Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
1080
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
743
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
396
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1417
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
731
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Ресейден маман шақыртудың қажеті қанша?

06 янв. 2016, 14:57 | 1691
Бүгінде футболдан Қазақстан біріншілігінде өнер көрсететін ең мықты деген ұжымдардың тізгіні ресейлік мамандардың қолында. Бұл қаншалықты дұрыс? Ресейлік мамандар клубтарымыздың көсегесін көгертіп, табысқа жете алады ма? Kazfootball.kz сайтының тілшісі бұл материалда осы сауалдардың жауабын қарастырып көретін болады.

Жуырда Қазақстанның екі бірдей мықты клубтары бас бапкерін ауыстырған болатын. Біріншісі «Ақтөбе». Батысқазақстандық ұжым жыл ортасында команда тізгінін ұстаған Йоан Андоненің орнына, ресейлік Юрий Уткульбаевты отырғызды. Одан кейін «Қайрат» бас бапкерін ауыстырды. Клуб тізгінін үш жыл ұстаған Владимир Вайсстың орнына, ресейлік маман Александр Бородюк тағайындалды.

Бұл екі бапкер де қазақстандық жанкүйерлерге таныс емес деп айтсақ, артық айтқандығымыз емес. Юрий Уткульбаевты ресейлік жанкүйерлердің өздері де дұрыс танымайтын шығар. Ал, Александр Бородюкті Гус Хиддинк пен Дик Адвокат секілді мықты мамандардың көмекшісі ретінде ғана білеміз.

«Ақтөбе» биыл бір түскен орына екінші мәрте түсіп қалатын секілді. Естеріңізде ме, былтыр клуб басшылары кіші Газзаевты шақырған еді. Бірақ, онысынан түк те шықпады. Владимир Газзаевпен Қазақстандағы ең атақты клубтардың бірі ауыз толтырып айтатын жетістікке жете алмады. Енді клуб басшылары бұған дейін үлкен ұжымдармен мүлде жұмыс жасап көрмеген Юрий Уткульбаевты бас бапкер етіп тағайындап отыр. Шынында, Юрий Анварович жоғары деңгейлі клубтардың тізгінін ұстамаған. Осы уақытқа дейін ол Қазанның «Рубин» клубының жастар құрамасын жаттықтырып, «Камаз» клубында спорт директоры қызметін атқарған.

Мұндай маман клубқа қаншалықты қажет еді. Баршамызға белгілі, биыл «Ақтөбенің» бюджеті қысқарды. Бірақ, қазіргі қолда бар бюджетпен бұл орынға қазақстандық немесе алыс шет елдік мамандарды да шақыртуға болатын еді. Бұрын біздің бапкерлердің деңгейі төмен деген сылтауды алға тартатын едік. Қазіргі таңда қазақстандық мамандар УЕФА ұйымдастыратын семинарлар мен форумдарға қатысып, тәжірибие жинақтап жүр. Қазақстанда жұмыссыз жүрген бапкерлер екінші команданы жаттықтырып келген Юрий Уткульбаевтың деңгейінен жоғары болмаса, кем емес.

Юрий Уткульбаевқа қарағанда «Қайраттың» бас бапкері Александр Бородюктің тәжірибиесі көбірек. Футболдан Ресей құрамасының бапкерлер қосынында жүрген кезде голландиялық білікті бапкерлерден үйренгені де көп шығар. Дегенмен, бұл орынға да бір қазақстандық маман табылатынына өз басым ешқандай да күмән келтіре алмаймын.

Құралбек Ордабаев – қазақ футболының ардагері:

Бүгінде қайдан және қандай бапкерді шақыруды облыс және клуб басшылары шешеді. Қарапайым жанкүйер бұл жерде ешқандай әсер ете алмайды. Өйткені, қаржының барлығын бөліп отырған сол азаматтар. Негізі, мен Ресейден маман шақыртуға қарсы емеспін. Бірақ, іріктеп-сұрыптап, мықтыларын ғана шақыру керек. Қазір Ресейде көптеген мамандар бос жүр. Сондықтан да шет елдік мамандарға қарағанда, қазақстандық клубтарға ресейлік мамандарды шақырған оңай. Шет елдік мамандармен салыстырмалы түрде қарағанда жалақылары төмен. Ресейлік мамандар өз құқықтарын қатты біледі. Елімізге келіп, клубпен келісім-шартқа отырып алған соң, арқаларын кеңге салады. Себебі, келісім-шарт бар. Ақша жүріп жатыр. Осы құрыққа түсіп қалмау үшін біздің клубтарға да мықты менеджер керек. Мысалы, ресейлік маманды шақырып, нақты тапсырма қою керек. Егер, бапкер сол тапсырманы орындай алмаса, бірінші айналымнан соң орнынан алып тастау керек. Тек заңды түрде. Осы жерде мамандардың көмегі қатты керек болады. Келісім-шартты мұқият қарау керек. Ал, жалпы алып қарайтын болсақ, қазір Қазақстан клубтарын жергілікті бапкерлерге сеніп тапсырсақ, бізді ұятқа қалдырмайды деген ойдамын.

Сөзсіз, бүгінде қазақ футболының тізгінің ұстаған азаматтар ел футболының дамуына елеулі үлес қосып келеді. Алайда, біздің әлі де болса өз бағытымыз жоқ секілді. Бір дүние жасай қалайық десек, көршілерімізге көз тастаймыз. Бірінші кезекте Ресейге.

Ресей де осыдан бірнеше жыл бұрын футболын дамыту үшін Ұлттық құрама мен клубтардың тізгінін шет елдік мамандарға табыстады. Біз де сөйттік. Бірақ, Ресей тізгінді тек бірінші сорттағы білікті бапкерлерге берді. Қазір солардан оқып-тоқыған азаматтар Ресейдің мықты клубтарының тізгінін ұстап жүр. Ал, біз үшінші не төртінші сорттағы бапкерлерді ғана шақыртып жүрміз.

Қазақстандық клубтардың шет елден маман шақырғанына қарсылығымыз жоқ. Бірақ, Еуропа былай тұрсын, Ресейде сұранысқа ие болмай жүрген бапкерлерді бізге шақыртудың қажеті қанша? Оның орнына өз бапкерлерімізге сенім білдірейік. Бізде де білікті бапкерлер жетерлік. Енді тек сол азаматтарға бір клубтың тізгінін ұстатып, жұмыс жасауына кедергі келтірмесек, мықты маман болып шығатынына кәміл сенімдіміз.

Уалихан Қосанбай

 

 

 

 

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх