Главное Маңызды
22 нояб. 2024, 16:42
109
Решением Судейско-экспертной комиссии арбитры матча десятого тура Чемпионата Казахстана по футзалу АФК «Кайрат» – «Атырау» (1:0) отстранены на два месяца, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт АФК.
22 нояб. 2024, 15:48
128
Во время турнира по футболу среди школ города Рудного арбитр поднял на ребенка руку за русский мат, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Telegram-канал «HALYQSTAN».
21 нояб. 2024, 20:40
366
Депутат Мажилиса Павел Казанцев оправдал наставника сборной Казахстана Станислава Черчесова после провала в Лиге Наций и эмоционально обратился к болельщикам, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на «Sportnews.kz»:
21 нояб. 2024, 17:17
398
Спортивный директор «Астаны» Игорь Павлюк рассказал о подготовке столичных к финальному матчу Кубка Лиги против «Жениса», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт QFL.
21 нояб. 2024, 11:13
2039
Аким Кызылординской области Нурлыбек Налибаев высказал свое мнение по поводу финансирования «Кайсара», сообщает корреспондент KazFootball.kz:

Александр Бородюк: "Қазақстанда жылдам ойлайтын екі ғана футболшы бар"

04 сент. 2017, 20:43 | 3156
Біз жалпы, не көрмедік? Қазақ футболының жанашырларын айтамын. Қаншама бапкер ауысты. Пайперстен бастап, Шторкты, Беранек пен Байсуфиновты. Бірақ, Красножанға жететіні жоқ еді. Мақұл, әркімнің өз ойы бар ғой. Юрий Анатолиұлы менің ойымша соңғы 10 жылда құраманы баптаған ең мықты жаттықтырушы. Дегенмен, бұл салыстырмалы теория. Бәлкім Бородюктің де бір ойы бар шығар. Польша – Қазақстан ойыны алдында біз бас бапкермен бірге емен-жарқын әңгіме дүкен құрдық. Былайша айтқанда бірге шай іштік. 

- Менде құрамаға алатын ойыншылар өте аз. Бәсекелестік төмен. Қазақстандық клубтар көбінесе легионерлерге күш артады. Командаларда негізгі мәселені сырттандар шешеді. Бірақ, сол сырттан келген футболшылар жоғарғы деңгейлі болса бір сәрі. Көбісі ортаңқол. Олармен бәсекелесетін жергілікті жастарда демек ортаңқол. Мен баяғыда Германия бундеслигасында ойнадым. Сонда немістер айтатын, сен осындағы футболшылармен бірдей ойнайтын болсаң, онда негізгі құрамнан орын алмайсың деп. Себебі, легионер ол жергілікті футболшылардан бір бас жоғары болуы керек. Демек, мына ішкі чемпионаттағы легионерлер, клубтар мықты болмай, Ұлттық құрама да ешқашан мықты болмайды. 

- Одан кейін мына бірінші лиганың жағдайына қалай қарайсыз? Бір команда екінші команданың алаңына темір жолмен қатынаған тұста біршама уақыт жоғалтады. Соның салдарынан жас футболшылар ойын тәжірибиесінен айырылады. Мысалы, шалғайда жатқан «Каспий», «Алтай», «Қызылжар» секілді командалардағы жас ойыншылар 3 күн поезбен жүріп, ойынға небәрі бірнеше минутқа қана шығып, қайтадан 3 күн артқа қайтады. Жалпы 1 аптада толыққанды бір жаттығу ғана жасайды. Демек, бірінші лиганы конференцияларға бөлу керек қой. Қалай қарайсыз?

- Өте дұрыс айтасыз. Мынауыңыз тіпті тамаша идея. Мен бұл мәселені алдағы жиналыста көтеріп, басшылыққа жеткіземін. Кез-келген футболшы күн сайын, ары кеткенде 2 күнде бір жаттығу жасауы тиіс. Әйтпесе, ол регреске кетеді. Өз-өзін жақсы қалыпта ұстап тұра алмай қалады. Бұл мәселені бей-жай қалдырмау керек деп есептеймін. 

- Рохер Каньястың құжаттары жақын арада дайын болады деп естідік. Құрамаға аласыз ба?

- Егер құжаттары дайын болып жатса, ондай футболшы үшін әрдайым есік ашық. Бәрі дұрысталып, төлқұжат алса, одан кейін ойыны төмендеп кетсе, алмауымыз да мүмкін. Ал, негізі мен өз басым жергілікті футболшыларға көбірек сенім артамын. 10 бразилиялық әкеліп ойнатуға да болады. Бірақ, одан кім ұтады?! Қазақ балаларының жолын өз қолымызбен жапқанымыз ғой. 

- ФИФА-ның жолдастық кездесулерге берген арнайы күндері бар. Қырғыстан мен Тәжікстан деген құрамалармен ойнамайтын шығармыз бұл жолы?

- Қазір, екі бірдей Еуропаның мықты құрамаларымен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Жақын арада жауаптарын беруі керек. Құрамаға берілген әр күнді керегімізге жаратуды ойлаймыз. Әлем чемпионатына дайындалып жатқан Ресей құрамасына қарсы ойнап та қалуымыз ықтимал.

 - Құрамада, Серікжан Мужиков, Азат Нұрғалиев, Георгий Жуков, Бауыржан Исламхан секілді бойы кіші, техникасы біршама жақсы футболшылар бар. Ойын мәнерін соларға ыңғайлы етіп жасау ойыңызда жоқ па? 

- Кезінде «Барселона» солай жасап еді. Дегенмен, біз құрама оцыншыларының балансын жоғалтпауымыз керек. Аракідік ірі ойыншылар да қажет. Көптеген еуропалық құрамалар керісінше ірі аяқдопшыларды пайдаланады. Біздің қорғанысымыздағы жігіттер де ірі, дегенмен позиция таңдау кезінде қателесіп жатады. Сондықтан, жастар, балалар футболын дамытуды қазірден бастап қолға алуымыз қажет. Күллі республиканы қамтитын жарыстар керек. Талантты тани білетін балалар бапкерлері қажет. Әйтпесе, қаншама талантты балалар ауылдарда қалып қояды. 

- Талант демекші, Еркебұлан Сейдахмет деген футболшыны білесіз бе?

Өте талантты шабуылшы. Бір-екі адамды алдап өтуден еш қаймықпайды. Мен оның бірнеше ойынын тамашаладым. Кейбір қорғаушылар оны тықсырып доп бермей, ойнатпай тастаған сәтте ол сәл ортаға қарай ойысып, допқа жақынырақ ойнады. Бұл жас футболшының ойлау деңгейі де төмен емес деген сөз. Негізі, Африкалық футболшыларды алыңызшы. Жылдамдығы жоғары, дене әлеуеттері ғаламат. Бірақ, олар неге әлем чемпионаттарында үздік емес. Алаңда ойлау деңгейлері төмен. Немістер механизмге айналып кеткен. Ойлау жүйесін де бірқалыпқа түсіріп алған. Футболшы 2-3 секундта ең дұрыс шешімді қабылдауы керек. Ал, қазақ футболшылары күреске, таласқа мықты. Бұл осы ұлттың тарихынан да белгілі. Кеңес үкіметі кезінде әр полкта бір-бір қазақ солдаты болғанын бір жерден оқыдым. Олар соңына дейін, қасық қаны қалғанша шайқасады. Мен Қазақстанға келгелі бері осыған көз жеткіздім. Күрес, бокс секілді спорттар мұнда жақсы дамыған. Қазақстан құрамасында менің байқағаным тек екі ғана футболшы жылдам ойланып үлгереді және дұрыс шешім қабылдайды. Олардың аты-жөнін айтпаймын. Құпия. Ал, қалғаны олай емес. 

Қазақстан футболына келгелі бері не түйдіңіз, біздің футболдың ерекшелігі неде?

- Мен қазір ғылыми қызметкерлермен әріптестік орнаттым. Олар маған әр футболшының алаңдағы ойындарын сараптап береді. Мысалы, Қазақстанда еуропалық стандарт бойынша алаңда 13 шақырым жүгіріп бере алатын небәрі екі-ақ ойыншы бар. Сондықтан, алдағы уақытта осы мәселені шешу жолында жұмыс жасауымыз керек. 

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх