Калоян Петков: "Бұл ойын елдің намысы, команданың беделі үшін керек"
- Өткен жылмен салыстырғанда біздің құрамада өзгерістер бар. Құрамада белгілі себептерге байланысты тәжірибелі ойыншылар Фатима Идиатуллина мен Юлия Мясникова жоқ. Ұлболсын Жолшиева жарақатына байланысты ойынға қатыса алмайды. Қосалқы құрамдағы ойыншылардың барлығы дерлік өткен жылы жастар құрамасында ойнады. Ертең алаңға 19 жастағы ойыншы шығуы әбден мүмкін. Дегенмен, футболшылардың барлығы ойынға дайын. Қазақстан құрамасының жасаруын барлығы күтті. Міне, енді уақыт келді.
- Қарсылас құрама туралы қандай мағлұмат жинадыңыз? Ойынға дайындық, көңіл-күй қандай?
- Уэльс ойыншыларының басым бөлігі Англия чемпионатында ойнайды. Арасында «Манчестер Сити» мен «Арсенал» ойыншылары бар. Уэльс құрамасының деңгейі өсіп келеді. Оңай қарсылас емес. 2017 жылғы Еуропа Чемпионатына Қазақстан құрамасы да, Уэльс құрамасы да жолдама ала алмайды. Австрия мен Норвегия құрамалары құрлық біріншілігіне баруы мүмкін. Дегенмен, бұл ойын елдің намысы, команданың беделі үшін керек. Ертеңгі ойыннан оң нәтиже күтеміз. Өйткені, қарсыласты өз алаңымызда қабылдап отырмыз. Құрама ойыншылары бұл стадионда күн сайын дайындалады.
Еске сала кетейік, Қазақстан мен Уэльс матчы ертең, 12 сәуір күні Шымкент қаласындағы «Биік» стадионында өтеді. Ойын сағат 15:00-де басталады.
ҚФФ
№ | Команда | И | М | О |
---|---|---|---|---|
1 | Қайрат | 24 | 39-21 | 47 |
2 | Астана | 24 | 39-19 | 46 |
3 | Ақтөбе | 24 | 39-26 | 43 |
4 | Ордабасы | 24 | 36-24 | 42 |
5 | Тобыл | 24 | 33-23 | 39 |
6 | Елімай | 24 | 35-32 | 37 |
7 | Атырау | 24 | 28-20 | 35 |
8 | Қайсар | 24 | 28-29 | 34 |
9 | Қызылжар | 24 | 29-26 | 29 |
10 | Жеңіс | 24 | 18-32 | 24 |
11 | Жетісу | 24 | 17-33 | 23 |
12 | Тұран | 24 | 16-39 | 20 |
13 | Шахтер | 24 | 12-45 | 10 |