Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
1080
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
742
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
396
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1417
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
731
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

«Қайрат» қайратына қайта мінді

07 янв. 2016, 14:50 | 1949
Қазақ футболының ту ұстары, ел футболының бетке ұстар командасы «Қайрат» ұзақ жылдар бойы құрдымға кете жаздап еді. Тұралап, тығырыққа тірелді. Ұлттың намысын жаныған халықтың командасы қайта күшіне еніп, қайраттана түсті. Команда тізгіні Қайрат Боранбаев қолына тигелі бері, алматылық ұжым қайта тірілгендей күй кешуде. Дегенмен, үш жыл қатарынан чемпион бола алмау бұл команданың жоспарында жоқ еді. Соның салдарынан команда бас бапкері Владимир Вайсс орнынан кетті. Қайта-қайта чемпиондықтан айырылып қалып жүрген «Қайратқа» өткен маусымда не жетпеді?

Өткен жылғы өкінішті бір сәтке ұмытып, алматылықтар жаңа маусымды жаңа тыныспен бастауға көшті. Алғашқы турда өз алаңында «Тобылды» 4:0 қылып, маусымға дайындықтың керемет өткендігін көрсетті. Словакиялық Владимир Вайсс өзіне керекті ойыншылардың біразын алғандығы көрініп тұрды. Шауыл өтінде африкалық Жерар Гоу, бразилиялық Исаэл, испаниялық Сито Риера секілді жақсы легионерлер өнер көрсетті. Оған өзіміздің Бауыржан Исламханды қосыңыз. Бұл төртеуі біріншілік бойы көптеген қорғаныстың кілтін ашты. Екінші айналымда «Жетісудан» алынған Джордже Деспотовичтің өзі команданың шабуылын одан әрі күшейте түсті. Чемпионатта 9 ойын ойнап, «Қайрат» үшін 8 гол соқты сербиялық шабуылшы. Деспотович-Гоу-Исаэл-Исламхан төртеуі 43 гол соққан. Ал, «Қайраттың» өзі бүкіл маусымда 60 доп соққан.

Владимир Вайсстың жаңадан ашқан бір ойыншысы болды. Қақпаны осыған дейін көп естіп білмеген Владимир Плотниковке сеніп тапсырды. Плотников болса, өз кезегінде бапкердің де, жанкүйерлердің де сенімін толық ақтап шықты. Ал, 22 гол соғып ішкі чемпионаттың үздік сұрмергені атанған Жерар Гоудың жарқ етуіне аса қатты ешкім талас тудырып тұрған жоқ. «Краснодар» командасында көп алаңға шыға алмаған шабуылшы голға әбден сусап қалған екен. Голдарды бірінің артынан бірін қарша боратты.

2015 жылғы чемпионаттағы алғашқы хет-триктің де авторы Гоу болды. Жалпы, 9 турда адуынды шабуылшы 10 гол соқты. Қазақстандық жанкүйерлер әрине, соңғы 4-5 жылда мұндай құбылысты ұмытқан болатын. Нәтижесінде маусым қорытындысы бойынша шабуылшы үздік атанды. Тіпті, осы көрсеткішін отанында естіген футбол мамандары Гоуды Кот-д’Ивуар құрамасына шақыртуға ниетті екен. Гол салған сайын маңдайын сәждеге тигізетін Жерар «Қайратты» келер маусымда да өрге сүйреймін деп отыр.

Маусым ортасында алматылық команда чемпионатта жақсы келе жатқанымен де, еурокубоктык ойындар алдында кішкене күшейіп алуды жоспарлады. Деспотовичпен бірге осы аралықта Тоқтар Жаңғылышбай мен Ұлан Қонысбаев «Қайратқа» ауысты. Еуропа лигасының аясында «Црвенаны» сыртта ұтып, ел абыройын асқақтата түсті. Одан кейін арменияның «Алашкертін» аса қиналмай өтті де, Шотландия елінің ортаңқолы «Абердинмен» тіресті. Өз алаңымыздағы ойында Исламханның алыстан соққан голы іріктеу турниріндегі әдемі голдардың біріне айналды. Айтпақшы, оған дейін Гоудың Белградта қайшылап тепкен голы да көптеген еуропалық спорт арналарында қайталанып көрсетіліп жатты. «Абердинді» айналып өткеннен соң, алматылық команданы кәрі құрлық біле бастады. Францияның «Бордосы» қарсылас атанғанда қазақстандық команда Еуропа лигасының топтық кезеңіне өтіп кетуі бек мүмкін деп топшылағандар болды. Алайда, «Орталық» стадионда 2:0 жеңіп тұрып, алматылықтар соңында бір доп жіберіп алды. Жарысты осы жерден аяқтау «Қайрат» үшін ауыр тиді. Футболшыларға да, жанкүйерлерге де. Осыдан кейін ішкі чемпионаттағы жағдай да нашарлай бастады.

Оның үстіне Бауыржан Исламхан мен Жерар Гоу жарақат алып қалды. Команда осыған дейін турнирлік кестеде алғашқы сатыда тұрды. Тіпті, елордалық «Астанадан» жеті ұпайға озып шыққан болатын. Алматыда кездескен қос команда арасындағы матч өте маңызды еді. Футболшыларын Чемпиондар лигасындағы ойыннан босатып, демалдырып алып келген Стойлов шәкірттері Таңат Нүсербаевтың голының арқасында жеңіп кетті. Осы ойынға дейін өз алаңында «Атыраумен» тең түсіп қалған «Қайрат» екінші орынға түсіп қалды. Алайда, алматылық командаға «Ақтөбе» қол ұшын созғандай болды. Өз алаңында 0:3 жеңілгенімен қоймай, ақтөбелік команда соңғы турда «Астананы» әбден қинады. Тек 88-ші минутта Кабананга гол соғып, елордалықтарға чемпиондықты алып берді. Әйтпегенде, «Қайрат» чемпион болып тұрған еді. Бұл оқиға 2011/2012 жылғы Англия чемпионатының соңғы турын айна-қатесіз қайталап берді. Агуэроның соңғы минутта соққан голы «Манчестер Ситиді» чемпион қылған болатын. Әйтпесе, екі минут бұрын сол жерде «Манчестер Юнайтед» чемпион болып тұрған еді.

Сонымен, үш жыл қатарынан екінші-үшінші орын алып жүрген алматылықтар үшін күміс медальдің қадірі кеткендей. Десе де, көңілге медеу болған Қазақстан кубогындағы жеңіс еді. Ұтылып жатып, «Астанадан» есесін қайтарып кеткен «Қайрат» жетінші мәрте ел кубогының иегері атанды. Жақын арада ресейлік маман Александр Бородюкпен келісімге қол қойған алматылық команда келер маусымда қалайда чемпион болуды көздейді. Әрі Еуропа лигасының бұйырмай жүрген топтық кезеңінде бетке алып көрмек.

Ермұхамед МӘУЛЕН 

суреттер  prosportkz.kz, "Қайрат" ФК, tengrinews.kz сайттарынан алынды

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх