Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
19
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
125
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
123
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
861
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
432
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Варшавадағы сәтсіздік

05 сент. 2017, 22:50 | 1744
Қазақстан Ұлттық құрамасы кеше бір қарағанда ойынды жақсы өткізгендей көрінді. Біршама уақыт қорғанысты мығым ұстап, допқа көбірек иелік етті. Ойында отандастарымыз тіпті алты бұрыштама добын көтерді. Александр Бородюк басқаратын команданың бұл жолғы ойыны тағы да сәтсіз өтті, деп хабарлайды KazFootball.kz порталының тілшісі Варшавадан.

1-тайм

Бас бапкердің бұл жолы Дмитрий Шомко мен Гафуржан Сүйімбаевты екі қапталға бөлек шығарғаны қызық болды. Өткен ойында екеуі бір қапталда керемет ойнаған секілді еді. Сол ойында екеуі бір қапталға сыймады десе керек, Александр Бородюк қос ойыншыны екі қапталға салды. Шомко әдеттегі сол қапталда, ал Сүйімбаев оң жақта. Ол жерде ойнайтын Абзал Бейсебеков ортаға ойысты. Станимир Стойлов бұл ойыншыны бойы бар, денесі ірі деп тіреуші жартылай қорғаушы ретінде пайдаланатын. Өткен жолы жақсы ойнаған Роман Мұртазаевқа көмекке бұл жолы Сергей Хижниченко қосылды. Польша құрамасына қарсы қалай ойнауды бұл шабуылшы біледі деп сенсе керек. Себебі, «Астана-Аренадағы» ойында ол екі гол соққан еді. Әрі кезінде Польша чемпионатында өнер көрсеткен тәжірибиесі бар. Ал, екі шабуылшыдан сәл төмен Аслан Дарабаев орналасты. Ол Серікжан Мужиковтың орнын басты. Сол Дарабаев матч бастала сала дараланды. Оның алыстан бағыттаған соққысы поляктардың жүрегін «дір» еткізді. Алайда, ойынның 10-шы минутында Аркадиуш Милик есепті ашып, алаң иелеріне сенімділік әперді. Бұл жерде қарсыластың қапталдан асырылған пасын қайтара алмаған Дмитрий Шомко анық қателесті. Ортадағы қорғанысты күшейту үшін Александр Бородюк Виктор Дмитриенконы шығарған. Ол Роберт Левандовскиді бірнеше рет құлатып, емін-еркін жүруіне кедергі болды. Алайда, ойынның 25-ші минутында Виктор сары қағаз алып үлгерді. Стадионға жиналған қауым сол қапталда ойнаған Камиль Гликтің көп қателескеніне наразы болды. Бапкер Адам Навалка осы олқылықты дер кезінде байқап, қаптал ауыстыртқызды. Дегенмен, бірінші тайм аяқталғанша тек Аркадиуш Миликтің ғана гол соғатын бір ғана мүмкіндігі болды.  

2-тайм

Тайм бастала салысымен Роман Мұртазаев таза гол соққан еді. Алайда, төрешілер офсайдта тұрған Исламбек Қуат үшін голды кері қайтарып, санамай тастады. Негізі соғылған голға Исламбектің түк қатысы жоқ еді. Төрешілердің бұлай шешім шығарғаны әрине, бәрімізді таң қалдырды. Одан кейінгі поляктардың шабуылы кезінде қорғаушы Елдос Ахметовтың өте сауатты өнеріне куә болдық. Әуемен де, жермен де келіп жатқан доптардың барлығына тойтарыс беріп, алға қарай шығарып жатты. Ал, осы ортада Исламбек Қуат, Ғафуржан Сүйімбаев, Юрий Логвиненко секілді футболшыларымыз сары қағаз алып үлгерді. Соңғысы келесі Румынияға қарсы ойынды жіберетін болды. 

Шабуыл өтінде біздің командадан Роман Мұртазаев шапшаң қимылдап, алаң иелерінің қорғанысын тітіркентіп жүрді. Ал, Аслан Дарабаев алыстан соққылар бағыттап, қиыс кетіп жатты. Бородюк бапкер Сергей Хижниченконы алаңға бекер шығарғанын 65-ші минутта бір-ақ байқап, орнына Алексей Щеткинді шығарды. 

Осыдан кейін Роберт Левандовски айып добын керемет орындап, гол соқты. Бірақ, бұл жерде Давид Лория қайтарған допты, Елдос Ахметов келіп сыртқа теуіп жіберді. Төрешілер анық соғылған голды санамады. Әділдікті көксеген алаң иелері бұрыштама добынан баспен әдемі гол соғып, 2:0 есебін тіркеді. Голдың авторы - Камиль Глик. 

Логвиненко Левандовскиді итеріп құлатқаны үшін литвалық төреші 11-метрлік айып добын белгіледі. Роберт пенальтиден мүлт кетпеді. Одан кейін ойынның соңғы минуттарында отандастарымыз бірнеше шабуылдар ұйымдастырды. Көбісі бұрыштама добымен аяқталып жатты. Олардың ешқайсысы нәтиже бермеді. 

Ойынан кейінгі ой

Қазақстан Ұлттық құрамасы қыркүйек айындағы екі ойынын бірдей 0:3 есебімен аяқтады. Екі матчта алты гол жібергеніміз қорғаныстың нашарлығын ғана білдірмейді. Түгел командамыздың деңгейлі командалардан әлсіз екенімізді көрсетті. Өткен жылғы құрамға қарағанда биылғы ұжым осал. Бірақ, ойнап жүрген сол бұрыңғы футболшылар. Құрамамызда тек Дмитрий Шомко ғана іріктеудегі сегіз ойынға да қатысқан жалғыз футболшы. 

Ермұхамед МӘУЛЕН - Варшава

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх