да қоса кеткен жөн-ау деген ойға келдік. Ойынның өзіне келер болсақ, бұл күні ойнаған бір ғана команда болды. Ол – “Ертіс”. Ойыны да әдемі, соққан голдары да көз сүйсіндіреді. Жаңадан алған легионерлері қандай десеңізші. Жалпы, біріншілік басында көзге түсіп тұрған әзірге осы команда. Керекулік команданың бас бапкері Димитар Димитров биыл алғашқы алтылықтың қақ ортасында жүретіндей. Қазақ футболын болгариялық мамандар жақсы түсінетін секілді.

“Астанада” қосалқы құрамның тұрақты ойыншысы болған Елдос Ахметов баспен керемет гол салды. Қорғаныста да тамаша ойнады. “ХИК” командасынан ауысқан Осман Джаллоу жалма-жан келіп қалған допты қақпаға бағыттай салды. Жылдам шешім қабылдау қазақ футболында сирек кездесетін құбылыс еді. Оны да көрдік. “Шахтерден” ауысқан Мұртазаев та үшінші голды әдемі салды. “Муртазиньоның” да Павлодарда бағы ашылатын сыңайлы.   

“Ақжайық” – “Ертіс” - 0:3 (0:2)

Голдар: Ахметов 27, Джаллоу 45+1, Мұртазаев 55

Ескертулер: Сапанов 58, Сергиенко 60 – Фонсека 63, Мұртазаев 70

Ақжайық”Қалменов, Говедарица, Колуния, Ортиз, Николич, Хромцов (Мальцев 46), Абдрахманов, Валиуллин (Антипов 58), Омаров, Сапанов (к) (Забродин 81), Сергиенко

Қосалқы ойыншылар: Багаутдинов, Сәрсекенов, Тапалов, Шевцов, Шурыгин, Гридин

“Ертіс”Лория (к), Гогуа (Фернандес 64), Йирсак, Фонсека (Әлиев 90), Фрейдгеймас, Керла, Джаллоу (Фаль 73), Гетериев, Ахметов, Мұртазаев, Малый

Қосалқы ойыншылар: Цирин, Сартаков, Есимов, Кислицын, Аяғанов, Воменко

Төрешілер: Измайлов (Талдықорған), Шәріпов, Лабашов (екеуі де – Атырау)

19 Наурыз. Орал. Стадион "Ақжайық". 2 000 көрермен 

“Тараз” бен “Ақтөбе” биылдан бастап бәсекелес ұжымдар болады. Екеуі чемпионатта екі бөлек алтылықта ойнайтын командалар еді. Биылғы маусымда қос команданың күші тең. Екеуінің де бапкерлері тәжірибиесіз. Екеуінде де қаржылық қиын жағдай. Бірақ, жергілікті футбол мектебінің мықтылығының арқасында “Тараз” жоқтан бар жасауда. Алған екі легионері екі турда “Тараз” соққан үш голдың да авторы атанып отыр. Олар Тарас Данилюк пен Игорь Зенькович. Сол Зенькович осы турда да белсене кетті. Смақов соққан пенальтиге баспен гол соғып жауап қатты. Олег Недашковский алаңнан қуылмағанда “Тараз” “Ақтөбені” қыспаққа алғалы тұр еді. Он адаммен қалғаннан кейін бұл райынан бас тартты.  

“Тараз” – “Ақтөбе” - 1:1 (1:1)

Голдар: Смақов пенальтиден 11 (0:1), Зенькович 45 (1:1)

Ескертулер: Голич 23, Мера 38 – Қайыров 69, Сорокин 74, Азовский 77, Куаджа 88

Алаңнан қуылғанНедашковский 69

ТаразГригоренко, Мера, Голич, Зенькович (Айтбаев 90+2), Данилюк (Сүлей 61), Воротников, Әмірханов, Д.Евстигнеев (к), Байтана (Рымтаев 78), Шахметов, Недашковский

Қосалқы ойыншылар: Докич, Баялиев, В.Евстигнеев, Караман, Кәрімолла, Қарпық

АқтөбеОтарбаев, Давлатов (Шестаков 65), Куаджа, Петролай, Ситдиков, Бочаров, Азовский, Қайыров, Крюков (Сорокин 61), Смақов (к), Жаңғылышбай

Қосалқы ойыншылар: Павлов, Цвейба, Жалмұқан, Жұмашев, Какимов, Лисенков, Тотай

Төрешілер: Гаузер (Петропавловск), Шабанов, Тергеусізов (екеуі – Алматы)

19 Наурыз. Тараз. Стадион "Орталық". 6 500 көрермен.  

Осыдан бір апта бұрын “Ұлттық құрама Ұлттық сипат алды” деген мақаламда қақпашы Бойченко жайлы сөз қозғаған едім. Ұлттық құрамаға алынып жүрген жасы қырыққа жуықтаған қақпашыны бас командаға шақыртудың мәнсіздігіне тоқталдым. Осы турда Бойченко “Ордабасының” да негізгі қақпашысы болуға лайық еместігін көрсетті. Баяғы ағылшынның қақпашысы Роберт Грин секілді өз қақпасына күлкілі гол жіберіп алды.

“Ордабасы” – “Астана” - 1:3 (1:3)

Голдар: Деспотович 11 (0:1), Юнузович 15 (1:1), Симчевич автогол 43 (1:2), Аничич 45 (1:3)

Ескертулер: Касалица 48, Мұхтаров 73, Тұңғышбаев 73 – Постников 58, Мұжықов 73

Алаңнан қуылғанМұхтаров 90+5 (екі сары қағаз) – Мұжықов 89 (екі сары қағаз)

ОрдабасыБойченко, Диакате, Чатто (Қожабаев 80), Касалица, Симчевич, Трайкович, Юнузович, Мұхтаров, Нұрғалиев (к), Сүйімбаев, Тұңғышбаев (Тәжімбетов 76)

Қосалқы ойыншылар: Бекбаев, Гейнрих, Абдулин, Әшірбеков, Бейсенов, Төлебек, Қайқыбасов

АстанаЭрич (к), Постников, Аничич, Каньяс, Твумаси (Тағыберген 86), Деспотович (Щеткин 85), Максимович (Гурман 90+4), Бейсебеков, Шомко, Мұжықов, Логвиненко

Қосалқы ойыншылар: Мокин, Дүйсен, Жақыпбаев, Шаихов, Наджарян

Төрешілер:  Қарлыбаев (Орал), Тасыбаев (Павлодар), Жақсылық (Қызылорда)

20 Наурыз. Шымкент. Қажымұқан ат. стадион. 9 000 көрермен.   

Йозеф Вукушич баптайтын командаға шабуылшы жетіспейді екен. Бас бапкер ойын соңынан кейінгі баспасөз мәслихатында осылай деп мәлімдеді. Ал, жалпы бапкердің алған легионерлері жаман емес. Біршама мықты командаларды ойнаған Ягуби, жас дарын Уббинк, “ХИК” сапында көзге түскен Эрфан Зенели негізгі құрамның футболшыларына айналды. Қайта командаға оралған Мақсат Байжанов та жаман емес. Команданың орталық ойынын ұстап жүр. Кезінде Каньяс пен Вичюстің бәсекелестігіне шыдай алмаған Мақсат “Шахтерде” сәтті маусым өткізуі керек.

Жалпы, Теміртауда өткен ойын қос ұжымның терезесі тең қарсылас екенін дәлелдеді. “Тараз”, “Ақтөбе”, “Шахтер”, “Жетісу”, “Ақжайық” секілді командалар бір деңгейдің командалары. Мәселе, енді бұларға кім келіп қосылады? Оны алдағы 2-3 турда біліп қалуымыз да ғажап емес. Бірақ, “Тобыл” мен “Оқжетпестің” шама-шарқысы қалай боларын тек уақыт қана көрсетеді.

“Шахтер” – “Жетісу” - 0:0

Ескертулер: Горячий 50, Арзуманян 56

“Шахтер”: Ткачук, Уббинк (Скорых 85), Арзуманян, Садовничий, Сзоке, Зенели, Ягуби, Горячий, Нұрыбеков (Ветров 75), Пикалкин, Байжанов (к)

Қосалқы ойыншылар: Багинский, Курилов, Дубков, Ермеков, Васильев, Тәттібаев, Финонченко

ЖетісуШабанов (к), Кадио, Джалович, Клайн, Савич, Рудик (Моисов 62), Симоновски (Демель 80), Әмірсейітов, Тұрысбек, Калинин (Боровский 68), Азовский

Қосалқы ойыншылар: Пасеченко, Сағындықов, Әділханов, Мыңбаев, Шабаев, Балғабаев

Төрешілер:  Антонов, Попов (екеуі де – Павлодар), Филипчук (Шымкент)

20 Наурыз. Теміртау. Стадион "Металлург". 3 000 көрермен.

Соынмен қатар, айта кетейік бұл турдағы “Атырау” мен “Тобыл” арасындағы ойын өтпей қалды. Қостанайлық команда Атырау қаласына ұшақпен ұшып шыға алмады. Табиғи жағдайдың қолайсыздығы екінші турдың бір ойынының өтпей қалуына себеп болды. 

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх