Айтпай Жамантаев: "Елімізде қыздар футболы жоғалып кетуі мүмкін"
Уэльс әйелдер құрамасының бас бапкері Джэйн Лэдлоу: "Біздің қыздар Бэйл мен Рэмзидан кеңес алады".
– Өткен жолы Қазақстанмен ойнаған кезде жасыл алаң басқаша еді. Бұл жолы жасанды алаңда ойнаймыз. Бізге шынын айтқанда бәрібір. Кез-келген алаңда ойнауға дайынбыз. Мындағы жасанды алаң өте сапалы екен. Ертеңгі ойында алаңда ешқандай мәселе туындамауы тиіс.
– Қазақстан құрамасы жайлы не айтасыз?
– Жеңіп жүрген командамыз. Бірақ, менсінбеушілік жоқ. Оның үстіне Уэльс құрамасы қазір буын алмасу кезеңін бастан өткеріп жатыр. Бір ескертетіні, біздің команданың қыздары арасында ер азаматтармен бірге жаттығу жасайды. Бэйл, Рэмзи секілді мықтылардан ақыл-кеңес алады. Бұл біздің қыздарға тек қана пайда әкеледі. Ал, Қазақстан құрамасынан бірнеше ойыншыны ерекшелеп айта аламын. Сіздердің құрамаларыңызда алдыңғы шепте бірнеше техникасы мықты ойыншы бар екен.
Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Айтпай Жамантаев: "Елімізде қыздар футболы жоғалып кетуі мүмкін".
– Былтырғы жылдары Уэльсте екі рет кездестік. Өте беделді командаға қарсы ойнау қиын. Команда ойыншылары өздерін жақсы сезінеді. Техникалық деңгейі күшті. Алаңда өзінің таңбасы бар команда. Олар сөзсіз күшті. Бізде де көптеген жастар алынып отыр. Командамызда бес негізгі ойыншымыз жоқ. Мадина Жанатаева жарақат алды, Айгерім Әйтімова допингтің кесірінен екі жылға кетті, Саша Гребенюк жанұясына байланысты осы матчтарға қатыса алмайды. Ал, Мария Ялова өзінің спорттық ғұмырын аяқтады.
– Ертеңгі матчта қандай мақсат қойып отырсыздар?
– Жеңілеміз деп шықпаймыз. Қарсыласымыз қандай команда болса да, біз - жеңіс үшін ойнаймыз. Олар әрине рейтингте бізден жоғары тұр. Дегенмен, өз алаңымызда ойнаған соң намысқа тырысып, жанкүйерлер алдында жерге қарамауға тырысамыз. Мақсатымыз - жеңіске жету. Қалғанын ойын көрсетеді. Қиындықтар бар, 30 адамнан таңдау жасаған жақсы емес. Елімізде кәсіпқой деңгейде екі ғана клуб бар. Солардың ішінен таңдап алып, құрамаға аламыз. Бізде таңдау өте аз. 2003 жылдан бастап біз осы мәселені айтып келеміз. Премьер-лига клубтарына қыздар командасын да ашсын деп ұсыныс тастадық. Сол жоба іске аспай келе жатыр. Командалар ашылса, қаншама қазақтың қызы осы футболмен айналысатын еді. Жан-жаққа жарысқа барып, тәжірибие жинайтын еді. Сондай жағдай болмаған соң, құрама командамыздың да жағдайы сол. Жергілікті әкімдіктер осы жағдайды қарасытырып, мәселені шешуі тиіс. Қыздар командалары арасындағы чемпионаттар кейбір мемлекеттерде бірнеше лигаларға бөлінеді. Бұл мәселені мемлекеттік тарапта қарамаса, қыздар футболы жоғалып кетуі мүмкін.
Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Бегайым Қырғызбаева: "Қыздардың футбол ойнауына жағдай жасалынса екен деймін".
– Командада қандай көңіл күй бар?
- Бапкеріміз айтып кеткендей, құрамамыз жас қыздармен толығып отыр. Ешқандай да бір жеңуге мүмкін емес дейтіндей қарсылас емес. Жас қыздар болса да олардың ынтасы керемет. Ең бастысы - өзімізге деген сеніміміз мол.
– Уэлсьтен келген қарсыластарыңыз жайлы не айтасыз?
- Уэльс құрамасымен екі рет кездесіп, екеуінде де жеңілген едік. Ойынның бейнеқайталауларын тамашалап шықтық. Қателіктермен жұмыс істедік. Ол командада мықты ойнайтын бірнеше футболшы бар. Себебі, олар Англия чемпионатында ойнайды. Солардан қауіп күтеміз. Дегенмен, біздің де ойын алдында құрып отырған жоспарымыз да жоқ емес.
– Қазақстанда қыздардың футбол ойнағанына қарсы болып жататын ер азаматтар бар. Сіздің құрбыларыңызда ондай мәселе жоқ па? Әке-шешесі қарсы болмай ма?
- Жоқ, ондай мәселе туындап жатқан жоқ. Қайта, керісінше көптеген қыздар келе бастады. Футбол ойнағысы келетін құрбыларымыздың, сіңлілеріміздің қатары көбейіп келеді. Семей мен Оралда қыздар командалары бар екенін білемін. Футболда шектеу жоқ. Ол әлемдегі нөмірі бірінші спорт. Жас қыздардың ынталары бар. Демек, олардың футбол ойнауына жағдай жасалынса екен деймін. Бапкерім айтып өткендей, еліміздің әр қаласындағы футбол клубтарының ішінде қыздар командалары да ашылуы тиіс.
Ермұхамед МӘУЛЕН
№ | Команда | И | М | О |
---|---|---|---|---|
1 | Қайрат | 24 | 39-21 | 47 |
2 | Астана | 24 | 39-19 | 46 |
3 | Ақтөбе | 24 | 39-26 | 43 |
4 | Ордабасы | 24 | 36-24 | 42 |
5 | Тобыл | 24 | 33-23 | 39 |
6 | Елімай | 24 | 35-32 | 37 |
7 | Атырау | 24 | 28-20 | 35 |
8 | Қайсар | 24 | 28-29 | 34 |
9 | Қызылжар | 24 | 29-26 | 29 |
10 | Жеңіс | 24 | 18-32 | 24 |
11 | Жетісу | 24 | 17-33 | 23 |
12 | Тұран | 24 | 16-39 | 20 |
13 | Шахтер | 24 | 12-45 | 10 |