Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
21
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
125
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
123
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
864
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
432
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Ұтсаң ұлық, ұтылсаң ұлтарақсың

03 сент. 2017, 15:50 | 2137
Әуе кемесіне отырып Қазақстан Ұлттық құрамасымен бірге Астана-Варшава бағытында жолға шықтық. Футболшыларымызда көңіл-күй көтеріңкі емес екенін Ғафуржан Сүйімбаев, Исламбек Қуаттардың түр әлпетінен анық аңғаруға болады. Әрине, енді ше? Дегенмен, өткен ойын өтті. Оны тегіс ұмытып, жаңа ойынға дайындалу қажет. Кейбір ойыншылар түн жарымына дейін ұйықтай алмай, таң ата ғана көз шырымын алғандарын айтады. Варшаваға жетісімен кешқұрым бір жаттығу жасап, тынығу қажет. Одан кейінгі екі күнде тыңғылықты дайындық күтіп тұр. Әрине, өзгеріс көп болмасы анық. Дегенмен, бірлі-жарым өзгешелік болары хақ, деп хабарлайды KazFootball.kz тілшісі Польша елінен.

Бородюктің жаңалығы

Черногорияға қарсы матчта біз Александр Бородюктің бір жаңашылығын көріп қалдық. Ол Дмитрий Шомко мен Ғафуржан Сүйімбаев екеуін бір қапталға орналастырып жібергені. Екеуі бір-бірінің орнын ойсыратпай, жоқтатпай жүрді. Өз қапталдарында екеуі де мықты екені анық. Сүйімбаев сәл жоғарырақ орналасып, жартылай қорғаушының қызметін атқарды. Құрамаға дене қуаты мығым, 90 минут шапқылап жүре алатын ойыншыларды көптеп тартқысы келетін Бородюк бұл жерде қателеспеді. Қара қыраттар елімен болған ойын соны көрсетті. Біздің ойымызша бапкер бұл өзгерісті әр ойын сайын шынықтырып, пысықтай түседі. Ал, қалған орындарда әркім өз орнында қала берді. Тек Роман Мұртазаевтың негізгі құрамда, әрі толыққанды шабуылшы болып шыққан демесеңіз. Ойын аяқталысымен, Черногория бапкері Любиша Тумбакович "әлгі 14 нөмердегі Мұртазаев ұнады" деп мәлімдеді. Роман жалғыз өзі жортуыл жасап, біршама шабуылға сеп болды. Дегенмен, жас шабуылшыға 90 минут тоқтамай өнер көрсету әлі де ауырлау екен. Болашақта бұл жігіттің негізгі шабуылшы қызметін атқарып кетуі де ғажап емес. 

Исламханның жоқтығы

Қазақстан құрама командасы Еуропалық көптеген командаларға қарсы ойнады. Қарсылас құраманың бапкерлері бір ауыздан келісіп алғандай, "Сіздердің командаларыңыздың мықты ойыншысы ортадағы 9 нөмер екен" деп жататын. Сол Бауыржан Исламхан үш ресми ойынға дисквалификация алғаннан кейін орны ойсырады демесек те, жоқтығы білінеді. Кейде кесіп беретін пастары, елдің бәрін сабырға шақырғандай допты ұстап жүріп алатын, лидерлік қасиеттері керек-ақ еді. Дегенмен, құрамамыз ешқашан бір ойыншыға қарап қалмауы тиіс. Кезінде Украина құрамасы Андрей Шевченко жарақат алған шақта да жеңісті жолын жалғастыра беретін. Жарақатына байланысты Георгий Жуков және сол ойында екінші сары қағазын алған Мақсат Байжанов Польшаға қарсы кездесуге шыға алмайтын болды. Енді ортада кімің қалды? Көптеген мүмкіндікті голға айналдыра алмаған Исламбек Қуат бұл жолы өз кінәсін жуып-шаюға тырысар. "Ертісте" алыстан соққы жасап, голдар соғып жүрген Аслан Дарабаев бәлкім осы жолы негізгі құрамнан орын табар. Асхат Тағыбергенді де ұмытпаймыз.

Тазы ашуын тырнадан ала ма?

Польша құрамасы бізбен қатар кездесу өткізіп, ауыр соққы алды. Дания құрамасы поляктарды 4:0 есебімен тас-талқан етіп ұтты. Кристиан Эриксен бастаған жігіттер Польшаны сабасына түсірді. Бұлайша жеңіледі деп ешкім ойламаған еді. Енді ызалы тұрған Польша ашуын Қазақстаннан алар ма екен? Оның үстіне Роберт Левандовски Криштиану Роналдумен сұрмергендер көшінде тартысып келеді. Португал ойыншысы хет-трик жасап, Робертті артқа тастады. 

Ұтсаң ұлық, ұтылсаң ұлтарақсың

Варшаваның "Фредрик Шопен" атындағы әуежайына қона салысымен Давид Лориямен тілдесіп қалдық. Бізді кеше «Астана-Аренада» жанкүйерлер сөзбен сыбап салды. Иә, жеңілгеніміз рас. Нашар ойнадық. Бізді солай қатты сынға алатынын білеміз. Бірақ, шамамыздың жеткені сол ғана болды. Ал, егер ертең Польшамен тең түсіп, ұпай алатын болсақ, бізді жанкүйерлер қайтадан мақтай жөнеледі. Біздің фанаттарымыздың менталитеті сондай деп қысқа қайырды. Әрине, Давидтің сөзінің жаны бар шығар. Кейбір елдердің жанкүйерлері ұтылса да, ұтса да қолдауын аямайды. Алайда, бұл пікірде әркімнің ойы бөлек.

P/S

Польша астанасы Варшавада күн салқын. Қайта-қайта себелеп жаңбыр жауады. Ертең баспасөз мәслихаты мен ойын алдындағы ашық жаттығу өтпек. Сол уақытта құраманың да кескіні кішкене анықталып қалар.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх