Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
1046
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
714
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
373
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1372
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
702
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

“Оқжетпес” үштікке енді

14 апр. 2016, 09:50 | 1495
5-тур ойындары көпшілік күткендей нәтижелерді тіркеді. Тек “Қайрат” өз алаңында “Шахтерді” ұта алмады. “Ақтөбе” алтылыққа кірді. Ал, “Ертіс” пен “Астана” көш бастап келеді.

“Жетісу” – “Астана” - 0:1 (0:0)

Гол: Логвиненко 77

Ескертулер: Әділханов 76, Тұрысбек 83, Симоновски 86, Кадио 90+4 – Деспотович 67, Щеткин 88, Мұжықов 90+4

Алаңнан қуылған: Щеткин 89 (екінші ескерту)

“ЖетісуШабанов (к), Кадио, Джалович, Клайн, Савич, Рудик (Моисов,76), Демель (Симоновски 22), Әділханов, Шабаев, Тұрысбек, Боровский (Калинин 46)

Қосалқы құрам: Пасеченко, Сағындықов, Әмірсейітов, Мыңбаев, Балғабаев, Азовский

«Астана»: Эрич, Постников, Аничич, Каньяс, Твумаси (Тағыберген 90), Максимович, Аруна (Деспотович 58), Бейсебеков, Мұжықов, Нөсербаев (к) (Щеткин 71), Логвиннеко

Қосалқы құрам: Мокин, Абдурахими, Шомко, Гурман, Шаихов, Наджарян

Төрешілер:  Сахи (Қызылорда), Калачев (Атырау), Қошқаров (Алматы)

13 сәуір. Талдықорған. «Жетісу» стадионы. 1 700 көрермен 

Чемпионның аты чемпион! Елордалықтар Станимир Стойловтың айтуынша түк ойын көрсетіп жүрген жоқ екен. Алайда... команда ұпайдан шашау шығармай келеді. Бұл жолы команданы алға сүйреген Юрий Логвиненко. «Ақтөбенің» көптеген жанкүйерлері «Астананы» аса қатты ұната бермейтіні белгілі. Оны ғаламтор желісіндегі түрлі форумдардан байқап жүрміз. Тура сол «Ақтөбеден» ауысқан Юра осы ойында «Астана» үшін жеңісті голды соқты. Логвиненконың добы болмағанда чемпионаттың лидері елордалық ұжым емес, керекулік «Ертіс» қана болар еді. Оларда ұпайдың барлығын жапырып жинауда. «Астананың» бәсекелесі негізі «Қайрат» болуы керек еді. Бірақ, «Қайратта» осы күні қайрат жоқ. Бұл матчта алаңға Аруна Лукман шықты. Ал, Дсепотович қосалқы құрамда қалды. Джордже өзінің Қазақстандағы алғашқы командасы «Жетісуға» гол соққысы келіп еді, уақыт жетпеді.

“Тобыл” – “Ақтөбе” - 1:2 (1:1)

Голдар: Дудченко 6 (1:0), Кәкімов 21 (1:1), Бочаров 70 (1:2)

Ескертулер: Розыбакиев 36, Дмитренко 58 – Куаджа 42

“ТобылЛогиновский, Деак, Дудченко, Кассай, Шимкович, Яворский, Дмитренко, Жұмасқалиев (к) (Хижниченко 64), Мирошниченко, Мухутдинов (Н’Диайе 78), Розыбакиев (Досмағамбетов 74)

Қосалқы құрам: Петухов, Аслан, Левин, Кургулин, Эльмурзаев

«Ақтөбе»: Отарбаев, Куаджа, Петролай, Сорокин, Ситдиков, Бочаров (Азовский 90+1), Михалев (Жаңғылышбай 52), Қайыров, Кәкімов (Цвейба 79), Смақов (к), Шестаков

Қосалқы құрам: Павлов, Тамабай, Жалмұқан, Жұмашев, Тотай, Тілешев

Төрешілер:  Измайлов (Талдықорған), Айжигитов (Кызылорда), Лабашов (Атырау)

13 сәуір. п.Затобольск. «Затоболец» стадионы. 3 000 көрермен 

Дмитрий Огай командасы сүреңсіз өнер көрсетті. Өткен жолы «Ордабасымен» болған ойында әбден шаршаса керек, қостанайлықтар бұл жолы дәрменсіз көрінді. Әйтпесе, «Ақтөбенің» әзірге алып бара жатқан түгі жоқ. Тек командалық рухтың арқасы. Сол рухты беріп тұрған Самат Смақов секілді футболшылардың арқасында жеңіске жетті. Константин Дудченконың голына Асланбек Кәкімов жауап қатқаннан кейін, Никита Бочаров «Ақтөбені» алға шығарды. Бұл ақтөбеліктердің қатарынан алып отырған екінші жеңісі. Қостанайдағы жеңістің арқасында Юрий Өткелбаевтың командасы алғашқы алтылыққа еніп отыр.

“Оқжетпес” – “Атырау” - 2:0 (1:0)

Голдар: Хайруллин 43, Молдақараев 59

Ескертулер: Чичулин 25, Чижов 43 – Куртеян 18, Шабалин 39, Коробкин 57, Эсатов 90+1

“ОқжетпесСтаменкович, Чертов, Чижов, Еоне, Волков, Нганбе (Ристович 78), Мангуткин, Чичулин, Хайруллин (Жұмаханов 86), Бөлешев (к) (Молдақараев 21), Қожамберді

Қосалқы құрам: Бабаханов, Алхазов, Куксин, Тулиев, Юрин, Богданов

«Атырау»: Нәрзіқұлов (к), Ламанж, Эссаме, Шарпар (Трытко 57), Макась (Аржанов 22), Куртеян, Мулдаров, Эсатов, Кузьмин, Шабалин (Қонысбаев 66), Коробкин

Қосалқы құрам: Жомартов, Дамчевски, Балтаев, Чуреев, Сапаров

Төрешілер:  Әлиев (Алматы), Бейжанов (Петропавловск), Субботин (Ақтөбе)

13 сәуір. Астана. «Астана Арена» стадионы. 1 500 көрермен 

«Астана-Арена» стадионында өткен бұл ойынды Ақмола облысының әкімі Николай Кулагиннің өзі тамашалады. Трибунада отырып «Оқжетпеске» қолдау білдірген әкім командасының жеңісіне куәгер болып қайтты. Басшы болған облысындағы команданы чемпиондыққа сүйрейтін Кулагин мырза «Оқжетпеске» қаржыны аяп жатқан жоқ. Дегенмен, Владимир Мұқанов командасы бұрынғы «Тобылдай» бола алар емес. «Тобыл» сол кездері Интертото кубогын жеңіп, ішкі біріншілікті жылма-жыл жеңіп жүрген.

Аз уақыттан кейін бәлкім «Оқжетпес» сол деңгейге де жетіп қалар. Өйткені, ойын барысында көкшеліктер қарсыласқа көп доп ұстатпады да. Кәдуілгі «Барселона» дерсіз! Жылдам, техникасы тамаша, қысқа бойлы футболшыларды қалай қолдану керектігін Владимир Мұқанов жақсы білетін секілді. Алайда, сондай футболшыларының бірі Әлібек Бөлешев алғашқы таймда-ақ жарақат алып қалды.

“Ертіс” – “Ордабасы” - 2:0 (0:0)

Голдар: Мұртазаев 63, Гогуа пенальти 74

Ескертулер: Фонсека 78, Фернандес 87 – Абдулин 28, Қожабаев 74, Тұңғышбаев 80

“Ертіс”Лория (к), Гогуа (Воменко 79), Йирсак, Фонсека, Фрейдгеймас, Керла, Джаллоу, Гетериев (Әлиев 90+2), Ахметов, Мұртазаев (Фернандес 84), Малый

Резерв: Цирин, Фаль, Сартаков, Есімов, Аягғанов, Попов

«Ордабасы»: Бойченко, Диакате, Чатто, Касалица (Төлебек 81), Симчевич (Ирисметов 17), Юнузович, Абдулин, Мұқтаров, Нұрғалиев (к), Тұңғышбаев, Қожабаев (Адырбеков 79)

Резерв: Бекбаев, Гейнрих, Әшірбеков, Қайқыбасов, Ерланов, Тәжімбетов

Төрешілер:  Дүзмәмбетов (Өскемен), Полуэктов (Тараз), Гусев (Көкшетау)

13 сәуір. Павлодар. Орталық стадион. 6 500 көрермен 

Ағыны қатты «Ертіс» арнасынан асып, бұрқан-талқан тасып тұрған жайы бар. Ойыны жүріп тұрған шағы. Қанша уақытқа созыларын кім білсін, бірақ осы күні «Ертіс» нағыз чемпиондық ойын көрсетіп жүр. Ойыны да тамаша, нәтижесі де керемет. Көптеген премьер-лига клубтарының басшылар енді жақын арада болгариядан бапкер алдыртып жатса таңқалмаңыздар.

Қазақстан Ұлттық құрамасының бапкерлері өткен жолы шабуылшы іздеп шарқ ұрды. Бізде өз кезегімізде сайт бетінде бұл мәселені көтерген болатынбыз. Осы арада бір құпияның бетін аша кетейін. Ұлттық құрама мамандары осы күні Роман Мұртазаевқа көп көңіл бөліп жүр. Жақын арада осы футболшыны Ұлттық құрамаға шабуылшы ретінде шақыртып қалулары мүмкін. Тура сол Роман осы турда да гол соқты. Оның алдында сырт алаңда «Ақжайық» қақпасын дәл көздеген. Демек, «Муртазиньо» дәл мынандай қарқынмен түбі құрамаға алынып қалуы мүмкін.

Қазақстан чемпионатына Ресейден көптеген футболшылар келуде. Бірақ, олардың ішінде жарытып футбол көрсеткендер аз. Мақтаулы Сычев, Гатагов секілді футболшылар келген ізімен қайтып кетті. Ал, Гогита Гогуа ондай болмай шықты. «Ертістің» чемпионат басындағы ең үздік ойыншыларының бірі Гогуа болып тұр. Бұл ойында легионер пенальтиден есепті еселеп берді. 

“Тараз” – “Ақжайық” - 0:1 (0:0)

Гол: Бегалин 81

Ескертулер: Әмірханов 58, Данилюк 60, Воротников 71, Байтана 72 – Шурыгин 49, Коробов 53

«Тараз»: Григоренко, Мера, Зенькович, Данилюк (Байтана 62), Мане, Воротников, Әмірханов, Д.Евстигнеев (к), Сүлей, Шахметов, Қараман (В.Евстигнеев 75)

Қосалқы құрам: Докич, Баялиев, Айтбаев, Рымтаев, Карпык, Нұралы, Әбдінәби

Ақжайық”Кәлменов, Говедарица (к), Колуния, Ортиз, Николич, Хромцов (Сергиенко 46), Валиуллин (Омаров 89), Тапалов, Шурыгин, Коробок, Бегалин (Сапанов 85)

Қосалқы құрам: Багаутдинов, Антипов, Мальцев, Хаиров, Шевцов, Гридин

Төрешілер:  Алешин (Павлодар), Құсайынов (Астана), Филипчук (Шымкент)

13 сәуір. Тараз. Орталық стадион. 3 500 көрермен 

«Тараз» тығырыққа тірелді. Шабуылшы Зеньковичтің тізесінде жарақат бар екен. Содан болар беларусь шабуылшысы бір бармағын ішке бұғып жүр. Яғни, толық ашыла алар емес. Бауыржан Байтана да ортаны ұстап жүрген болатын. Оның да соңғы кездері тамағы ісіп, ангинасы алқымдап тұр. Жергілікті футболшыларға сенім артатын «Тараз» өз алаңында негізгі бәсекелес «Ақжайыққа» жеңіліп, ұятты жағдайға түсті. Команданың ойыны осылай кете берсе, жамбылдықтардың жарыстағы мақсаты өзгермек. «Алғашқы алтылыққа ену» деген тақырыпты сызып тастап, үстіне қарындашпен «премьер-лигадағы орынды сақтап қалу» деп өзгертулері ғажап емес. 

“Қайрат” – “Шахтер” - 0:0

Ескертулер: Исламхан 20 – Ягуби 20

Алаңнан қуылған: Исламхан 75 (екі ескерту)

“ҚайратПлотников, Гоу (Тавамба 82), Тимощук, Маркович, Аршавин (Қуат 79), Тесак, Бакаев, Исламхан (к), Қуантаев, Ли (Исаэль 46), Рудосельский

Қосалқы құрам: Сидельников, Дарабаев, Дайыров, Райымбек, Вороговский, Лунин

«Шахтер»: Багинский, Уббинк, Арзуманян, Садовничий, Сзоке, Зенели, Ягуби (Скорых 84), Габышев, Пикалкин (Горячий 56), Финонченко (к) (Ермеков 66), Байжанов

Қосалқы құрам: Ткачук, Нұрыбеков, Өміртаев, Тәттібаев

Төрешілер: Вишниченко (Қостанай), Виноградов (Петропавловск), Козлов (Ақтау)

13 сәуір. Алматы. Орталық стадион. 14 500 көрермен.  

Өткен жолы «Атырауды» жеңгеннен кейін жанкүйерлердің барлығы «Қайрат» қалпына келді деп ойлап қалды. Қазақ футболының қайраулы қылышы болып кеткен алматылық командадан осы күні еш қайран болмай тұр. Шешінетін бөлмедегі жиһаз бен «Орталықтың» жасыл алаңынан бөлек командада соңғы төрт айда үш бапкер ауысты. Не керек барлығы жаңартылып жатыр. Бірақ, ойын еш жаңарар емес. Осындайда алматының кейбір жанкүйерлері Владимир Вайсспен жылап көрісетін жағдайда жүр. Вайсстың кезінде ойын бар еді, футбол бар еді. Қазір не? Е ойын жоқ, е нәтиже жоқ. Қазақстандағы бюджеті көп командамыз екінші алтылықта ойнақшып жүр. Осы күнге дейін сырттағы ойындарына поезбен барып жүрген командалармен турнирлік кестеде қатар тұру, «Қайрат» үшін ұятты болса керекті!

Үйленгелі бері ойыны болмай жүрген Бауыржан Исламхан бұл ойында тіпті қызыл қағазбен қуылды. Исламхан өмірде өте мәдениетті, жұмсақ адам. Өте сыпайы. Онысы жақсы әрине. Бірақ, алаңда ойын кезінде кішкене агрессивті болғаны дұрыс. Мінез көрсетіп, ортадағы ойынды түгел қорықпай қолына алуға тырысқаны жөн. Цхададзе Бауыржанды ортаға қоюдан бас тартпайтын секілді. Әйтпесе, «Батори» қапталға кетіп, көзімізден таса болғандай кейіпте. Ұлттық құрамамызға керек ойыншынының ойыны әрқашан мықты болғанын қалағаннан кейін айтып отырмыз.

Ермұхамед МӘУЛЕН

 

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх