Калоян Петков: "Бұл ауыспалы кезең"
- Бүгінгі ойында төрешілердің жұмысына көңілім толмады. Алайда, жеңіліске төрешілерді кінәлаудың қажеті жоқ. Бұл ауыспалы кезең. Сол себепті қиындау. Бүгін алаңға 1996 және 1997 жылғы футболшылар шықты. Футболда тек жеңіске жететін бапкерлер жоқ. Олардың карьерасында жеңілістер де болады. Әйелдер футболын ерлер футболымен салыстыруға болмайды. Әйелдер футболында физикалық қабілеттік пен тәжірибе қатты байқалады.
- Жас футболшылар Светлана Бортникова мен Ксения Хайрулинаның ойынына баға берсеңіз?
- Жас ойыншылар Ұлттық құрамадағы алғашқы ойындарын өткізуде. Олар алаңда жандарын салып ойнауы керек. Сол кезде ғана жақсы ойыншы шығады.
- Негізгі қақпашы Оксана Железняк неге алаңға шықпады?
- Оксана Железняк жарақатына байланысты дайындық кезеңінің көп бөлігін жіберіп алды. Мәдина Шойкина жаттығу кезінде өзін жақсы көрсетті. Бүгінгі ойында да бірнеше қауіптті сәттерде қақпасын қорғап қалды.
ҚФФ
№ | Команда | И | М | О |
---|---|---|---|---|
1 | Қайрат | 24 | 39-21 | 47 |
2 | Астана | 24 | 39-19 | 46 |
3 | Ақтөбе | 24 | 39-26 | 43 |
4 | Ордабасы | 24 | 36-24 | 42 |
5 | Тобыл | 24 | 33-23 | 39 |
6 | Елімай | 24 | 35-32 | 37 |
7 | Атырау | 24 | 28-20 | 35 |
8 | Қайсар | 24 | 28-29 | 34 |
9 | Қызылжар | 24 | 29-26 | 29 |
10 | Жеңіс | 24 | 18-32 | 24 |
11 | Жетісу | 24 | 17-33 | 23 |
12 | Тұран | 24 | 16-39 | 20 |
13 | Шахтер | 24 | 12-45 | 10 |