Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
1049
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
718
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
375
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1376
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
705
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Алтыншы турда алыптар ұпай жоғалта ма?

16 апр. 2016, 08:30 | 1583
Осы апта соңында кезекті премьер-лига туры бар. Қазақстандағы футбол маусымы енді аяқ алып, қызып келеді. Фавориттер айқындалып, алғашқы алтылыққа ұмтылатындар тізімі белгілі болып қалды. Дегенмен, көптеген сұрақтың беті ашық тұр. Бәлкім алтыншы турда анық-қанығы белгілі болып қалар. Сонымен, осы уик-эндте біз қандай матчтар тамашалаймыз.

Премьер-лига
6-тур, 17 сәуір

14:00 “Ордабасы” — “Қайрат”

Шымкенттегі ойындар үнемі қызықты және тартысты өтеді. “Ордабасы” өз алаңында гол соқпай қоймайтын команда. Оның үстіне соңғы кездері шабуыл өтінің футболшылары тамаша ойнап жүр. Соңғы ойында олар сыртта “Ертіске” жеңілді. Бұл матчқа “Тобылмен” өткен кездесуде қызыл қағаз алған Ғафуржан Сүйімбаев қатыспайды. Ол чемпионаттың жеті ойынын алаңның сыртынан қарайды. Ал, алаңнан қуылғандар тақырыбын жалғай кететін болсам, “Қайрат” “Шахтермен” тең түскен кездесуде Бауыржан Исламхан алаңнан қуылды. Демек, “Қайраттың” жеңіске жетуі қиындай түсті деген сөз. “Ордабасы” чемпионатта әзірге ұрған сегіз голының алтауын өз алаңында соққан. Бұл фактіні де еске ала кетейік. 

15:00 – “Шахтер” — “Оқжетпес”

Қарағандылық команда қашанғы жеңіске жете алмай жүрсін? Олар үш ұпай алуды көздеп жүр. Осы жолы қос команда тең тарқайды дегенге сүйеніп отырмын. “Оқжетпес” сапында Бөлешев алаңға шықпайды. Демек, сұрмерген шабуылшысы жоқ. “Шахтер” турнирлік кестенің артынан санағанда екінші тұрса, “Оқжетпес” “Ертіс” пен “Астананы” өкшелеп келеді. “Шахтер” өз алаңында әлі гол соққан жоқ. Бәлкім осы жолы?! Ал, жалпы алғанда “кеншілер” чемпионатта бір ғана гол соққан. Оны алғашқы турда Корнелиус Уббинк елордалық “Астана” қақпасына ұрған. Қарағандылықтар биылғы маусымда жеңіске жетпеген үш команданың бірі. Йозеф Вукушичтің командасынан бөлек, толық үш ұпай алмаған тағы екі команда бар. Олар – “Жетісу” мен “Атырау”.

16:00 – “Жетісу” — “Тараз”

Жеңіске “Жетісу” жетеді деп ойлайды көптеген букмекерлік кеңселер. Талдықорғандықтар жеңіске сусап отыр. “Тараздың” жағдайы қиын. Ойыншыларының көбісі жарақатта. Қосалқы құрамнан келген 18-жасар жігіттер ойнап жүр осы күндері. Зеньковичтің тізесі жарақат. Байтананың тамағы ауырып, ортадағы ойынды толық ұстай алмай жүр. “Жетісудің” өз жерінде қақпасына кем дегенде бір гол жіберетін жаман әдеті бар екен. Үш ойын қатарынан жеңіліп келе жатқан “Тараз” осы жолы ең болмаса бір ұпайға қармануы тиіс. Әйтпесе, Нұрмат Мырзабаев бас бапкер деген атағынан айырылуы ықтимал.

16:00  - “Астана” — “Тобыл”

Елордалықтардың ойыны нашар. Чемпиондық атаққа түкте лайық емес. Бірақ, олар ұпайдан ашау шығармай келеді. Деңгейдің аты – деңгей. Стойлов керекті сәтте командасын тығырықтан алып шығады. Ал, Огайдың командасы ықылым заманнан қорғаныс арқылы өнер көрсетеді. Демек, бұл матчта біз ары кеткенде екі ғана гол көруіміз ықтимал. “Тобыл” жалпы сырт алаңда ұтылып көрмеген команда. Себебі, сыртта бір ғана кездесу өткізген. Екінші бір ойыны Атырау қаласында өтуі тиіс болған. Алайда, ауа-райының қолайсыздығынан қостанайлықтар сырттағы матчқа дер кезінде жетіп үлгере алмады. “Астана” барлық ойында жеңіске жетіп келеді. Сонда ең көп тіркелген есеп екеу болып тұр. Бірі - 1:0, бірі - 2:1. Ал, бір ойыны 1:3 есебімен аяқталыпты. Бұл матчқа 2:1 деген нұсқа дәл келетін секілді.

17:00 – “Ақтөбе” — “Ертіс”

“Ақтөбе” екі ойын қатарынан ұтып, эмоционалды тұрғыда тамаша жай кешуде. Бірақ, үшінші ойын оңайға соқпасы анық. Қос команда тең түседі-ау деген топшылау басым. Дегенмен, Қазақстан футболын болжап, дәл басу өте қиын екені рас. Бұл ойын сондай ойындардың қатарына жатады. 11 гол соққан “Ертіс” ел біріншілігінде ең көп гол соққан команда. Сонысымен қоймай, олар өз қақпасына гол жібермеген. Давид Лория қақпасын әзірге аман сақтап келеді. Оның жеке рекорды қанша уақытқа дейін созылар екен?

17:00 – “Атырау” — “Ақжайық”

Бесінші турда “Ақжайық” сырт алаңда “Таразды” ұтты. Ол жай ғана бір қателіктің салдары. “Атырау” өз алаңында оралдық көршілерін жеңетін қауқарда. Никитенко өте қатал бапкер. Бұл жолы қараптан қарап ұпай бере қоймас. Команда ойынын түзеуге тырысатыны анық. Ұлан Қонысбаев пен өзге де ойыншылар жарақатынан айығып үлгерсе, “мұнайшылар” Байсуфинов командасын тығырыққа тірейді. “Атырауға” шегінерге жол жоқ. Жалғыз ұпаймен турнирлік кестенің түбінде тұр. Бұл әрине, қаржысы да, қарымы да жоғары команда үшін ұят жағдай. Бұлай жалғаса берсе Владимир Андрейұлы Никитенко өз орнынан кетіп қалуы ықтимал. Әзірге, алғашқы болып қызметінен кететін бапкерлер тізімінде Никитенко көш бастауда.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх