Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
1045
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
712
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
371
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1370
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
701
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Жерсіндіру

15 апр. 2016, 11:40 | 2694
“Еуроньюс” арнасы алдымен “Футбол” жаңалықтарын беріп, артынша “Спорт” жаңалықтарына көшеді емес пе? Сонда ойға түсетін бір дүние бар. Футбол спорттан әлде қайда бөлек тұратындай. Футболды жәй ғана спорт деп қарастыру аз. Ол – саясат, ол – дін. 

Осы футбол деген ойынның анықтамасын қазақтың белгілі жазушысы Несіп Жүнісбайұлы былай деп келтіреді: “Футбол – ақылдағыны аяққа түсіретін ойын”. Қалай керемет айтылған сөз. Сол футболдың көптеген турнирлерінің ішінде бір жарыс бар. Орны бөлек, бітімі басқаша. Әлем чемпионаты деген. Ол енді бір ұлы той. Онда тек ұлттық құрамалар өнер көрсетеді. Аты айтып тұрғандай ұлттар арасындағы тартыс. Бірақ, әлемнің саяси картасы соңғы 200 жылда қалай өзгергенін өздеріңіз білесіздер. Кейбір мемлекетте ұлттан гөрі ұлыстар көп. Сондықтан да, Ұлттық құрамаларда өзге ұлт өкілдері немесе сол мемлекетті мекендеген ұлыстардың өкілі ойнайды. Швейцария құрамасы осыған айқын дәлел. Бұл құрамада неміс, итальян, албан, түрік, босниялықтар секілді ұлттың адамдары ойнайды. Қайсібір жылдары Германия мен Қазақстан ойнады. “Астана-Аренада” өткен ойында Германия қақпамызға ойнап жүріп үш гол соқты. Мирослав Клозе, Лукас Подольский және Марио Гомес. Екі поляк, бір испан.

Одан кейін тағы бір мысал келтіре кетсем. 1998 жылдары Еуропаны елең еткізген тағы бір ойыншы болды. Нигериялық Эммануэль Олисадебе. Польша чемпионатында ойнап жүрген “қара маржанды” атақты футболшы Збигнев Бонек байқап қалып, құрамаға алдыртты. Бұл мәселе бұрын-соңды Еуропада кездеспегендіктен мәселеге мемлекет президентінің өзі араласты. Рұқсат берді. Олисадебе кейінгі жылдары Польшаның негізгі шабуылшысына айналды. Тіпті 2002 жылғы Әлем чемпионатына да барды.

Одан кейін Германия құрамасы Германияда туып өспеген алғашқы футболшыны құрамаға алды. Ол ганалық Джеральд Асамоа. Ол да шабуыл өтінде тамаша ойнап берді. Осылай біртіндеп кәрі құрлық құрамалары өз саптарына өзге ұлт өкілдерін ала бастады. Осы арада әлемдік футбол қауымдастығы заң шығара бастады. Яғни, сол мемлекетте туып өскен футболшы, бірақ өзге ұлт өкілі болса онда ешқандай кедергі жоқ. Ал, егер сол мемлекетте тумай, бірден азаматтық алып Ұлттық құрамаға ойнай салуға тиым салынды. Ол заң араға жыл салып қайта өзгерді. Өзге елдің азаматы басқа мемлекетке барып, сол елдің чемпионатында кем дегенде екі жыл өнер көрсетсе, онда сол мемлекеттің ұлттық құрамасына шақыртыла алады.

Әзірбайжан құрамасында екі бразилиялық ойнап, оның бірі біздің қақпамызға айып добынан гол соққанын өздеріңіз білесіздер. Міне, бұл осы жерсіндіру процесінің жемісі. Ал, Қазақстан құрамасы бұл жаңашылықты толығымен пайдаланды. Қазақстанда туғаны бар, тумағаны бар бәрі тегіс ойнады.

Осы арада УЕФА мен ФИФА бірлесе отырып тағы да өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Енді сол елдің құрамасына ойнау үшін кем дегенде сол елдің чемпионатында бес жыл ойнауың керек. Оған қосымша бізде “жергілікті футбол мектебінің түлегі” деген тағы бір айдар қосылды. Соның кесірінен Голландия футбол мектебінің түлегі, алайда этникалық қазақ Мұрат Өнал Қазақстан чемпионатында легионер болып қала берді.

Тағы бір қоса кететін жәйт. Егер футболшының жақын туыстарының бірі Қазақстан территориясында туып өссе, біздің елге әлдеқандай қатысы болса, онда біздің чемпионатта оның бес жыл тер төгуінің қажеті шамалы. Бұл арада біз Генрих Шмидтгаль мен Константин Энгель секілді футболшыларды жатқыза аламыз.  

Енді біздің Футбол Федерациямыз осы заң аясында ғана жұмыс жасай алады. Құрамаға кімдерді шақырта аламыз? Көптеген жанкүйерлер шабуылшы керек дейді. Әрине, орынды сұраныс. Бірақ, Деспотович немесе Гоу секілді футболшылардың өздері келіскенімен, оған заңнамалық тұжырымдама рұқсат етпейді. Қазақстанда жүрген легионерлерден ел біріншілігінде бес жыл бойы тер төккен футболшының бірі және бірегейі ол – Рохер Каньяс. 2012 жылы 26  қаңтарда ол “Шахтермен” келісім-шартқа қол қойысты. Содан бері мінекей бес жыл болды. Тіпті, бес жылдан асып кетті. Каньястың өзі Колумбия құрамасына ойнағысы да келген. Бірақ, Хосе Пекерман ортадағы орынға неміс бундес лигасында ойнайтын өзге колумбиялықтарды алды. Демек, Рохерге Колумбияға ойнау үшін ұзақ күту керек. Ал, Қазақстан құрамасына Каньяс секілді футболшы ауадай қажет. Ол ортада өте қарапайым, әрі пайдалы қимылдар жасайды. Керек кезінде қарқынды тоқтатады, ойынды өз қолында ұстай біледі. Бойы да ұзын, алыстан жойқын соққысы да бар.

Самат Смақов, Асхат Тағыберген, Исламбек Қуат және Мақсат Байжановтар өнер көрсететін жерге Рохерді алуға болады. Мақсат биылғы күзде басталатын Ресей-2018 циклына қатысқаннан кейін құрамаға ойнайтын шамада болмайды. Саматтың күйін сіздер жақсы білесіздер. Ал, Асхат пен Исламбек әлі құрама деңгейіндегі ойынға ілесе алмай жүр. Тағыбергеннің бар қателігі доп қабылдау кезінде корпусын дұрыс қоймауы. Ол енді бір жағынан Асхаттың да кінәсі емес. Ол тәрбие алған кезде оған сабақ берген бапкерлердің қатесі шығар. Доп қабылдаған шақта ортадағы ойыншы жан-жақты прессингке ұшырайды, сол кезде амалсыз артқа пас беруге тура келеді. Ал, Тағыберген ешқандай прессингсіз допты артқа беруге құштар. Себебі, бірдеңені бүлдіріп алмайын деген қорқыныш басым.

Шығар қорытынды, қадірменді біздің порталымыздың оқырмандары! Өз ойларыңызды білдіріп, пікірлеріңзді қалдырыңыздар. Ұлттық құраманың кейбір позицияларына әлі де болса жаңа ойыншылар керегі анық. Осы ойымыз дұрыс па, әлде бұрыс па?! Патша көңілдеріңіз шешсін. Ең бастысы пікір алмасқанымыз үшін ешкім басымызды кесіп, шапанымызды шешіп алмайды!

 Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх